Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары



бет10/61
Дата19.12.2023
өлшемі362,19 Kb.
#141035
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан-emirsaba.org

Атауыштық( номинативт)мағына– сөздің жеке тұрғандағы немесе еркін тіркес құрамындағы мағынасы фразеологиялық байлаулы мағына– тек тіркес құрамында айқындалады синтаксистік шартты мағына– тек сөйлем ішінде айқындалады
Денатот деп– белгілі бір сөзді айтқанда, ойымызға оралатын зат (құбылыс) немесе оның ерекше белгілері.
Сигнификаттық мағына деп абстракті, дерексіз ойлау негізінде пайда болатын мағынаны айтамыз. Сигнификативтік мағына сөзді ұғыммен, оймен байланыстырады.Сөздердің логикалық ұғымын, семантикалық, синтаксистік, тіркесімдлік қабілетін анықтаушы тілдік мағына Синтагмалық мағына деп аталады..
14.Сөздіңшығутегінебайланыстытуғанлексикалықмағыналарынқарастыруқажеттігіндәйектеңіз.
Сөздің шығу тегіне байланысты туған лексикалық мағыналарға сөздің түпкі мағынасы, туынды мағынасы және синонимдік, омонимдік, антонимдік мағыналар жатады. Түпкі мағына деп тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарағанда ары қарай бөлшектеуге келмейтін түбір ретінде танылатын дербес сөздердің мағынасын айтамыз. Түпкі мағыналардың пайда болу себебі көп жағдайда белгісіз болып келеді: күн, таң, жаңбыр, өзен, бар, кел. Туынды мағына – басқа бір мағынаның қатысымен туған, пайда болу уәжін түсіндіруге болатын сөздің кейінгі мағынасы болып табылады. Туынды мағына өзін тудырған сөздің алғашқы мағынасымен семантикалық байланысын үзбейді. Мысалы, бу деген түбірден була, булағыш, буландырғыш, булы, булық деген сөздер туындаған. Синонимдік мағына - екі не одан да көп әр түрлі сөз мағыналарының бір-біріне жақындығынан туған (ес-ақыл, жынды – нақұрыс); омонимдік мағына - іштей мағыналық байланысы жоқ бірнеше сөздің бірдей тұлғада көрінуіне бақыр (шелек) - бақыр (ұсақ ақша), от (жалын) – от (жердің шөбі); антонимдік мағына - бір деңгейдегі әр түрлі сөз мағыналарының бір-біріне кереғарлығынан туған мағына (келу – кету, қатты - жұмсақ).
15. Сөздердіңтіркесусипатынабайланыстытуғанлексикалықмағыналары, жасалужолдарынмысалдармендәйектеңіз.
Оларға сөздердің еркін және байлаулы (еркін емес) мағыналары жатады. Сөздің еркін мағынасы оның атауыш (тура) мағынасының негізінде пайда болады. Атауыш (тура) мағынадағы сөздердің басқа сөздермен тіркесімділігі кең болған жағдайда туатын мағынасы еркін мағына деп аталады. Мысалы, жас сын есімі жас адам, жас мал, жас ағаш, жас бала, жас иіс, жас ет т.б; Байлаулы мағынадағы сөздер шындық болмыстағы заттармен тікелей емес, жанама түрде байланысады. Байлаулы мағынаға әдетте фразеологизмдердің мағынасы жатқызылады, шын мәнінде синтаксистік шартты мағынада да белгілі дәрежеде байлаулы сипат бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет