58. Қазақ лексикографиясының зерттелуі бойынша хронологиялық карта жасаңыз. Қай тілде болмасын онда қолданылатын сөздерді, яғни лексиканы реттеп отыратын тіл білімінің саласы лексикография болып саналады.
Қазақ тілінің тарихи лексикографиясы – мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілінің тарихи негіздерін танытуға қызмет ететін ғылым саласы.
Тарихи лексикография саласының ғылыми негізде дамуы үшін қажетті алғышарттардың бірі – Отандық және әлемдік лексикографияның озық тәжірибелерін, лексикографияның теориялық тұжырымдарын ескере отырып, тарихи бағыттағы сөздіктердің жасалу ұстанымдарын анықтау.
Сөздік – бөлшіктерден тұратын, бөлікке бөліп қабылдауды талап ететін жүйелі, күрделі құрылымды шығарма.
Лексикографияның дамуына әр дәуірдің философиялық консепциялары да әсер етіп отырды. ХIХ ғасырдағы эволюционистік теория түсіндірме сөздіктердегі тарихи аспектіні бекіте түсіп, тарихи тіл білімінің гүлденуіне ықпал етті. ХХ ғасырда лексикография лексикология, тіл тарихы, сөзжасам, стилистика саласындағы лингвистикалық зерттеулер үшін жаңа мәнге ие болып,этимологиялық, тарихи, жиілік сөзіктердің, жазушы тілі т.б. сөздіктердің жасалуымен сипатталды.
Қазақ лексикографиясының қалыптасу мен зерттелу тарихына көз жіберсек, онда ең алдымен ауызға ілінер еңбек М. Қашқаридың ХІ ғасырда жазылған «Түркі тілдерінің сөздігі» тілге оралады.
Аталған сөздік жалпы түркі тілдеріне оның қолданылатын сөздеріне арналса да бір сыпыра сөздер қазақ тіліне тән болып келеді. Соңғы кезде М: Қашқаридың жоғарыда көрсетілген еңбегіндегі мақал-мәтелдерді талқыласақ, көптеген мақал-мәтелдер қазақ тілінің сөздік құрамында бар екендігі байқалады. Лексикограффияға байланысты екінші бір еңбек ХІҮ ғасырда жазылған В.В. Радлов сөзі болып есептеледі. Аталған сөздіктер негізінен түркі тілдеріне қатысты болса да қазақ тіліне де тән сөздер аз емес сол сияқты «Кодекс-куманикус» атты сөздікті атап өтуге болады. Аталған сөздік туралы сөздікті профессор Ә. Құрысжанов жазды. Бұл еңбекте көрсетілген бір сыпыра сөздер тек қана құман халқының сөздерін ғана емес жалпы түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне де ортақ сөздердің бар екендігі жан-жақты баяндалған.
Теориялық лексикография ғылым ретінде ХХғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Сөздіктердің бірінші ғылыми типологиясын,бірінші теориялық жіктелімін 1940 жылы кеңес ғалымы Л. В. Щерба «Опыт общей теории лексикографии» атты еңбегінде жасады.
Лексикографиялық еңбектердің ақпараттық мәліметі мол және мәдени құндылығы жоғары болады. Лексикография пәні сөздіктер жасаудың теориясы және практикасымен айналысады. Практикалық лексикография тілді ғылыми тұрғыдан зерттеп, қоғамдық маңызды қызметтер атқарды. Теориялық лексикография сөздіктің макроқұрылымын (лексиканы сұрыптау, сөзтізбенің көлемі мен сипаты, материалдарды орналастыру қағидалары) және микроқұрылымы (сөздік мақаланың құрылымы, сөздік анықтаманың түрлері, сөз туралы әртүрлі ақпараттардың қатысы, тілдік деректеме материалдардың түрлері т.б.) зерттеу, сөздіктердің типологиясын жасау, лексикография тарихын зерделеу тәрізді кешенді мәселелерді қамтиды. Лексикографияның нәтижелерін көптеген ғылым салалары пайдаланады. Әрбір сөздік мақаладағы ақпарат үлкен зерттеу жұмысының нәтижесі болып табылады. Лексикограф оқулықтың авторы секілді өз атынан сөйлемейді, ол қоғам мен жеке адам арасын жалғастырушы, яғни тілдің ұжымдық жеткізушісі. Лексикограф – ұжымдық білімді жеткізуші кәсіби маман.