«Қазіргі қазақ тілі және оны оқыту әдістемесі, шағын жинақталған мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру» пәндерінен қорытынды аттестаттауға арналған емтихан сұрақтары
1- билет
1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп. Әліпбидің тарихы. ( + )
2. Қазақ тілінің заңдылықтары мен әдістемелік принциптері. ( - )
3. Морфологиялық талдау
Дәрігердің кеңесімен Меңдіқыз күнде ертемен су жағасына қыдырып қайтатын.
(Х.Есенжанов)
2- билет
1. Дыбыстардың жіктелуі. Дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі. ( + )
2. Қазақ тілін оқыту әдістері.
3. Морфологиялық талдау
Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. (А.Құнанбаев)
3- билет
1. Буын мен екпін, оның түрлері.
2. Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы «Сауат ашу» пәнінің бағдарламасы .
Сауат ашу әдістемесінің кезеңдері, әдіс-тәсілдері.
3.Синтаксистік талдау
Өнерде шәкірттік сезімін жоғалтқан адам ұстаз бола алмайды. (Ә.Кекілбаев)
4-билет
1. Үндестік заңы, буын, ерін үндестіктері.
2. Әдебиеттік оқудың мақсаты, принциптері.
3. Синтаксистік талдау
Ісім өнсін десең, өзің істейтін ісіңді басқаға тапсырма. (Д.Қонаев )
5-билет
1. Дыбыс үндестігі. Ықпал түрлері.
2. Бастауыш шағын жинақталған мектепте тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері.
3. Морфологиялық талдау
Ағаң келсе, ардақтап атын байлағандай, қонағың келсе, құрметтеп, көңілін жайлағандай тындырымды ісің болғанға не жетсін.(Әйтеке би)
6-билет
1. Қазақ тілінің орфографиялық принциптері мен орфоэпиялық нормасы.
2. Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар.
3. Лексикалық талдау
Кез келген адамның тамыры ұлттық топырақта жатуы керек.
(Т.Медетбек)
7-билет
1. Лексика .Сөздік қор мен сөздік құрам.
2. Сабақтағы кері байланыс
3. Синтаксистік талдау
Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. (Әл Фараби)
8-билет
1. Сөз мағынасы, оның түрлері. Омоним, синоним, антоним.
2. Шағын жинақталған мектеп түсінігі, ерекшелігі, белгісі.
3.Фонетикалық талдау
Ел үшін аянба-ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба- жігіттігіңе сын.
(Б.Момышұлы)
Достарыңызбен бөлісу: |