Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Фразеологизмдердің басты белгілері мен түрлеріне сипаттама жасаңыз, концептуалды кестеге түсіріңіз. Мысалдармен дәйектеңіз



бет53/60
Дата15.02.2023
өлшемі259,24 Kb.
#68253
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60
69. Фразеологизмдердің басты белгілері мен түрлеріне сипаттама жасаңыз, концептуалды кестеге түсіріңіз. Мысалдармен дәйектеңіз.

Фразеологизм дегеніміз – тұрақты сөз тіркесі. Ол екі немесе одан да көп сөздердің тұрақты түрде тіркесуі арқылы жасалып, ауыспалы, бейнелі мағынаны білдіретін сөз тіркестері болып табылады.

Ғылыми еңбектерде фразеологизмдерге үш түрлі белгі тән екендігі айтылған:

  1. тіркес тұрақтылығы;

  2. мағына тұтастығы;

  3. қолдану тиянақтылығы. 

Фразеологизмдер қолданыста дайын күйінде жұмсалады. Тіркес құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, фразеологиялық мағына сол сөздердің жалпы жиынтығынан келіп шығады. Сөйтеді де бір ғана мағынаны білдіреді.
Мысалы, төбе шашы тік тұру – қорқу деген мағына білдіреді. Бұл тұрақты сөз тіркесі ретінде бір мағынада қолданылады, сөздердің орнын ауыстыра алмаймыз, үнемі бірге жүреді. 

Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз тіркесімен салыстырғанда айқын байқалады.Оның сыртқы құрылым- құрылысы еркін тіркеске ұқсағанымен сөйлем ішінде қолданғанда біртұтас даяр күйінде жұмсалады. Ешкімнің ырқына көнбей, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде қызмет етеді де,сол қалпында сөйлемнің құрылымына енеді.Демек, фразеологизмдердің даяр қалпын сақтай отырып қолданылуы оның еркін сөз тіркестерінен ерекшелігін білдіретін белгілердің бірі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет