Н.Сазонов «Записки по грамматике киргизского языка»
Қазақ тіл білімінің зерттелуіне үлесін қосқан ғалымдар
Ғалым
Еңбегі
А.Байтұрсынов
«Тіл құрал» 1914 ж. Орынбор қаласында басылып шықты. «Сөз басы» деп аталатын бөлімінде қазақ тілінің ерекшелігі және оның түркі тілдерінің құрамдас бөлігі екені сөз етіледі. А.Байтұрсынов – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының терминологиялық жүйесін, қазақ тілінің тарихы мен бүгінгі күйін, қоғамда алатын орнын, түркі тілдерінің ішіндегі даму ерекшеліктерін, әліпби-емлесін, тілдің әлеуметтік сипатын ашып көрсетті,
Қ.Жұбанов
Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасуына зор еңбек еткен. Ғалымның еңбектерінде жалпы тіл білімі, түркология, түркі тілдерінің тарихы, бүгінгі жағдайы қарастырылды. «Қазақ тілінің ғылыми грамматикасының материалдары», «Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен материалдар», т.б. ғылыми жұмыстары қазақ тіл білімін қалыптастыруға үлес қосты.
С.Аманжолов
Қазақ тілінің тарихын зерттеу барысында диалектілік даму ерекшеліктеріне назар аударды. «Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері» атты докторлық диссертациясында қазақ халқының әдеби тілі мен қазақ тілінің диалектерінің арасындағы ара – қатынас, диалектілердің қалыптасу тарихын, дамуын қарастырды.
М.Балақаев
Ғалым «Қазақ әдеби тілі және оның нормалары» атты еңбегінде әдеби тілдің мәселелері және зерттелу тарихы жайлы жазды.
Р.Сыздықова
Академик қазақ әдеби тілінің тарихын, ХV – ХІХ ғасырлардағы ақын – жыраулар поэзиясының тілін, ортағасырлық жазба ескерткіштердің, атап айтқанда Жалайирдің «Жамиғ-ат – тауарих» еңбегінің лексика –грамматикалық құрылымы мен текстологиясын зерттеуде іргелі нәтижелерге қол жеткізді.
Жалпыы нақты жауапдеп ойлаймын: ХХ ғасырдағы қазақ тіл білімінің даму жолын былайша жүйелеуге болады: ХХ ғасыр басындағы репрессияға дейінгі алаш зиялылары қалыптастырған қазақ тілі ғылымы; 40-60 жылдардағы жаңа жазу, жаңа саясат үлгісінде формальды бағытта жазылған қазақ тіл білімі; 60-80 жылдардағы қазақ тіл білімінің диахрониялық-синхрониялық бағыты; Қазіргі қазақ тіл білімі: лингвомәдени бағыт. Үстіміздегі ХХІ ғасырдағы қазақ тіл білімінің даму жолы мен бағытбағдарын айқындау үшін, өткенге көз жіберіп, оның бары мен нарын бағалау парыз да, алдағы уақыттағы ғылыми бағытты жүйелей барлау қажет.