Қазақ тілі лексикологиясы қазақ тіл білімінің фонетика және грамматика салаларымен тығыз байланыста болады. Фонетикамен байланысы қандай сөз болса да дыбыс тіркесімен айтылып, белгілі бір мағынаны білдіреді. Мыс: ақ-а/қ дыбыс тіркесімен айтылып түсті білдірсе, бутақ – заттық уғымды, бес – сандық, бару-қимылдық ұғымды білдіріп тур. Сөздердің бір-бірінен ажыратылуы да фонемалардың саралап ажыратушы қызметіне байланысты. Мыс: сан, сен, бар, бер, бүр, кел, кәл, күл, кіл т.б. Тіл дыбыстары әдетте, сөз ішінде айтылады, сөзден тыс өздігінен өмір сүре алмайды
этимология
этимология
Семасиология
фразеология
лексикография
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЛЕКСИКОЛОГИЯСЫНЫҢ МЫНАДАЙ САЛАЛАРЫ БАР: :
Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Негізгі сөздік қор – бүкіл лексикалық байлықтың басты тұлғасы, негізгі ұйтқысы.
СӨЗДІК ҚҰРАМ
Қазақ тілінің негізгі сөздік қорына, мысалы, мынадай сөздер енеді. 1. Табиғат құбылыстарының атаудары : жер, су, өзен, көл, тас, жел, ай, күн, және т.б. 2. Еңбек үдерісіне байланысты сөздер: егу, ору, жырту, кесу, пісіру және т.б. 3. Еңбек құралдарының аттары: орақ, күрек, айыр, біз, пышақ және т.б. 4. Мал атаулары: жылқы, ат, байтал, құлын, өгіз, түйе, қозы және т.б. 5. Аң-құс атаулары: түлкі, қоян, қасқыр, аю, қарға, бүркіт, тауық және т.б. 6. Анатомиялық атаулар: бас, қол, аяқ, ауыз және т.б.
Негізгі сөздік қордағы сөздер сол тілде сөйлеушілердің барлығына ортақ болуы тиіс. Негізгі сөздік қор талай замандар бойында өмір сүреді де , тұрақтылық қасиетімен сипатталады. Негізгі сөздік қор уақыт өткен сайын , әрине, өзгереді, бірақ оның өзгеруі, тілдің сөздік құрамына қарағанда, баяу болады. Қоғамдық өндірістің, әлеуметтік- экономикалық қатынастардың дамуы мен материалдық және рухани мәдениеттің барлық салаларының дамуына байланысты туған жаңа заттар мен құбылыстарды және олардың ұғымдарын тілде сөзбен атаудың қажеттілігінен туынды жаңа сөздер жасалады немесе олар тілде бұрыннан бар сөздермен аталып, ол сөздердің мағыналарына туынды мағыналар қосылады. Осыдан тілдің сөздік құрамы үздіксіз дерлік толығу, даму күйінде болады.