«Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы» Мамандығы: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет23/41
Дата06.06.2022
өлшемі176,52 Kb.
#36443
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

Әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.


Дәріс 14


Тақырыбы: Сөздердің байланысу амалдары мен формалары.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге сөздердің байланысу амалдары мен формаларын меңгерту.
Жоспары:
1.Сөз тіркесіне және сөйлемге тірек болатын – сөз
2.Сөздердің  байланысу тәсілдері

1.Грамматиканың синтаксис саласынын қарастыратын негізгі мәселелері: сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөз тіркесі және сөйлемдегі сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары болып саналады.


Сөз тіркесіне және сөйлемге тірек болатын - сөз. Негізінде, сөз дараланған ұғымды, лексика-грамматикалық мағынаны білдіреді. Қарым-қатынас жасау үшін ойды басқа біреуге жеткізудің негізгі формасы - сөйлем болатын болса; сөз - сөйлем құраудың материалы, ой құраудың арқауы. Кез келген сөз бір-бірімен тіркесе алмайды. Сөздердің өзара тіркесу қабілеті олардың ең басты мағыналық-грамматикалық ерекшелігінің бірінен саналады.
Өзара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп танудың басты белгілері мыналар: 1. Сөз тіркесінің  құрамында толық мағынасы бар кемінде екі сөз болады; 2. сөз тіркесінің құрамындағы сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Толық мағыналы, кем дегенде екі сөздің өзара әрі тұлғалық жағынан, әрі мағыналық жағынан байланысуын сөз тіркесі деп атайды.
Сөйлем ішіндегі сөздер бір-бірімен түрліше байланысып отырады. Соған қарай сөз тіркесінің түрлері де көп. Мысалы: Жаздың көркі енеді жыл құсымен, Жайрандасып жас күлер құрбысымен (Абай) деген сөйлемде мынандай сөз тіркестері бар: жаздың көркі, жыл құсымен енеді, жайраңдасып күлер, құрбысымен жайраңдасып. Осылардын бәрі — сөйлемнің модельдері, ал сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары - сөз тіркестерінін аса қажетті бөлшектері - оларсыз сөз тіркестері құрылмайтын модельдер деп есептеледі. Басыңқы сынарлары сөз тіркестерінік мағыналық тіректері, діңгекті таянышы болғанмен, сөз тіркесін құрауда бағыныңқы сынарлардың синтаксистік қызметі ерекше деп танылады.
Сөздердің тіркесуі екі турлі болады: бірі - тұрақты сөз тіркесі, екіншісі - еркін сөз тіркесі. Идиомалық, фразалық тіркестер еркін сөз тіркесіне емес, тұрақты сөз тіркестеріне жатады.
Неше сөзден тұрса да, еркін сөз тіркесі екі сыңардан тұрады. Бір сыңардың қызметін жеке сөз атқаруы да (жаздың, жыл) бірнеше сөз атқаруы да (жайраңдасып күлер, құрбысымен жайраңдасып, жыл құсымен енуі мүмкін.
Осыған байланысты сөз тіркестері құрамына қарай: жай сөз тіркесі және күрделі сөз тіркесі балып екі түрге бөлінеді.
Құрамы екі сөзден тұратын сөз тіркесін жай сөз тіркесі деп атайды. Мысалы: ақылды жігіт, кең дала, мазмұнды әңгіме т. б.
Құрамы үш не одан көп сөзден тұратын сөз тіркесін күрделі сөз тіркесі деп атайды. Мысалы: он шақты кітап, тақтаға жақындай түсу. Алматы қаласында тұру, ойда жоқта кез болу т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет