«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы»



бет5/10
Дата25.04.2023
өлшемі79,27 Kb.
#86518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
О.Бөкей шығармаларындағы тіркескен ұғым атауларының сипаты (5) (1) (копия) (копия)

2.2 О.Бөкей шығармаларындағы тіркескен ұғым атауларының сипаты

Зерттеу жұмысының басты зерттеу нысаны – бұл Оралхан Бөкейдің шығармаларындағы тіркескен ұғым атаулары. Осы бөлімде сол сол шығармаларындағы сөз тіркестерге құрылымдық және лексика-семантикалық талдау жұмыстарын жүргізіп өтсек.


Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным?» деп аталатын повесіндегі қолданылған бірнеше сөз тіркесіне лексика-семантикалық талдау жұмысын жүргізіп өтсем. Лексикалық мәнін ашуға тырысқандықтан, кейбір атауаларды «Қазақ тілінің түсіндірмелі» сөздігінен қарап, сол арқылы мағынасын ашуға тырыстым. Соларды төменде ұсынып отырмын.
Шығар күнді маңдайға ала – бұл тіркесте шығыстан енді шығып күнді бағыттап, күнге қарсы жүрді деген мағынада.
Атқа қонды – ауыспалы түрде атқа отырды деген мағынаны білдіреді.
Уыз ұйқысынан ояна қойған жоқ – жалпы уыз дегеніміз төлдеген малдың алғашқы күндердегі қоймалжың қою сүті [17,85]. Яғни бұл тіркесте ауыспалы түрде таңғы уақыттағы тәтті ұйқы деген мағынада қолданған.
Өлі тыныштық ұйыған – яғни тірі жанның дыбысы білінбейтін тым-тырыс ауылды суреттеуде осы тіркесті қолданған.
Тірлігінен қаперсіз. Қаперсіз – бейқам, қамсыз; жайбарақат [17,475]. Яғни сол күні қандай оқиғалар болатынан бейхабар деген мағынада.
Жалмаң-жалмаң күйсеу – малдың тынымсыз, дамылсыз күйіс қайырғанын суреттеген.
Керги керіліп. Кергі – қыңыраю, бұлдану, бәлдену [17,386]. Жануардың мінезін, сол сәттегі кейпін сипаттау үшін қолданған.
Көзі тым алайыңқы. Аларыңқы – алайған, алайғандау [17,38]. Жылқының көзін сипттап тұр.
Алқымын көбік қақтанған ат. Алқым – жан-жануардың, адамның тамағының алдыңғы жағы. Күні бойы шауып, аузынан аққан көбігі алқымына ағып, сол жерде кеуіп қалған. Жылқы жануарын суреттеуде қолданған.
Жыбырлап қоныс тіккен. Жыпырла – қаптау, быжынау, құжынау [17, 334]. Қоныс тепкен – орналасқан. Тау баурайында жағалай орналасқан көп үйлер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет