Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Неологизмдер. Жаңа атаулардың қалыптасу, жасалу ерекшеліктерін концептуалдық кестеге түсіріңіз, мысалдармен сипаттама беріңіз



бет59/61
Дата19.12.2023
өлшемі362,19 Kb.
#141035
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан-emirsaba.org

75. Неологизмдер. Жаңа атаулардың қалыптасу, жасалу ерекшеліктерін концептуалдық кестеге түсіріңіз, мысалдармен сипаттама беріңіз.
Неологизмдер дегеніміз – тілде қоғамның және түсініктердің дамуына байланысты пайда болған жана сөздер жиынтығы. Осы неологизмдердіаудару технологиясы аударма тәжірибесінде өте маңызды мәселе болып табылады. Кейде белгілі бір сөздерді неологизмдер қатарына жатқызу уақыт талабына, қоғамның, ғылымның, техниканың және де әрине тілдің дамуына байланысты болады. Мысалы 100 жыл бұрын неологизмдер деп саналған самолет – ұшақ, летчик – ұшқыш сөздері және 50 жыл бұрын неологизм атанған телеведение – теледидар сөзі қазіргі таңда неологизмдер емес.
Сөздік қорға жаңадан енген сөздер неологизмдер деп аталады. Олардың тууына 2 түрлі себеп бар:
1. қоғамның дамуына байланысты енген жаңа ұғымдардың атаулары
2. Тілімізде бұрыннан қалыптасқан кірме сөздердің орнына жаңа аталымдар қолданылады



1) Бұрын-соңды тілде болып көрмеген, жаңа ұғымдардың пайда болуымен байланысты. 

Мысалы, революция, колхоз, совхоз, кино,театр,телевизор, спутник, ракетчик, бригада, фермер т. б.




2) Бұрыннан тілде бар атауларды жаңартып, ескіні жаңғыртып, жаңаша мән беріп, түрлендіріп қолдану негізінде пайда болады. 

Неологизмдердің ұлттық тілдің байып, дамуы үшін, оның жаңа мағыналы сөздермен толықтырылып отыруы үшін мәні зор




76. Диалектілік лексиканың зерттелуіне хронологиялық шолу жасаңыз. Аймақтық ерекшеліктерін концептуалдық кестеге салыңыз.
Диалектілік лексика ұлттық тілдің бір тармағы болғандықтан, оның басқа тармақтары сияқты көлемдік жағынан да, мағыналық жағынан да дамуға, азды-көпті өзгеруге тиіс, бұл – оның ұлттық әдеби тілмен қатар күнделікті қарым-қатынас құралы қызметінің нәтижесі. Диалектілік лексика да тілге тән заңдылықтар, сөзжасам заңдылықтары арқылы әр кезеңде толығып, жетіліп, байып отырады, оның құрамынан әр дәуірде пайда болған сөздерді көру қиын емес. Мысалы, бітпе – көне жазу, бедізші - тасқа қашап жазушы, аңсыз – ақылсыз, аңғар, аңғарлау – зейін, сезімге байланысты сөздер, аңғарлау - байқау тәрізді сөздер түбірлерін көне түркі ескерткіштері дәуірлерінен алса, абылау – аң аулау, әздік – ыңғайлы, лайықты, күндікшілік – жалданып істейтін жұмыс сияқты сөздер М.Қашқари т.б. сөздіктер, көне жазулар заманынан, ағаш тіс – ағаш соқа, бір мойын жер -гектардың ширегі, көмбе - тапа/таба сөздері халықтың отырықшылыққа ауыса бастау кезеңін, бақпа – бала бақша, жаншы – тыңшы, жар газет – қабырға газеті сөздері этнос тарихындағы елеулі өзгеріс, үлкен оқиғалар сарынын сездіреді, сөйтіп, сөзжасам тарихы диалектілік лексика үшін де адам танымының жетіліп, айнала қоршаған ортаны танып, оған ат қойып таңбалай бастаған кезеңдерінің бәрінде ізі қалған көне де күрделі құбылыс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет