«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



бет13/22
Дата02.03.2023
өлшемі351,5 Kb.
#71095
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Бақылау сұрақтары:
1. Есімдіктің өзіндік негізгі ерекшелігі қандай?
2. Есімдіктің қандай түрлері бар?
3.Есімдік сөйлемде қаңдай қызмет заттарға атқарады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.
2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: 2007

13 дәріс тақырыбы: Етістік, оның лексика-cемантикалық сипаты, морфологиялық құрамы. Етістік және олардың категориялары мен синтаксистік қызметі





  1. Етістіктің лексика-семантикалық жағынан алуан түрлігі

  2. Негізгі түбір етістіктер.Туынды түбір етістіктер

  3. Күрделі етістіктер

  4. Негізгі және көмекші етістіктер

  5. Аналитикалық форманттар, олардың мағыналары, құрылымы

  6. Салттылық және сабақтылық категориясы

  7. Етіс түрлері, ол жөніндегі зерттелу мен оқулықтардағы ой-пікірлері

  8. Етістіктің болымды-болымсыз категориясы

Етістік- сөз таптарының ішіндегі құрамы жағынан да, грамматикалық қүрылымы жағы нан да ең күрделі сөз табы.
Етістік деп заттардың қимыл-әрекетін білдіретін сөз табы аталады. Етістіктің жалпы қимыл ұғымын білдіруі сөздерді таптастырудың 1-ұстанымына жауап береді.
Етістіктің қимыл атауы, есімше, көсемше түрлері, салт, сабақты етістікке бөлінуі де етістікті басқа сөз табынан ажырататын белгілеріне жатады. Өйткені ол мәселелер басқа сөз табында жоқ.
Етістік басқа сөз таптарынан мағынасы жағынан ғана емес, өте күрделі грамматикалық құрылымы арқылы да ерекшеленген. Етістіктің грамматикалық категориялары ешбір сөз табында жоқ және олар өте күрделі, етістік грамматикалық категорияларға өте бай. Әр грамматикалық категориялардың өз мағынасы, өз көрсеткіштері тілде қалыптасып, әбден орныққан. Мәселен, етістіктің болымдылық, болымсыздык категориясы, қимылдың өту сипаты категориясы, модальдық, рай категориясы, шақ, жақ категориясы басқа ешбір сөз табында жоқ. Сондықтан ол грамматикалық көрсеткіштер етістіктің морфологиялық көрсеткіштері болып саналады. Бұл етістіктің сөздерді таптастыру теориясының 2-ұстанымына жауап беретінін дәлелдейді. Сонымен бірге, етістіктің өзіне тән сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі бар. Ол- сөйлемнің баяндауыш мүшесі қызметін атқарады. Етістіктің ішінде баяңдауыш қызметін атқара алмайтын бірде-бір етістік жоқ. Сондықтан баяндауыш- етістіктің негізгі синтаксистік қызметі. Ол сөздерді таптастырудың 3-ұстанымына етістіктің жауап беретінін білдіреді. Бұл етістіктің жалғыз синтаксистік қызметі емес, етістік пысықтауыш қызметін де атқарады.
Тілдегі етістіктер екі үлкен топқа бөлінеді, олар- дербес етістіктер мен көмекші етістіктер. Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер дара етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.Дара етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Дара етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, т. т. Түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек, қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай етістік формалары аталады.
Есім негізді етістіктерге етістіктерден өзге сөз таптарынан жасалатын етістіктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе зат есімнен, сын есімнен, үстеулерден, еліктеуіш сөздерден, әредік одағайлардан жасалады. Көмекші етістікгердің қолданылу аясы, жетекші етістікке тіркескенде оларға қосатын мағынасы мен түрлену сипаты жағынан бәрінде бірдей емес. Сондықтан олардың өзі іштей толымды және толымсыз көмекші етістіктер болып екіге бөлінеді.
«Аналитикалық формант» термині есімге де, етістікке де тән. Грамматикалық категориясы бар зат есім мен сын есімдегі грамматикалық аналитизм мәселесі дәлелденбегендіктен, аналитикалық формант ұғымы тек етістікпен байланысты қаралып жүр. Аналитикалық формант туралы айтпас бұрын аналитикалық форма ұғымына түсінік берген жөн. Аналитикалық формант - сөздің аналитикалық формасын жасаушы көрсеткіш. Мысалы, келе жатыр, айта бастады, білсе екен, өте жақсы деген сөздердегі =е жатыр, =а баста, =са екен, өте дегендер - аналитикалық форманттар.
Қазақ тіл білімінде сабақты етістік пен салт етістік етістіктің жеке семантика - синтаксистік категориясы -деп танылады.
Салт, сабақгы етістіктерді тануда ғылыми әдебиеттерде айтылып жүрген қимылдың субъектіге не объекгіге бағытталуына байланысты болады деген жалпылама анықтама жеткіліксіз сондықтан, олардың бір-бірінен ерекшелігін ажырату қажет. Олар:
1.Салт етістікте қимылды субьекті жасайды, бірақ ол қимылға түсетін, қимыл жасалатын субъектіден басқа зат болмайды. Ал сабақты етістікте қимылды басқа зат жасайды, яғни сабақты етістікте қимылға түсетін объекті зат болады.
2. Салт етістік тек субъеістіге қатысты қимылды білдіретін болғандықган, салт етістіктегі қимыл бір затқа ғана қатысты болады. Ал сабақты етістіктер субъектінің объектіге жасапатын қимылын білдіреді. Сондықтан да ол кемі екі затқа байланысты қимыл болады.
3. Салт етістіктер тек субьектіге қатысты қимылды білдіретін объектісіз етістіктер болса, сабақты етістіктер қимылдың белгілі бір обьектіде өтуін қажет ететін обьектілі етістік .
Етіс жұрнақтары түбір етістіктерге де, арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған туынды етістіктерге де, күрделі етістіктердің түр-түрлеріне де жалғана береді. Оқулықтарда етіс - негізгі етіс, ортақ етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, өздік етіс, - деген бес түрге бөлініп, негізгі етіске мынадай түсінік берілген: «Негізгі етістің арнаулы көрсеткіші болмайды. Оған әрбір түбір я туынды етістіктердің де, күрделі етістікгердің де негіздері жатады. Етіс категориясының өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс, ырықсыз етіс түрлері ғана бар.
1. Өздік етіс. Өздік етіс қимыл, іс-әрекеттің субьектісіне қарай бағытталып, сабақты етістікке-ын,-ін,-н қосымшасы қосылу арқылы жасалады.
2. Ырықсыз етіс. Ырықсыз етіс іс істеуші арнайы айтылмай, ол іспен байланысты зат өздігінен амалға ие бола алмайтындығын көрсететін етістіктің түрін айтады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктерден -ыл, -іл, -л қосымшасы (түбір құрамында «л» дыбысы болса, -ын, -ін, -н) арқылы жасалады.
3. Өзгелік етіс қимыл, іс-әрекеттің тікелей субьектінің өзі арқылы емес, екінші бір субьекті арқылы істелетінін, іске асыратынын білдіріп, етістікке арнайы -дыр, -дір, -тыр, -тір, -қыз, -кіз, -ғыз,-гіз қосымшаларының бірі жалғану арқылы сабақты етістік жасалатын етістіктің етіс категориясының бір түрі болып табылады.
4. Ортақ етіс. Етістің ортақ етіс түрі етістіктің салт етістік, сабақты етістік тұлғаларынан арнайы -ыс,-іс,-с қосымшаларының жалғануы арқылы жасалып, қимыл іс-әрекеттің бір емес, бірнеше субьекті арқылы іске асатынын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет