«Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы» Мамандығы: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет26/41
Дата06.06.2022
өлшемі176,52 Kb.
#36443
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

3.Матасу. Ілік септігіндегі сөздің тәуелдік жалғауындағы сөзбен өзара байланысуы матасу деп аталады. Мысалы: Матаса байланысқан сөздердің бірінші сыңары ілік септігіндегі жеке сөзден де, бірнеше сөзден де бола береді. Осыған қарай матасу жай матасу және күрделі матасу деп бөлінеді. Бірінші сыңары ілік септігінде тұрған сөзбен байланысу жай матасу деп аталады. Мысалы: біздің колхоз; Сенің кітабың. Бірінші сыңары екі не бірнеше сөздердің өзара сатылап бір-бірімен іліктесе байланысуы күрделі матасу деп аталады. Мысалы: Менің жолдасымның дәптері. Сенің жолдасыңның сөзі. Оның жолдасының кітабы.
Кейде III жақ тәуелдік жалғаулы сөзбен байланыскан сездір ілік септік жалғауы айтылмайды. Мысалы: егіс даласы, ел байлығы. Тек біз, сіз деген есімдік ілік жалғауда жұмсалғанда, онымен байланысқан сөздердін тәуелдік жалғауы түсіп калады. Мысалы: Біздің ту, біздің қыз, біздің Отан, Біздің ел, сіздің қыз, сіздің Отан, сіздің ел, Сіздің ауыл, біздің ауыл.
4. Қабысу. Бағыныңқы сөздің басыңқы сөзбен атау тұлғада тұрып байланысуы қабысу деп аталады. Қабыса байланысқан сөздердің басыңқы сыңары көбінесе есім сөздерден, кейде етістіктерден де бола береді. Мысалы: Желсіз түнде жарық Ай (Абай), еңбекші халық, күткен күн, алтын сағат, мына кітап, жақсы оқиды, таза сөйлейді, екі келді, бір-ақ аттады.
Қабыса байланысқан сөздердін көпшілігі сөйлемде тұрақты орынға ие болады да, ол орыннан жылжытуға көне бермейді.
Қабысудың жай және күрделі түрі бар. Дара ұғымды сөздің қабыса байланысуы жай қабысу болады. Мысалы: Ағаш күрек, екі ешкі, мөлдір су, жалт қарау, т. б. Қабыса байланысқан сөз тіркесінің бағынынқы сыңары бірнеше сөзден құрылуы мүмкін. Мұны күрделі қабысу дейді. Мы­салы: төрт бөлмелі үй.
Сөздердің байланысу ыңғайына қарай қабысу тікелей қабысу және сатылай қабысу болып екіге бөлінеді.
Тікелей қабысу. Бағыныңқы сынардағы әрбір сөз басыңқы сыңармен өз бетінше байланысуға қабілетті болады. Мұны тікелей қабысу дейміз. Мысалы: Мөлдір таза ауа (мөлдір ауа, таза ауа); Ұзын сұлу кірпік (ұзын кірпік, сұлу кірпік): Айдалған тегіс жер (айдалған жер, тегіс жер); Тоқал сары сиыр (тоқал сиыр, сары сиыр), сүрленген көк жүгері (сүрленген жүгері, көк жүгері); Бұйраланған қою қара шаш (бұйраланған шаш, қою шаш, қара шаш); Аптығып тез жүру (аптығып жүру, тез жүру).
Сатылай қабысу. Алдымен екі сөз тіркесіп бір ұғымды білдіреді де, өзара жігін жазбай келесі сөзбен тіркеседі. Осы тәртіппен бірнеше сөздер ұласа ұштасып қабыса беруі мүмкін. Мұны сатылай қабысу дейміз. Мысалы: Биік өкше етікті әйел; Үш қабат үй. Бір тонна көмір; Жеті жылдық тәжірибе, Үзын бойлы жігіт; Қой көзді бала; Тез өнетін тұқым; Алтын сырғалы қыз; Қылқан жапырақ ағаш.
Тікелей кабысу - қабысудын жай түріне, сатылай қабысу - қабысудын күрделі түріне жатады. Тікелей қабысатын бағыныңкы сыңарлардың кейде орындарын ауыстыруға не арасына басқа сөз қоюға болады. Сатылы қабысуда олай емес, мұндағы сөздердің орны тұрақты бо­лады. Бағынықы сөз басыңқы сөзбен қатар тұрады. Мысалы: Үш қабат үй (қабат үш үй деуге болмайды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет