«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



бет11/22
Дата02.03.2023
өлшемі351,5 Kb.
#71095
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
«?àç³ðã³ ?àçà? ò³ë³í³? ìîðôîëîãèÿñû»

Бақылау сұрақтары:
1. Сын есімнің семантикалық топтары қандай?
2. Сын есімнің морфемалық құрамы неден тұрады?
3. Сын есімдердің жасалу жолдары қандай?
4. Шырайдың қандай түрлері бар?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.
2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А., 2007.

11 дәріс тақырыбы: Сан есімдер және олардың лексика-грамматикалық сипаты


1. Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешелігі.


2. Сан есімнің морфологиялық өзгешелігі.
3. Сан есімнің синтаксистік өзгешелігі.


Сан есімдер-сандық ұғымды білдіретін, есімдер тобына жататын сөз табы. Сан есімдер заттың саңдық белгісін білдіретін болғандықтан, ол белгіні білдіретін сөздер тобына жатады. Бұл тұрғыдан сан есім сын есімге жақын, өйткені сын есім де заттың белгісін білдіретін сөз табы. Бірақ сан есім заттың сандық белгісін білдірсе, сын есім заттың сындық белгісін білдіреді.
Сан есім сөздер тілде екі түрлі жазылады, олар әріппен де, цифрмен де жазылады. Бұл- сан есімнің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшелігі, жоғарыда келтірілген сөздерде бұл белгі жоқ.
Сөз табы ұстанымдары тұрғысынан алғанда, сан есімнің өзіне тән семантикалық мағынасы бар, яғни олар - сандық ұғымды білдіретін сөздер. Шындық өмірде заттар өте көп, зат болған жерде заттың саны да болады. Ол жанды затқа да, жансыз затқа да қатысты. Сондықтан сан есім сөздер затты талғамай тіркеседі, сан есім зат атауының алдынан тіркесіп, оның санын білдіреді. Сан есім зат есіммен ешбір қосымшасыз орын арқылы ғана байланысады.
Сөздерді таптастырудың екінші ұстанымы- сөз табының морфологиялық белгісі. Бұл көбіне сөз табының сөздерді түрлеңдіру жүйесіне қатысты екені белгілі. Сан есімнің өзіне тән грамматикалық категориясы, яғни түрлендіру жүйесі жоқ. Бұл ерекшелік басқа да бірнеше сөз табына қатысты. Сондықтан ол сан есімнің сөз табы ретінде танылуына кедергі бола алмайды. Сан есім морфологиялық көрсеткішке кедей сөз табы болғанымен, оның мағыналық топтарының жекелеген қосымшалары бар. Олар реттік санның -ншы, -нші, -ыншы, -інші жүрнағы мен жинақтау санның -ау, -еу жұрнақтары.
Сөздерді топтастырудың үшінші ұстанымы – сөз табының негізгі синтаксистік қызметі болуы. Бүл үстанымға сан есімнің анықтауыштық қызметі жауап береді. Сан есім түрлі морфемдік құрамда қолданылады. Қүрамына қарай сан есімдер дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Дара сан есімдер бір негізгі морфемадан тұрып, сандық ұғымды атайды.
Күрделі сандар сан есімде өте көп, оның санын көрсету де мүмкін емес. Күрделі сандар ешқандай қосымшаның көмегінсіз бір сан мен екінші санның тіркесуі арқылы жасалып, үшінші санның атын жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет