Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы, айырмашылығын Т кестесіне салып, мысалмен дәйектеңіз



бет12/61
Дата19.12.2023
өлшемі362,19 Kb.
#141035
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан-emirsaba.org

18. Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы, айырмашылығын Т кестесіне салып, мысалмен дәйектеңіз.
Т кестесі:Т уксас бир жағына кеңейуі екінші жағына тарылуы


Сөз мағынасының кеңеюі


Сөз мағынасының таралуы

Сөз мағынасының кеңеюі деп сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуын айтамыз. Ол негізінде метафоралық, метонимиялық, синекдохалық тәсілдер арқылы іске асады. Осы күні жиі айтылатын, қарау, табыс, жарыс, құрылыс, қатынас, байланыс, жұрнақ, жалғау, тасымал, айналым, құн т.б. бәрі де халықтық бұрынғы мағынасының негізінде жаңа мағынаға ие болған сөздер.


(Сөз мағынасының кеңеюі – сөз тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынаның үстіне жаңа мағынаның жамалуы: құн, талқы)

Сөз мағынасының тарылуы тарихи, қоғамдық, әлеуметтік, т.б. жағдайларға байланысты сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуын білдіреді. Мысалы; көне түркі тілінде тары - тек «дәнді дақылдардың бір түрін емес», егін, астық, атаулыны білдірген. Тон-тек «қой терісінен тігілген киімді» ғана емес, жалпы киім атаулыны білдірген. Қол-адамның дене мүшесі ұғымымен бірге, тарихи «әскер, жасақ» ұғымында да қолданылған. Қарындас – көне түркі тілінде, ежелгі қазақ тілінде , қазіргі кейбір түркі тілдерінде : «туысқан, бір тектес адамдар» мәнін білдірсе, қазіргі қазақ тілінде «бірге туған кіші қыздың ағасына туыстық қатынасың болмаса», «жасы үлкен ер адамның әйел балаға айтылатын сөзін» білдіріп, мағынасы тарылған. Бірқатар сөздердің қолданылу өрісі, мағынасы тарылғаны соншалық, олар тек бірен–саран фразеологиялық тіркестерде ғана сақталып қалған; міз бақпау, түлен түрту, қаншырдай қату, мұрны қолақпандай т.б.


(Сөз мағынасының тарылуы – тарихи, әлеуметтік, қоғамдық жағдайларға қара сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуы: (қарындас, жесір).)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет