«Қазіргі қазақ тілі және оны оқыту әдістемесі, шағын жинақталған мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру»



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі20,89 Kb.
#13827
1   2   3   4   5
Байланысты:
КШО ГГОС Microsoft Word

21-билет

1. Шылау, оның түрлері, емлесі.

2.Шағын жинақталған мектептерде бір пәндік жүйе бойынша сабақ өткізу жолдары.

3. Синтаксистік талдау

Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек.

(Әл Фараби)



22-билет

1.Етістіктің шақтары.

2.Шағын жинақты мектепте математика пәнінен кестелік қосу және азайту әдістемесі.

3. Фонетикалық талдау



Орман ішінен жүрегіңді жалғайтын нәр таба қою оңай емес. (Қ.Қайсенов)

23-билет

1. Оқшау сөздер.(Қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай)

2. Оқу нәтижелерін бағалау түрлері.

3.Лексикалық талдау

Дүниенің көрінген сырын да, көрінбеген сырын да қатар игерген адам толық адам болады. (А.Құнанбаев)

24-билет

1. Сөз тіркесі синтаксисі, сөздердің байланысу түрлері.

2. Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерін оқыту құралдары.

3. Лексикалық талдау

Орыстың ғылымы, өнері -дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі.

(Абай)


25-билет

1 . Жай сөйлем синтаксисі. Жай сөйлемнің айтылу мақсатына, құрамына қарай түрлері.

2. «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен» жазылым дағдысын қалыптастыру жолдары

3. Морфологиялық талдау

Адамгершілікті үйрететін білім- шариғат. (Абай)

26-билет

1. Етістіктің рай категориясы.

2. Шағын жинақты мектептерде қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері.

3. Фонетикалық талдау

Ақ Жайық, бала күннен аңсарым ең... (А.Бақтыгереева)

27-билет

1. Сөйлем мүшелері.

2.Қазақ тілі сабақтарындағы пәнаралық байланыс.

3. Морфологиялық талдау

Бала ес білгеннен бері қарай әкесінің қабағын жұтаң қыста күн райын баққан кәрі бақташыдай бағып, танып өскен. (М.Әуезов)

28-билет

1.Құрмалас сөйлем, түрлері, жасалу жолдары.

2. Шағын жинақты мектептерде қазақ тілін оқытудың өзіндік ерекшеліктері.

3. Лексикалық талдау

Аз сөйлер де, көп тыңдар

Хас асылдың баласы. (М. Өтемісұлы)



29-билет

1. Салалас құрмалас сөйлем, оның түрлері.

2. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің ҚМЖ құрылымы.

3. Фонетикалық талдау

Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. (Әл Фараби)

30-билет

1. Пунктуация, оның қойылу жағдайлары.

2. Қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндерінен берілген тапсырмаларға дескриптор құрастыру.

3.Морфологиялық талдау



Білімнің бірінші пайдасы-адамның мінезін өзгертуі. ( М.Ж. Көпеев)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет