Семантика тіл білімінің бір тарауы ретінде эр түрде сипатталады



Дата06.03.2023
өлшемі24,1 Kb.
#71885
түріҚұрамы
Байланысты:
Семантика


Семантика (көне грекше:σημαντικός - танбалаушы, білдіруші) — тіл және тіл бірліктері (сөз, грамматикалық тұлға, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы білдірілетін хабарды, заттар мен құбылыстардың мән-мазмұның зерттейтін тіл білімінің саласы, семиотиканың негізгі бөлімдерінің бірі.Семантика сөз мағынасын, сөз құрамындағы элементтердің өзара мағыналық қарым-қатынасын, сөз мағынасы түрлерінің даму зандылықтарын зерттейді.
Тілдік талдау арқылы сөз құрамындағы морфемалар (түбір, аффикстер) мен синтагмалық тіркестердің Семантикасын анықтауға болады. Аффикстер білдіретін грамматикалық мағыналар екі түрге бөлінеді:

Заттық мағыналарды жинақтап, жалпы категорияларды жасайтын категориалдық мағына Категориалдық мағына "субъект — предикат", "субъект — объект", "жанды — жансыз", "белгілі — белгісіз", "іс-әрекет—жағдай" т.б. білдіретін синтаксиспен байланысты. Категориалдық мағынаның реляциялық мағынадан ерекшелігі өзара жұптық қарама-қарсы жүйеден тұратындығында.

Сөйлем құрамындағы сөздерді өзара байланыстыратын ішкі тілдік реляциялық мағына. Реляциялық мағына ұлттык тарихи ерекшелігі бар нақты тілдің морфологиясымен тығыз байланысты. Оған қиысу, менгеру, септік жүйесі т. б. жатады.

Семантика тіл білімінің бір тарауы ретінде эр түрде сипатталады.

Парадигматикалық сипатта, оған тіл жүйесінде топтасқан оппозициялық сөздер тобы: синонимдер, антонимдер, гипонимдер, паронимдер, сөздік уя сияқты лексика-семантикалық топтар және сөздердің өpic деп аталатын жалпы тобы жатады.

Синтагматикалық сипатта, оған сөйлеу кезіндегі сөздердің бір-біріне қатынасына қарай орналасуын білдіретін тобы (тіркесімділік) жатады. Бұл қатынастардың негізінде дистрибуция (дистрибутивтік талдау) жатыр.

Семантика ғылым ретінде 19 ғасырдың 2-жартысынан бері В. фон Гумбольдт идеясының негізінде X. Штейнталь, А. А. Потебня, В. Вундттың күрделі еңбектері жарық көрген сондами бастады. Бұл еңбектерде Семантиканың психологиялық және эволюциялық деп аталатын бірінші кезені айқындалған. Ол кезеннің басты ерекшелігі — онда мәдениетке кен эволюциялық көзқарас пайда болды және тіл Семантикасы халық психологиясына жақындастырылып қаралды. Семантиканың салыстырмалы-тарихи деп аталатын 2-кезеніңде ол "семасиология" деген атпен тіл білімінің жеке саласы ретінде бөлініп шықты. Бұл кезенде нақты тарихи салыстырмалы зерттеу принциптері негізінде Семантиканың тарихи зандылықтары қалыптаса бастады, салыстырмалы-тарихи көзқарас этимологиялық зерттеулерде айқын көрінді. (Э. Бенвенист, В. И. Абаев, Э. В. Севортянт. Семантиканың З-кезені 20 ғасырдың 20 жылдарынан басталады. Оған тән сипат — Семантиканың логика мен философияға жақындасып, синтаксиске бағыт алуы. Сол себепті бұл кезенді синтаксистік-семантикалық немесе логикалық-семантикалық кезең деп атауға болады. Оған тән негізгі теориялык тұжырымдар:

Шындық өмір заттардың жиынтығынан емес, онда болатын окиғалар мен фактілердің жиынтығынан тұрады деп қарау. Соған байланысты Семантиканың негізгі бөлігі заттардың атын білдіретін сөз емес, фактілер туралы айтылатын сейлем болып табылады деп қарау;

Тілдегі кейбір сөздер тілден тыс болмыспен тікелей байланысты, олар заттарды білдіретін терминдер арқылы анықталады деп қарау;

Баска мағыналарға негіз болатын бастапқы мағынаны сипаттау Семантиканың басты міндеті деп есептеу. Бұл сияқты пікірлер тілге жалпы методологиялық көзқарастан туган.



20 ғасырдың 70 жылдарынан бастап Кеңес тіл білімінде дистрибуциялық талдау сынға ұшырап, Семантикалық құбылыстар жан-жақты зерттеле бастады. Сөздің болмыстағы және тілден тыс байланыстары зерттеліп, Семантиканың шындық өмірдегі көріністерін ашуға мән берілді. Мұның өзінде негізгі бағыт абстракты немесе жекелеген сөйлемдерді емес, тілдің прагматикасын ескере отырып, сөйлеу кезіндегі, диалогтегі, мәтіндегі нақты сейлемді талдауға арналды
Түбір етістіктердің мағыналық ерекшеліктері.Тілдің сөздік қорының баюы, молаюы түрлі тәсілдер арқылы болса, солардың көне түріне семантикалық даму жатады. Семантикалық даму бойынша сөз дыбыстық, морфемдік құрамын өзгертпей-ақ бірте-бірте өзіне жаңа мағыналарды қосып отырады. Соның нәтижесінде тілде бір сөз бірнеше лексикалық мағына білдіреді, тілдегі қызметі артады. Семантикалық даму арқылы сөз саны көбеймегенімен, сөздердің мағыналық мүмкіндігі әлдеқайда өседі.
Түркі тілдерінде етістік семантикасы біршама зерттелген. Атап айтқанда, Э.Р.Тенишев (1961), Н.З.Гаджиева, А.А.Коклянова (1961), Б.И.Татаринцев (1987), И.К.Кучкартаев (1977), А.К.Алекперов (1980), А.А.Цалкаламананидзе (1973), М.Оразов (1983) т.б.Қазақ тілінде грамматикатанушы ғалымдар етістікке қатысты арнайы зерттеулер жүргізіп, монографиялар жариялаған. Етістікті әрі сөз табы ретінде, әрі мағыналық сипатын қоса талдаған зерттеулерден А.Қалыбаева (Хасенова), Ы.Е.Маманов, А.Ысқақов, Н.Оралбаева еңбектерін ерекше атаған жөн.
А.Хасенова «Қазақ тілі грамматикасында» түбір етістік дейтін межеге сыйдыруға келетін сөздерді іс-әрекет, амал, қалып процесінің динамикасын білдіруі жағынан қарастырып, оларды бірнеше лексика-семантикалық топтарға бөлуге болатынын атап көрсетеді. Ұйымдастыру, жорғала, мияула, шырылда сиқты туынды етістіктер де лексика-семантикалық топтардың құрамына енгізілген. Жұмыста басқа түркі тілдерінде қалыптаспаған жаңа үлгіде топтастыру да ұсынылған, алайда бөлудің принциптері ашып көрсетілмеген.
М.Оразов 1983 жылы «Семантика казахского глагола» тақырыбында жазылған докторлық диссертациясында етістіктің 12 лексика-семантикалық тобын көрсетеді. Ғалым етістіктерді мағыналық топтарға бөлуде сөйлесу етістіктерін семантикалық жағынан бөлгенімен, морфологиялық белгілерін де негізге алып отырған.
Ы.Мамановтың етістіктерді басты ерекшеліктері жағынан бірнеше топқа бөлуінде басқа ғалымдармен салыстырғанда алшақтықтар бар. Ғалым түбір етістіктерді семантикалық топтастырудағы ұстанған принципі Г.А.Золотова, А.В.Бондарко, З.Ахметжанованың функционалды грамматика теориясына байланысты теорияларымен үйлесіп жатыр. Әсіресе, ғалымның «негізгі түбір етістіктерді семантикалық жақтан мағыналық топтарға жіктеуге келмейді, морфологиялық және синтаксистік тәсілдерінің белсенді қатысуының арқасында ғана түбір етістіктерді мағынасына қарай бөлуге болады» деген тұжырымы қазіргі функционалды семантиканың негізгі принципі. Ы.Маманов қазақ тілінде етістікті лексика-семантикалық топтарға жіктеп көрсеткен ғалымдардың бірі. Қазіргі кезде етістіктің жекелеген лексика-семантикалық тобы арнайы зерттелуде.

Мен Алматы қаласында тұрамын. Мен- жіктеу есімдігі/ Алматы -зат есім қала -зат есім /сы -тәуелді жалғауының үшінші жағы / нда -жатыс септігі / тұрамымын- етістік

Тәрбиемен білім бір ұғым. тәрбие -зат есім / мен -шылау / білім - зат есім / бір - сан есім / ұғым -зат есім

Бірлік түбі береке – бір-лік(сын есім жасайтын жұрнақ) -түп-і (тәуелдік жалғауы зат есімге)-бер-е (көсемше етістікке жалғанса) жұрнағы -ке(барыс септігінің жалғауы)

Тіл ұлттың игілігі – тіл ұлт-тың(ілік септік жалғауы) игі-лі-гі(Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ)

Тарихи мәдени ескерткіштер – тарих-и(Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ)-мәдени-ескерт-кіш(Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ )-тер(Көптік жалғау(



Уақытта бағалай біл-уақыт-ты(Табыс септігінің жалғауы (зат есімге жалғанса) )-баға-лай -біл

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет