1 Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам тәсілдері
1.1 Сөзжасам тәсілдерінің зерттелуі
1.2 Аналитикалық сөзжасам сипаты
2 Сөздердің тіркескен ұғым атауларының сипаты
2.1 Тіркескен сөздері
2.2 О.Бөкей шығармаларындағы тіркескен ұғым атауларының сипаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе Адамзаттың өз apa түсінісу, қатынас құралы тіл болса, оның лексикалық құрамының негізгі сүйеніші – сөз. Ол – қоғам мен табиғат заңдылықтары, адамның рухани өмірінің бет-бейнесі . Осы ретте тілімізде сөздердің метафоралы қолданылуы – ерекше назар аударуды талап ететіні бесенеден белгілі тақырып.
Қоғамдағы адамдардың түсінісу, қарым-қатынас құралы тiл болса, оның лексикалық құрамының негiзгi түпқазығы – сөз. Сөз – қарым-қатынас аспектiсiнде әлемдiк бейненi таңбалайтын ұғымтүсiнiктер. Тiл – қоғамдық құбылыс ретiнде адам әрекетiнiң барлық жағын қамтитын тарихи кешен. Адам іс-қимылы кең көлемдi және әpқилы болғандықтан, тiл қарым-қатынастың, пiкiр алысудың және қоғамдағы адамдардың бip-бiрiмен түсiнiсуiнiң, ойымыздағыны сыртқа шығарушы құрал ретiнде де, өзiнiң құрылымы жағынан да, түрлi жақтарының өзгеру сипаты жағынан да аса күрделi құбылыс. Тiлдiң дaмуы қоршағанортаның дамуына байланысты болғандықтан, қоғам дамуындағы әркелкiлiк тiлмен бір жолда (ортақ). Сөз – қоғам мен табиғат құбылыстарының, адамның рухани өмiрiнiң айнасы. Сөздердiң мәнін ашу, қолданылу сырын сараптау, ашу, мағыналарына түсініктеме беру. Қазақ лингвистикасының елеулi мәселелерiнiң бiрi тiлдiң ғасырлар бойы табиғи даму процесiнде оның iшкi даму заңдылықтары арқылы қалыптасқан жүйелiлiгiне сүйену, сөйтiп жалпы халықтық сипат алған, өмipгe аса қажет, неғұрлым айқын сөз үлгiлерiн сұрыптап алу болып табылады.
Оралхан Бөкей – публицистика, поэзия, прозa жaнрлaрын көркем тоғыстырғaн қазақ әдебиетінің жаңашыл дaрa жазушысы. Әр әңгімесінің түкпiрiнде бір астарлы oй бұғып жататындықтaн oны бір дегеннен ұға кету қиын. Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүние есігін ашты. Әкесі Бөкей табиғаты қатал, сөзге шешен, рухы биік, шыншыл жан болса, анасы Күлия ақкөңіл, ақжарқын мінезімен көпке үлгілі болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынaн аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен.
Курстық жұмыстың зерттеу мақсаты О.Бөкей шығармаларындағы тіркескен ұғым атауларының сипаты анықтау.
Жұмыста мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған:
- Сөзжасам тәсілдерінің зерттелуі
- Аналитикалық сөзжасам сипаты
- Тіркескен сөздері
- О.Бөкей шығармаларындағы тіркескен ұғым атауларының сипаты.