13.Сөздіңлексикалықмағынасыныңнегізгітиптерініңжіктелуінкөрсетеотырып, мысалдармендәйектеңіз. Сөз мағынасы таным қағидасымен (теориясымен) тікелей байланысты. Адам затты, құбылысты қаншалықты жақсы таныса, сол затты, құбылысты белгілейтін сөздердің мағыналарын соншалықты анық, айқын біледі. Семасиологиялық зерттеулердің ең бірінші қарастыратын мәселесі – сөз мағынасы. Тіл білімінде лексикалық және грамматикалық мағыналардың бар екендігі, олар тығыз байланыста болып, өзіндік белгілерге де ие болатындығы әбден дәлелденген. Түбірлер – заттық мағынаны білдіріп, негізгі лексикалық мағынаға ие болса, аффикстер – грамматикалық мағынаны құрайды. Сөздің жеке тұрғандағы немесе сөйлем құрамында келгендегі білдіретін ұғымдық бейнесін – лексикалық мағына дейміз. Академик В.Виноградов сөздің лексикалық мағынасының 3 түрін көрсетеді: Атауыштық( номинативт)мағына– сөздің жеке тұрғандағы немесе еркін тіркес құрамындағы мағынасы фразеологиялық байлаулы мағына– тек тіркес құрамында айқындалады синтаксистік шартты мағына– тек сөйлем ішінде айқындалады
Денатот деп– белгілі бір сөзді айтқанда, ойымызға оралатын зат (құбылыс) немесе оның ерекше белгілері.
Сигнификаттық мағынадеп абстракті, дерексіз ойлау негізінде пайда болатын мағынаны айтамыз. Сигнификативтік мағына сөзді ұғыммен, оймен байланыстырады.Сөздердің логикалық ұғымын, семантикалық, синтаксистік, тіркесімдлік қабілетін анықтаушы тілдік мағына Синтагмалық мағынадеп аталады.. 14.Сөздіңшығутегінебайланыстытуғанлексикалықмағыналарынқарастыруқажеттігіндәйектеңіз. Сөздің шығу тегіне байланысты туған лексикалық мағыналарға сөздің түпкі мағынасы, туынды мағынасы және синонимдік, омонимдік, антонимдік мағыналар жатады.Түпкі мағына деп тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарағанда ары қарай бөлшектеуге келмейтін түбір ретінде танылатын дербес сөздердің мағынасын айтамыз. Түпкі мағыналардың пайда болу себебі көп жағдайда белгісіз болып келеді: күн, таң, жаңбыр, өзен, бар, кел. Туынды мағына– басқа бір мағынаның қатысымен туған, пайда болу уәжін түсіндіруге болатын сөздің кейінгі мағынасы болып табылады. Туынды мағына өзін тудырған сөздің алғашқы мағынасымен семантикалық байланысын үзбейді. Мысалы, бу деген түбірден була, булағыш, буландырғыш, булы, булық деген сөздер туындаған.Синонимдік мағына - екі не одан да көп әр түрлі сөз мағыналарының бір-біріне жақындығынан туған (ес-ақыл, жынды – нақұрыс);омонимдік мағына - іштей мағыналық байланысы жоқ бірнеше сөздің бірдей тұлғада көрінуіне бақыр (шелек) - бақыр (ұсақ ақша), от (жалын) – от (жердің шөбі); антонимдік мағына - бір деңгейдегі әр түрлі сөз мағыналарының бір-біріне кереғарлығынан туған мағына (келу – кету, қатты - жұмсақ).