ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Қазіргі қазақ тілінің семантикасы
Тақырыбы: Оқыған материалдардың құрылымдық сызбасы
Орындаған:Есерқан Данияр
Қазақ Филологиясы 302
Тексерген: Абитжанова Ж.А
АЛМАТЫ 2022
Сөз мағынасы — шындықтың (заттың, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың) белгілі бір құбылысының сөзде бейнеленуі. Сөз мағынасының грамматикалықжәне лексикалық түрлері болады. Грамматикалық мағына сөздің белгілі бір топқа (сөз табына) тән екендігін, басқа сөздермен тіркесу мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін, сондай-ақ оның түрлік өзгеріске түсу қабілетін (жіктелу, есептелу), сөз тіркесі мен сөйлем ішінде басқа сөздерге қатынасын айқындайды. Лексикалық мағына да жалпылықты білдіре беруі мүмкін (айталық, күлу, ыза болу, ашулану, ренжу — адамның психологиялық күйін білдіреді). Соған қарамастан, лексикалық мағынаның жеке қасиеті болатынын теріске шығаруға болмайды, өйткені келтірілген мысалдағы сөздердің әрқайсысына тән мағыналық айырмашылықтары бар. Полисемиялық құбылыс болғанда, лексикалық мағынаның ұқсас жайлары көп, бірақ олардың да тура және ауыспалы мағыналарының болатыны анық (жоғары-төмен, сұлу-келісті, қара (етістік)- қара (сын есім), ыржақтау-мәз болу т. б.). Сөздердің лексикалық мағыналары түсіндірме сөздікте белгілі бір контексткебайланысты нақтыланады.Сөз мағынасы объективті өмір сүреді деген пікір бар. Шынды- ғында сөз мағынасының жеке адамға тәуелді болмайтыны анық. Бірақ бұл — сөз мағынасы адамзат қоғамына байланысы жок, айналамыздағы заттар (тау, тас, ағаш, өзен, т. б.) сияқты адам- дарға мүлде тәуелсіз болады деген сөз емес. Егер сөз мағынасы адамдарға мүлде тәуелсіз болады дейтін болсақ, онда оның адам ойымен (психологиялық қүбылыс ретінде), коллективтің әлеумет- тік санасымен байланысын жоққа шығарған болар едік. Сондай- ақ, сөз мағынасы тек субъективтік, индивидуалдық сипатка ие дейтін болсақ, онда сөз мағынасы жеке адамға тәуелді деген ка- ғиданы қолданған боламыз. Шындығында сөз мағынасының құрамында әрі объективтік, әрі субъективтік сипатқа ие болатын мағыналық элементтер бар. Сондықтан да сөз мағынасын көп қатпарлы категория деп атаймыз. Сонымен бірге, сөз мағынасын- да әрі жалпы универсалдық қасиеттермен бірге жеке адамдарға, индивидке байланысты болған мағыналық элементтердің де бар екенін мойындаған жөн. Соңғы тезисті былай түсінуге болады. Сөз мағынасындағы жалпы универсалды қасиет олардың объективтік сипатынан туады да, жеке тілге, адамға тәуелді болмайды. Нәти жесінде ол мағыналы элемент дыбыстық қабыққа ие болғанда, сол тілде сөйлеуші адамдардың бәріне түсінікті болады; түрлі тілдерде сөйлеуші адамдардың өзара түсінісуі, бір мағынаны аудару жолы арқылы екінші бір тілге жеткізу мүмкіндігі туады. Ал жеке-даралық қасиет белгілі бір тілде ғана бар мағынанын болуын, тіпті сол мағынаны қолданғанда сөйлеуші не жазушы адамға тән индивидуалдық сипаттың бар екенін мойындаудан туады. Демек сөз мағынасын 1) түрлі тілдерге тән универсалды, 2) жеке бір тілдің өкілдеріне (не туыстас тілдер өкілдеріне) тән, 3) жеке адамдарға тән мағына деп бөлуге болады. Эрине жеке адамдарға тән болған мағына сөздерді қолдану кезінде ғана, бел- гілі бір контекстерде ғана байқалады. Сөз — мағына мен дыбыстардың бірлігі. Бұл аныктама оқу- лықтарда көп кездеседі. Байыптап қарайтын болсақ, шындығында сөздің құрамында мағына мен дыбыстың болатындығы анық. Дыбысталусыз сөз болмайтыны сияқты, мағынасыз да сөз болмайды. Бірақ бұл анықтама сөздердің барлық касиеттерін анықтап бере алмайды. Мысалы, бір сөздің мағынасы тіл-тілдерде әр түрлі сөз арқылы беріледі. Салыстырыңыз, қазақша нан, орысша хлебу азербайжанша чөрек, немісше das Wrot. Тіпті мұндай бір мағы- наны басқа-басқа сөздер арқылы беру туыстас тілдер арасында да байқалады. Мысалы, қазақша қара, әзірбайжанша бах; қазақша жалаңаіи, әзірбайжанша лүт, чылпаг; қазақша аяныиі, әзірбай- жанша языг, ейф, құмықша язығ, ажиз, татар тілінде кызганыч, т. б. Сондай-ақ бұл анықтама сөздердің көп мағыналық қасиеті мен синоним, антоним сияқты тілдік құбылыстардың басын ашып бере алмайды. Сол үшін де кей ғалымдар бұл анықтаманы сәл күрделендіріп: «Сөз — дыбыстар мен мағынаның тұтастығы, ақи- қат заттың, құбылыстың жиынтық бейнесі»,— деп жүр (Кеңес- баев 75, 10) *. Соңғы анықтамада сөздің мағынасын ғана сәл күр- делендірген. Жоғары оқу орындарына арналған осы оқулықта (лексика тарауын жазған Ғ. Мұсабаев) сөздің дыбысталу форма- сына да көңіл аударылады. Бірақ талдауға қиын соғатын, басқа тарауларда айтылған ойға қайшы келетін пікірлері де жоқ емес. Мысалы, үшін, сайын, гөрі сияқты шылаулар туралы айта оты рып: «үіиін, сайын, гөрі дегендер сөз емес, бірақ мұнда жүйелі дыбысталу бар»,— деп қорытынды жасайды (Кеңесбаев 75, 14). Ең алдымен айтарымыз — шылаулар да сөз болып саналады. Ав- тордың қандай негізге сүйеніп оларды сөз болмайды дегенін түсі- ну қиын. Соңғы кездерде жарық көрген окулықтарда да бұл сұрауға жауап жоқ. Мысалы, 1979 жылы жарық көрген Ә. Бол- ғанбаевтың оқулығында: «Сөз дыбысталу мен мағына бірлігінен тұрады. Әрбір сөз — белгілі бір құбылыстың аты»,— деп ашық жазылған. Кейде «Сөз — мағына мен дыбысталудың бірлігі» деген анықта- ма сәл басқашалау формада беріліп, «Әрбір сөз — белгілі бір құ- былыстың аты», (Болғанбаев 79, 8) * «Міне осындай белгілі бір ұғымның атауы (белгілі таңбасы) ретінде қолданылатын дыбыс- тардың комплексін сөз дейміз»,— (Белбаева 76, 12) * деген сияқ- ты анықтамалар беріліп жүр. Сөздерде мағына барлығы анық, бірақ мағына мен дыбысталу сан жағынан да, сапа жағынан да тең түседі деу дұрыс емес. В. В. Виноградов Ф. Фортунатовтың «Жеке мағынаға ие болатын дыбыстардың барлығы да сөз» (Фор тунатов 56, 132) * деген анықтамасына сын айта отырып, «Егер сөз тек екі жақты құбылыс дейтін болсақ, онда тілдегі әрбір жаңа түсінік, жаңа ұғым жеке сөзді талап еткен болар еді. Бірақ тілде- гі жағдай бұдан сәл басқашалау» деген болатын. Автор сөзге берілген анықтаманы сәл күрделендіріп, оған жүйеге байланысты мағына қосады. «Сөзді дыбыс пен түсініктің бірлігі деп санау үлкен жаңсақтық. Сөзге бұлай анықтама беру оны өзі мүше болған құрылымынан ажыратады»,— деп көрсетеді (Виноградов 72, 16) *. Сөзге мағына мен дыбыстьің бірлігі, не мағына мен дыбыстың және грамматикалық категориялардың бірлігі деп берілген анықтамалардың қазіргі тілшілерімізді қана- ғаттандыра алмайтындығы анық.
Тіл-тілдердегі сөздердің табиғаты мен түрлі қасиеттерінің өза- ра сәйкес келе бермейтіндігі кей ғалымдарымыздың жалпы сөзге тиянақты анықтама беруге болмайды деген қорытындыға келуіне себепші болған. Мысалы, М. Н. Петерсон: «Сөздерге қанағатта- нарлық анықтама жоқ, оны берудің өзі де екіталай. Сөз — логи- калық анықтама беріп болмайтын түсінік, сондықтан оны тек сипаттап не белгілерін көрсетумен ғана шектелген дұрыс»,—де ген болатын (Петерсон 25, 23) *. Осы пікірге жақын пікір Л. В. Щербада да бар. «Шындығында, сөз дегеніміз не? Менің- ше, бұл түрлі тілдерде түрліше болады. Бұдан, жалпы, сөз деген түсінік жоқ деген ұғым туады» . Екі автордың екеуін де сөзге анықтама бере алмағаны үшін айыптаудың қажеті жоқ. Біріншіден, олардың екеуі де сөз проблемасымен арнайы айналыспаған ғалымдар. Екіншіден, сөздердің құрылымдық эле- менттері ол кезде толық зерттелмеген болатын. Үшіншіден, олар жеке тілдердегі сөздерге емес, түрлі тілдердегі сөздерге анықтама беруге болмайды деген. Демек, алдымен, жеке тілдердегі сөздердің табиғатын зерттеп, оларға анықтама беруді талап еткен. Сөздерге анықтама беру үшін олардың табиғатын жан-жақты біліп, олардың өзара байланысын ашу керек; қандай белгісі негізгі бел- гі, қайсысы қосалқы белгі екендігін ажырату керек болады. Жал пы тілдердегі сөздерге анықтама беру — жеке тілдердегі сөздердің табиғатын толық анықтағаннан кейін ғана орындалатын жұмыс. Осыған орай, М. Д. Степанова «Сөзге бір жақты анықтама беру, сөз түсінігін түрлі тілдерде универсалды етуге әрекет ету—сөзді қате талқылауға не жартылай ғана қамтуға, әсіресе анықтамалар- дың толық болмауына себепші болып жүр»,— деп қорытынды шығарған. Алайда жоғарыдағы пікірлерге сүйеніп, сөзге мүлде анықтама беруге болмайды деген тұжырым- ға келуге болмайды. «Сөз — күрделі құбылыс» дегенде біз тек тұлғасын есепке алып қана қоймай, сөздердің басқа жақтарын да есепке алуымыз керек. Қазіргі күнде сөздерді мағына мен дыбыстың (дыбыстар тізбегінің) бірлігі деп тану кең таралған, көпшілік ғалымдар қол- дайтын пікір десек те жаңылыспаймыз. Бірақ тілшілер арасында бұл екі категорияны әр түрлі түсінушілер бар екендігін жасыруға болмайды. Осындай пікір айтқан ғалымдарды, пікірлерінің ьің- ғайына карай, бірнеше топка бөлуге болады. Бірінші топка сөз — екі жақты категория деушілерді, екінші топка сөз — үш жакты ка тегория деушілерді, үшінші топка сөз — таңба деушілерді енгізуге болады. Сөз екі жакты не үш жақты деушілер арасында тек сөз элементтерінің саны үшін ғана пікір таласы бар деу жаңсактық болар еді. Қөпшілік ғалымдар бұл мәселеге философиялық астар беріп, методологиялық негізде бағалап жүр. Дегенмен де бұл мә- селені философиялык астар бермей-ак қолданып жүрген авторла- рымыз да жоқ емес. Қай нәрсеге болмасын анықтама беру деген сөз оның барлық қасиеттерін санап корсету не қамту деген сөз емес. Сондыктан заттарға не құбылыстарға аныктама бергенде олардың басты белгілерін қамтудың өзі де жеткілікті болады. Мысалы, адам екі аякты, екі қолды, тік жүретін деп аныктама берсек күлкілі болар еді. Д. П. Горский аныктаманын екі түрі бар екендігін (а) бізді қызықтырған затты баска заттардан ажырату; ә) жаңа термин- дердің не бұрыннан бар терминдердің мағынасын аныктау) айта отырып, аныктама берілетін зат не терминнін күрделілігіне қарай отырып, аныктама берудің он төрт түрі барлығын көрсеткен болатын. Аныктама аныктама болғандығы үшін де аныкталатын заттың не ұғымның негізгі белгілерін өз ішіне енгізуі шарт. В. II. Ленин Авенариус пен Богдановтың матерняға берген аныктамасын сынай отырып: «Аныктама беру деген не? Бұл — ең алдымен, алға койылып отырылған үғымды баска, кенірек ұғымға келтіру деген сөз. Мысалы, есек — айуан деп аныктама бергенде. мен «есек» деген ұғымды кеңірек ұғымға келтірсмін»,— деген болатын.. Сөзге анықтама бергенде де сөз түсінігін өзінен кеңірек түсінік құрамына енгізу керек. Яғнн «Сөз дегеніміз тілдін бір элементі». Қазіргі тіл білімін зерттеушілердін көпшілігі сөзді екі жақты не үш жақты құбылыс деп есептейді. Екі жақты (билатериалды) құбылыс деушілер сөздердің құрамына тек мағына мен дыбысталуды ғана енгізсе, сөзді үш жақты құбылыс деушілер сөздердіц құрылымдық элементтері ретінде мағына мен дыбысталудан баска объектив дүниедегі заттар мен құбылыстардың бейнесін (жал- пыланған бейнесін) де енгізеді. Егер барлап қарайтын болсақ, сөздерді екі жақты құбылыс деушілердің барлығы да теріс пікірдегі ғалымдар емес. Мысалы, кей ғалымдар мағына мен объектив дүниедегі заттардың адам санасындағы бейнесі ұғым арқылы бай- ланысып жатады дей отырып, лексикалық мағынаның көлемін кең түсінеді де сөзді екі жақты құбылыс деп ұғады. Сол үшін де кей оқулықтардың авторлары «сөз — мағына мен дыбыстың бір- лігі» дегенде осы жағдайды есепке алған болуы керек, себебі, анықтамадан кейін берілетін түсініктемелерде мағына туралы да, ұғым туралы да, дыбысталу туралы да сөз болып жатады. Bi- рак кей авторлардың, әсіресе тілдің барлык элементтерін таңба деп санаушылардың кейбіреулері сөзді билатериалды кұбылыс дегенде объектив дүниемен сөзді байланысын не мағынаның ды- бысталумен байланысын жокка шығарады. Тіпті олар сөздің ма- ғынасын тек контексте ғана не сөздер мен сөздердің байланысы- нан ғана туады деп сөздердің кұрамындағы орнымен байланысты- рады. Әрине соңғы ағымның өкілдерінің өзіндік методологиялық негізі барлығы анык. Олар өз мақсаттарына негізделе отырып, тіл материалдарына талдау жасайды; сөз мағынасын кандай жолмен болса да жокка шығаруға әрекет етеді. Сөздегі лексикалык мағынаны кабылдаушылар (тіпті сөз мағынасы тілдік кате гория емес деушілер) кандай сәтсіздікке үшыраса, объективтік дүниенің (ондағы заттар мен кұбылыстардың) сөз қүрамындағы мағына элементтерімен байланысы барлығын мойындамаушылар да (Ф. де Соссюр және оның кей шәкірттері сияқты) сондай сәт- сіздікке ұшырайтындығы анық.
Тілдің негізгі қызметі адамдардың қатынас кұралы болу екен- дігі анық. Сондықтан тілдің белгілі бір адамзат коғамы таныған создік қүрамы мен грамматикалык күрылымы да болуы керек. Бұлардын барлығы дыбыстар аркылы өмір сүреді. Осы касиеті үшін де дүниедегі тілдердің барлығы да дыбыстық тілдер деп са- налады. Бірак дыбыстардың жалац өздері адамзаттын катынас құралы қызметін атқара алмайды. Осы негізде «жүйелі дыбыста- лулардың» барлығы да тіл элементі бола бермейтіндігін жоғары- да айтқан болатынбыз. Ал қатынас құралы болу үшін адамдар тіл аркылы пікір алмасуы, белгілі бір информацияны екінші бі- реуге жеткізуі шарт. Бұл жағынан тіл адамдарға байланысты болғанымен, екінші жағынан объектив дүниедегі заттармен және қүбылыстармен де байланысып жатады. Демек сөзді үш жақты түрде дыбысталу, мағына және объектив дүниедегі заттар мен құбылыстардьщ бейнесі деп тану ғалымдардың ойлап тапқаны емес, керісінше, сөздердің өмір сүруіне негіз болған үш элементті мойындау ғана. Семантика пән ретінде өзінің зерттеу объектісі етіп мағынаны алады. Бірақ мағына түсінігі де өте кең, бірнеше бағыттағы зерттеуді талап ететіндігі анық. Ең алдымен, тіл элементтерінің барлығы да бірдей мағынаға ие бола алады ма деген сұрауға жауап беру керек сияқты. Себебі соңғы кезде тілдің барлық элементтері (дыбыстар да, морфемалар да, сөздер де, сөйлемдер де) мағына- мен байланысты болады деген пікір айтылып жүр (Гальперин 74, 42) *. Егер тіл элементтерін тольіқ талдап қарайтын болсақ, жеке дыбыстардың мағына білдірмейтіндігін жоққа шығарып болмайды. Сонымен бірге одағайлар бір ғана дыбыстан жасалы- нып та мағынаға ие болатыны анық. Мысалы, — Е, бәрекелді, тілінің иіоғы, көңлінің оты бар ақын екен ғой... (Ел аузынан).— О, Омеке, шаруаңыз болса айта отырыңыз (Ел аузынан). Келті- рілген мысалдарымыздағы е мен о одағай сөздер (тек дыбыстар ғана емес), адамның көңіл күйімен байланысты эмоциялық мағы- на білдіріп тұр. Қазақ тілінде одағайлардан басқа бір дыбыстан жасалынған (О не зат) сөздер де бар. Бірақ бұл типтегі мағына білдіретін дыбыстарды жеке фонема деп санамастан, морфема деп санайтынымызды жоғарыда айтқан болатынбыз. Сонымен бірге қазіргі ғылыми өмірде дыбыстық символизмдерге байланысты да әр түрлі пікірлер айтылып жүр. Мысалы, А дыбысы қара түспен, И дыбысы ақ түспен, У дыбысын көкпен, О дыбысын жа- сыл түспен байланыстырып, түрлі мағына телініп жүр. Бірақ бұл мағыналар дыбыстың төл мағынасы болып саналмастан, оған таңылған, үстеме мағына болып есептелінеді.
Дыбыстардың мағынамен байланысы туралы сөз болғанда, әсіресе түркологиялық еңбектерде, еліктеуіш сөздердің құрамын- дағы дауысты дыбыстар мағынаға ықпал жасайды делінеді. «Елік- теуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстардың я жуан, я жі- ңішке болуы да мағынаға эсер ететіндігі байқалады»,— дегенде А. Ысқақов осы дауысты дыбыстарды есепке алған. Егер байыптап қарайтын болсақ, еліктеуіш сөздердің құ- рамындағы дауысты дыбыстардың ашық не қысаң болып келуі де мағынаны ажыратады; түбір құрамында ашық дауысты Дыбыс келетін еліктеуіш сөздер білдіретін мағына амал-әрекеттің не дыбыстың күшті болғандығын, ал қысаң дауысты дыбысты елік- теуіш сөздер не тез орындалған амалды, не дыбысты білдіреді Салыстырыңыздар: тарс-түрс-тьірс, жалт ету — жылт ету тасыр- тұсыр — тысыр, шыңқ-шіңк, қаңқ ету, қыңқ ету, т. б’ Әрине еліктеуіш сөздердің мағынасын зат есімдердің, етістіктердің мағыналарымен салыстыруға болмайды. Себебі зат есім, сын есім, етістік сияқты сөздер өздері атауы болған сөздермен тікелей мағыналық жақтан байланысты болмаса, еліктеуіш сөздерде он- дай байланыс бар (Юнусалиев, 59, 154—155) *. Сондыктан да олар өздері атауы болған түрлі дыбыстардың тура әрі толық көшірмесін беруге әрекет етеді. Еліктеуіш сөздердің құрамында- ғы дауысты дыбыстардың еншісіне мағына ажырату қызметін беру дауысты дыбыстың күші мен созылыңқылығына байланысты. Тілдерде еліктеуіш сөздер қос сөз ретінде қолданылып, ашық және қысаң дауысты дыбысты түрлері қатар келетін кездері де өте көп кездеседі. Мысалы, тапыр-түпыр, сатыр-сүтыр, сарт-сүрт, баж-бүж, жарқ-жүрқ, тарс-түрс, т. б. Еліктеуіш сөздердің қосар- лама қос сөз және қайталама қос сөз ретінде қолданылуында да мағыналық айырмашылықтар бар. Салыстырыңыз: қазан бүрқ- сарқ қайнады, қазан. бүрқ-бүрқ қайнады. Бірінші мысалымызда қазан біркелкі қайнамастан, бірде қатты, бірде жай қайнағанды- ғын білдірсе, екінші мысалымызда қазанның біркелкі қайнаған- дығын білдіреді. Бірақ бұл айтылғандардан дыбыстар не сөздер мағынамен тікелей байланысты екен, бір дыбыс мағына өзгертеді екен деген пікірден аулақпыз. Еліктеуіш сөздердің құрамындағы дауысты дыбыстардың сөз сөздің білдіретін мағынасымен тікелей байланысы (белгілі мөлшерде) барлығын мойындасақ та, олар арасындағы байланыс негізі мүлде басқа табиғатпен, қасиетпен байланысты деп айта аламыз. Соңғы жағдай барлық сөздер ту- ралы пікір айтуға негіз бола алмайды. Сөз семантикасы (бұдан кейін семантика терминін мағына терминімен тең дәрежеде қолдана береміз) көне дәуірден бері келе жатқан, әр кезде тілшілер мен философтардың араларында талас тудырып жүрген күрделі мәселелер болып саналады. Ал- ғашқы семантикалық (сөз мағынасы туралы) пікір Яски мен Па- нинидің еңбектерінде кездескенімен күні бүгінге дейін зерттелуі, анықталуы қажет болған жақтары көгі екендігі анық. Тіпті тіл білімі тарихында семасиологиялық зерттеулер тарихы толық, зерттелінбегендіктен, кей ғалымдар, семасиология ғылым арена- сына XIX ғасырда ғана енді деушілер де бар (Аллендорф 65) *. Ғылыми негізде сөз мағынасына талдау жасау индоевропа тіл білімінде XIX ғасырда өмір сүрген тілшілер еңбектерінде кездес- се, түркологиялық зерттеулерде ол тек үстіміздегі ғасырдың 60- жылдарынан кейін ғана басталады. Қазіргі кезде семасиология кең көлемде түсініледі де бірнеше пәндердің (тіл білімі, филосо фия, психология, логика, кибернетика т. б.) түйіскен жерінде сөз болып, талданып жүр. Соңғы жағдай бір категорияны әр ғылым өкілдері түрліше түсінуіне, бірнеше бағыттағы қорытынды шыға- руына, бірнеше зерттеу, талдау методтарын қолдануына жағдай жасап жүр. Сондықтан да бір пәннің жетістігіне сүйеніп семасио- логияның өзекті мәселесін жан-жақты зерттеп, пікір айтуға бола- ды деу дұрыс болмайды.
Сөздін лексикалық мағынасының күрделі екендігін және олар- дың бірнеше майда бөлшектерден құралатындығын көгішілік ға- лымдарымыз мойындайды. Бірақ бұдан сөздің лексикалық мағы- насы түрлі мағыналық бөлшектердің арифметикалық қосындысы екен деген ұғым тумауы керек. Мысалы, кез келген сөз өзі атауы болған заттың не түрлі құбылыстың барлық қасиетін (тым бол- мағанда белгілі бір коғам мүшелеріне белгілі болған) толық камтуға әрекет етеді. Сондықтан да тауық дегенде екі аякты, үстін қауырсын қаптаған, екі қанатты (бірақ онша ұзап ұша ал- майтын) үй құсын түсінеміз. Оның түйе тауықтан, қаз бен үйрек- тен айырмашылығы да мағынада қамтылады. Ең жетілген, жақсы жазылған түсіндірме сөздіктерде де кез келген сөздің, лексикалық мағыналары толық берілмейтіндігі анық. Салыстырыңыз: қазақ тілінін түсіндірме сөздігінде тауық, сөзіне: «Қораз бен мекиен тобынан құралатын үй құсы»,— деп анықтама берілген болса, өзбек тілінің түсіндірме сөздігінде: «Еті мен жүні және жұмыртқасы үшін бағылатын ұрғашы үй құсы»,— деп анық- тама берілген.. Ал татар тілініц түсіндірме сөздігінде болса: «Негізінен еті мен жұмыртқасы үшін бағылатын үй құсы»,— деген анықтама берілген.. Егер байыптап қарайтын адам болса, жоғарыда санап өтілген анықтамалардың барлығы да тауық сөзінің мағыналық компоненттерін толық қамти алмағандығына оңай көз жеткізген болар еді. Дегенмен де тауык, деп үй құсының барлығын бірдей атамай, ерекше бір түрін ғана атайтынымыз анық, басқа үй құстарынан ажыратып жата- тын үй құсын тауык, дегенде көз алдымызға келтіретініміз де шындық. Демек сөз мағынасының құрамында ол затты не ұғым- ды әрі жалпылап, әрі басқа заттардан ерекшелеп ажыратып, да- ралап тұратын мағыналық элементтің барлығы анық. Сөз мағынасы — тіл білімінің еншісіне тиетін категория, сол үшін де оны жан-жақты талдау тіл білімінің үлесіне тиеді. Тер- минологиялык анықтамалардың көлемі кең болғанымен, көп ин- формацияны қамтығанымен күнделікті өмірде олардың барлығы бірдей қажет те бола бермейді. Сонымен бірге сөз мағынасын тіл білімі аясында да бірнеше бағытта талдау жасауға болады Бұл зерттеуші адамның алдына қойған мақсаты мен қолында бар материалдарына байланысты. Ал сөздердің лек- сикалық мағыналарының түрлерін анықтауда да тілшілер ара- сында бір ізділіктің жоқ екендігін ашып айту керек. Егер тек совет тілшілерінің ғана сөздердің мағына түрлеріне байланысты айтып жүрген пікірлерін санап шығатын болсақ, олардың саны- ның өзі оннан асады. Ал мағынамен байланысты категориялар- дың саны болса, одан да көп. Мысалы, сөздердің дыбысталуы мен мағына арасындағы байланыс, мағына мен ұғым арасындағы байланыс, сөз мағынасының құрылымы мен құрылымдық эле- менттері арасындағы байланыс, лексиканы белгілі бір заңдылық- тар негізінде байланысқан жүйе деп санап, сол жүйе мүшелерінің (сөздердің) өзара қарым-қатынасын анықтау сияқты толып жатқан мәселелер бар. Семасиологиялық зерттеулердін, бірінші жауап беретін сүрауы — сөз мағынасы дегеніміз не? Бұл дәстүрлік сүрауға жауап беру үшін, ең алдымен, тіл білімінде лексикалық және граммати- калық мағыналардың бар екендігін, екеуінің қасиеттерінің екі түрлі екендігін естен шығармау керек. Семасиологиялық зерттеу- лерде грамматикалық мағына, саналы түрде, сыртка тебіліп, лексикалық мағыналар ғана сөз болады. Сөздердің лексикалық мағынасы лексикологияның, грамматикалық мағынасы граммати- каның зерттеу объектісі екендігі анық. Солай болса да бұл екі мағына өзара тығыз байланысты. Егер сөз грамматикалық жақ- тан тұлғаланатыны рас болса, онда әрбір сөздің лексикалық ма- ғынасы грамматикалық мағынамен астасады. Сондай-ақ грамма- тикалық мағынаны грамматикалық мағынадан ажырата зерттеутек ғылыми абстракцияның ғана қызметі екендігі де аян. Шын- дығында лексикалық мағынамен үштаспаған, онымен байланыс- паған грамматикалық мағына болмасқа тиіс.Ал енді грамматикалық мағынаға көшелік. Грамматикалық мағынаның табиғатын анықтауда ғалымдар әлі бір шешімге келе алған жоқ. Қазірше тіл білімінде даусыз, көпшілік құптаған нәрсе—грамматикалық мағыналардың грам- матикалық формалар арқылы берілетіндігі, оның бір сөзге емес белгілі бір сөз табына тән болатындығы. Ал грамматикалық ма- ғыналардың басқа мәселелерінде айтылған пікірлер арасында ал- шақтық, қарама-қарсылықтар бар. Мысалы, сөздердің барлығы бірдей лексикалық және грамматикалық мағыналарға ие болуы шарт па? Жоқ әлде лексикалық мағынаға ғана ие болып, грамма- тикалық мағынаға ие болмайтын сөздер де бар ма? Не керісінше, тек грамматикалық мағынаға ғана ие болған, лексикалық мағы- насы жоқ болатын сөздер кездесе ме деген сияқты сұраулардық жауабы барлық кезде де бір ізді бола бермейді. Тіпті лексикалық мағынасы жоқ, тек грамматикалық мағынаға ғана ие болатык сөздер бар деушілер де кездеседі. Мысалы, түрколог ғалымдар- дын біразы көмекші сөздерде лексикалық мағына жоқ, оларда тек грамматикалық мағына ғана бар деген тезисті ұсынады. Көмекші сөздерде лексикалық мағына жоқ деу үстіміздегг ғасырдың алпысыншы не жетпісінші жылдардың жемісі емес. Октябрь революциясына дейінгі дәуірлерде өмір сүрген орыс тіл- шілерінің еңбектерінде де көмекші сөздерде лексикалық мағына жок деген пікірді кездестіруге болады. Мысалы, Ф. Ф. Фортунатов сөздерді «полные» және «частичные» деп екіге бөледі де, «частич ные» деген сөздердің бірінші топтан айырмасы жеке мағынаға ие болмауында деп есептейді (Фортунатов-1, 169) *. Автор пікірін ары қарай жалғастыра отырып, көмекші сөздерді күрделі сөздер- дің бір элементі деп те қараған. Еңбегінің басқа бір жерінде кө- мекші сөздерді сөз деп санаған кездерін де кездестіруге болады. Салыстырыңыз: «Басқа дыбыстардан ажыратылып, белгілі бір мағынамен байланысқан кез келген дыбыс—сөз. Мысалы, орыс тілінде кездесетін а — сөз, себебі бұл дыбыс бізде белгілі бір мағына білдіреді (союз а)»,— деген болатын (Фортунатов-1, 132). Ф. Фортунатовтың көмекші сөздерде лексикалық мағына жоқ, грамматикалық мағына ғана бар деген пікірін A. М. Пешковский ары қарай дамытып, тілде мағынасыз таза формадан ғана тура- тын сөздер де болады деген пікірге келеді. (Пешковский 56). Бір ескерте кететін жағдай сол — А. Пешковский сөздерді формалы жә- не формасыз сөздер деп екіге бөледі. Эрине формалы, формасыз сөз термині тіл білімінде онша дами қоймаған. Біздің пікіріміз- ше формасыз, грамматикалық жақтан формаланбаған сөз бол- майды, бірақ грамматикалық форма қабылдамайтын да сөздер бар. Мысалы, түркі тілдеріндегі шылау сөздер қосымша қабыл- дап, белгілі бір парадигма бойынша түрленбейді, демек грамма- тикалық форма қабылдамайды. Бұдан шылаулар грамматикалық жақтан тұлғаланбаған сөз деген қорытындыға келуге болмайды. Кез келген сөз грамматикалық жақтан тұлғаланбаған, граммати- калық заңдылыққа түспеген, белгілі бір тілдің грамматикалық заңдылығы бойынша қалыптаспаған болады деудің өзі бекер. «Орыс тілінде формасыз сөз жоқ, себебі кез келген сөздің лекси- калық мағынасы әйтеуір бір грамматикалық категорияға негіз- деледі. Сондықтан да грамматикалық мағына сөздердің мағына құрамына енеді де сөйлеу процесінде көрінеді»,— деп жазған бо- латын В. В. Виноградов (Виноградов 72, 34) *.
А. А. Реформатский грамматикалық мағына берудің бір жолы ретінде «бос сөздерді» көрсеткен (А. А. Реформатскийдің термині бойынша «пустые слова»). Эрине, бұл жерде «бос сөз» терминін түсіндіру де керек сияқты. Онық үстіне «бос сөз» терминіне бе- рілген анықтама да жоқ. Дегенмен, кітапта берілген мысалдарға қарай отырып, түркі тілдеріндегі еркек, қыз сөздері (erkek kedi, disi kedi) бос сөз қызметін атқарады деген пікіріне көз жеткізуге болады (Реформатский 67, 302) *. Оқулықта автор өз пікірін дәлелдеу үшін ағылшын, араб және қытай тілдерінен де мысалдар берген. Біз олар туралы сөз еткіміз жоқ. Себебі белгілі бір тілде лексикалық мағына деп жүрген мағына екінші бір тілде грамма- тикалық мағынаның аясына енетіндігі, не керісінше, бір тілде грамматикалық мағына болып саналатын мағына екіпші бір тілде лексикалық мағына аясына енетіндігі аян. Сондықтан да біз басқа тіл материалдарын қазақ тілі заңдылықтарын дәлелдеу үшін тілге тиек етпек емеспіз. Түркі тілдерінің грамматикалық
категориялары да, лексико-грамматикалық категориялары да ка зак тілінің грамматикалык, лексико-грамматикалык категорияла- рымен сәйкес келетін туыстас тілдер, казак тілінде жыныстык(род) белгіні көрсету үшін ұрғаиіы (ұрғашы токты), еркек (еркек бұзау), үл (ұл бала), қыз (кыз бала), қаниіық (каншык каскыр), мегежін (шошканың үрғашысы); жас мөлшерін білдіру үшін (кей- де еркелету мағынасы да болады) бала (бала мысык), ата (ата қаз, ата қораз) шөже (шөже кораз), қозы (козы кошкар) сиякты сөздердің колданылатындығы анык. Сирек болса да зат есімдер- дің кейбіріне (әсіресе адам аттарына) арнайы косымшалар косы- лып келіп те жыныстык мағынаны білдіретіндей көрінеді. Салыс- тырыңыз: Сәлім (ер адамныц аты) — Сәлима (әйелдің аты), Әди- Әдия, қүда-қүдағи, мүғалім-мүғалима, қүнан-қүнажын. дөнен-дөнежін т. б. Бірақ бұдан біз түркі тілдерінде жыныстық категория бар деген тезисті қолдап отырғанымыз жоқ. Сондай-ақ олар басы артық элементтер де емес. Кейде түркі тілдерінде бір топ сөздер сөйлем қүрамына келіп сөздер мен сөздерді байланыстырып тура- тын (басқа жағдайда дербес лексикалық мағынасы бар) қызмет те атқарады. Салыстырыңыздар: қазақ тілінде бір бас пияз, бір топ шаги, бір тал шаіи, бір дана кітап, он рет бардым, бір уыс би- дай т. б.; өзбек тілінде бир бош сигир, бир дона китоб, бир чингал туз т. б. Келтірілген мысалдарымызда қолданылған бас, топ, тал, дана, рет, уыс сөздері дербес лексикалық мағына білдіріп тұрған жоқ, бір сөзді екінші бір сөзбен байланыстырып (нумератив сөздер) тұр.
А. А. Реформатский мысал ретінде келтірген еркек мысық де ген тіркестегі еркек сөзінің (қазақ тіліндегі ер бала, қыз бала тіркесімен салыстырыңыз)' білдіретін мағынасын грамматикалық мағына деп көрсетуге негіз жоқ. Себебі жыныстық мағына түркі тілдерінде (соның ішінде қазақ тілінде де) грамматикалық мағы- на ретінде қабьілданбайды. Бірақ тілдік ойлауда еркек, үрғашы түсінігін білдіру бар; ол сөз семантикасының (яғни лексикалық мағынаның) үлесіне тиеді. Сондықтан да біз құнан-қүнажын, дө- нен-дөнежін, қабан-мегежін, төбет-қаншық, үрғашы-еркек, тауық- әтеш, байтал-айғыр, саулық-қошқар, қүда-қүдағи, іні-қарындас, ңалыңдық-күйеу сияқты сөздердің әр сыңарын жеке-жеке сөз деп танимыз. Ал бір бас пияз, бір тал шаш, он дана қой деген тіркес- тердегі бас, тал, дана сөздері өздерінің төл мағыналарында қол- данылып тұрған жоқ, сөз бен сөзді (сан есім мен зат есімдерді) байланыстырып тұр. Сондай-ақ мұндай қызметте мөлшер мағы- насын білдіретін метр, куб, килограмм, тонна, уыс, түтам, сығым. литр, аттам сияқты сөздер де қолданылады. Айырмашылығы сол, бірінші мысалдардағы бас, дана, тал сөздері даралау мағынасын білдіріп, өз мағынасынан ауытқыса, екінші мысалдарымыздағы сөздер өздерінің өлшем мағынасын сақтап қалады. Мысалы, бір метр мата, бір литр су, бір аттам жер, бір уыс топырак, т. б. Де- генмен де бір де бір түрколог-ғалым бір бас пияз, бір тал шаш, бір дана жүмыртқа дегендегі бас, тал, дана сөздерін көмекші сөздер не басы артық элементтер деп атаған емес. Бала мысық, қозы қошқар, қыз бала, үл бала деген тіркестер- дегі бала, қозы (жас мөлшеріне қарай), үл, қыз (жыныстық бел- гісіне қарай) сөздері тек грамматикалық мағына үстеу үшін ғана қолданылып тұр деу түркі тілдерінің заңдылығын білмеуден туған нәрсе. Бұл жерде, түркі тілдерінің заңдылығы бойынша, екі зат есім қатар тұрып, қабыса байланысып, алдыңғы зат есім соңғы сын анықтап тұратындығын ескермеуден туған пікір. Анықтауды талап ететін екінші бір теориялық мәселе де бар, ол — сөздердің тіркесуіндегі семантикалық факторлардың қыз- меті (Щербак 74; Виноградов 69; Косиеру 69; Арутюнова 79) *. Қез келген сөздер өзара тіркесе бермейтіні анык. Сондықтан да ат үреді, ит мөңірейді, балық жүзеді, жаңбыр түсті деп айтпаймыз. Әрине әр тілдің сөздерінің тіркесуін бағдарлап тұратын заңды-лықтарының болатындығы анық. Салыстырыңыз: орыс тілінде көлікпен қозғалу ехать сөзі арқылы, жаяу жүру мағынасында итти сөзі қолданылса, қазақ тілінде, басқа түркі тілдерінде де, бұл екі сөздің орнына бір ғана бару етістігі қолданылады. Ал ағылшын тілінде болса атпен, түйемен немесе есек мініп жүруді reiten; машина, пароход, поезд, шана сияқты көлікпен қозғалуды fahren сөзі арқылы береді. Мұндай өзгешелік, аз болса да, туыс- тас тілдер арасында да кездеседі. Мысалы, қарақалпақ тілінде ат басындай деген тіркес қолданылады да үлкен деген мағынаны білдіреді. Бұл тіркес қазақ тілінде де бар. Салыстырыңыз; Ат ба сындай алтын берді. Бұл екі тілдегі ат басындай тіркесінің қолда- нылуындағы айырмашылық сол — қазақ тілінде ол тек осы тір- кесте ғана қолданылса, қарақалпақ тілінде ол басқа сөздермен де тіркесіп келе береді. Мысалы, Он ай қуиіақ көтерди, Ақ жары- лып кун тууды, Ат басындай ул тууды (Алпамыс). Сөздер сөйлем құрамына түсіп өзара байланысуы үшін, бірін- шіден, сөздердің семантикалық мағынасы сәйкес келуі, тым бол- мағанда, қайшы келмеуі, екіншіден, ұзақ уақыттан бері қолда- нылып, қалыптасып белгілі заңдылыққа түсуі керек. Бала мысық тіркесіндегі бала сөзініқ мағына компоненттерінде (семаларын- да) мысық сөзінің мағынасымен сәйкес келетін мағыналық сабақ- тастықтар бар (Э. Косиеру бұны солидарность — solidaritoten деп атаған). Яғни бала сөзінде 1) адамның ұрпағы, 2) жас ұрпа- ғы, 3) еркек ұрпағы сияқты семалары бар. Ал мысықтың болса жасы, кәрісі болуы заңды. Бала мысық дегенде бала сөзінің бар- лык семалары бірдей қатынаспай жас семасы ғана қатынасып, өзіне сай келетін семасы бар мысық сөзімен тіркесіп, оның бағы- ныңқы сыңары ретінде қолданылып тұр. Қабыса байланысатын зат есімдердін алдынғысы соңғысыныц сынын не түрлі қасиетін білдіретін заңдылыққа негізделініп мысықты жас жағынан анық* тап тұр. Қазақ тілі заңдылығы бойынша жас қошқар сөзінің ор нына қозы қоиіқар тіркесі де қолданылады. Қозы сөзінің мағына құрамында да жас семасының бар екендігі анық. Егер бала, қозы сөздері, жоғарыда келтірген мысалдарымызда, тек грамматика- лык мағына үстеп тұр дейтін болсак, онда оларды грамматикалық форма есептеп, белгілі бір грамматикалык категорияның аясына енгізуіміз керек еді. Бірак түркі тілдерінде ондай грамматикалык категория жок. Еркек, ұрғашы сөздері туралы да осындай пікірге келуге болады. Грамматикалык мағына жеке сөздермен ғана байланысып коймайтындығы, белгілі бір сөз табының кұрамына енетін сөздердің көпшілігіне тән болуы керек еді. Бірак біз кел- тірген мысалдардағы бала, қоигқар сөздерінде ондай әмбебаптық касиет жок. Шылау сөздердің тарихи категория екендігі анық. Көпшілік ғалымдар көмекші сөздердің (шылаулардың) тілдің белгілі бір даму кезеңінде пайда болғандығын, олардың атауыш (толық ма- ғыналы) сөздердің дамуы нәтижесінде қалыптасқандығын мойын- дайтындығы анық. Сонымен бірге даму процесінде атауыш сөз мағынасының солғындайтыны да, көмекші сөз қатарына өткенде дербес мүше ретінде жұмсалып, жеке сұрауларға жауап бермей- тіндігі де шындык. Бірақ бұл көмекші сөздерде лексикалық ма- ғына мүлде жоқ деген пікірге келуге тиянақты негіз бола алмай- ды. Ал Ф. Р. Зейналовтың екінші пікірі шындап ойлануды, мате- риалдар негізінде жауап беруді талап етеді. Екінші бір ескеретін нәрсе — Ф. Р. Зейналов өз пікірінде дәйекті емес. Салыстырыңыз: «Кейбір шылаулардың (послелогтардың) лексикалық мағынасы- ның болуының себебі — олардың құрамында өтпелі кезеңдегі сөздердің барлығынан; кейбір сөздер көмекші есім мен шылау сөздердің қатарына өтіп, екі функцияда да қатар қолданылатындығынан»,— деп жазған (Зейналов 66, 32).Көмекші сөздер былай тұрсын, атауыш сөздердің құрамындағы лексикалык және грамматикалық мағыналардьің шегін ажы- ратып тұратын нақтылы белгілердің өзі де жоқ. Кез келген сөз, сөз болғандығы үшін де, әрі лексикалық, әрі грамматикалық мағыналардың жиынтығынан кұралып қана бір мағынаны білді- ріп, сөйлемнің кірпіші бола алатындай кызмет атқарады. Нақ осы мәселеге тоқтала келіп И. И. Мещанинов: «Әр бір сөз өзінің ма- ғынасына (өзінің семантикасына) ие болады. Мағынасыз, семан-тикасыз сөз — сөз емес»,— деп жазған болатын (Мещанинов 75, 51) *. Лексикалық мағынасыз сөз жоқ. Егер лексикалық мағына- сы жоқ сөздер де болады деген пікірді қолдайтын болсақ, онда мағынасыз тек дыбыстардан ғана тұратын сөздер де болады деген тезисті колдаған болып шығамыз. Оқулықтарда, ғылыми еңбектерде сөздердің лексикалық ма- ғынасын бөліп алып (алтын — әдемі, сары түсті қымбат металл, ат — көлік ретінде мінілетін, арба — шанаға жегілетін және әр түрлі шаруашылық жұмыстарына пайдаланылатын еркек жыл- қы), грамматикалық мағыналармен байланыстырылмай-ақ анық- тама беріле береді. Нақ осындай грамматикалық мағыналарға да оларды лексикалық мағыналардан бөліп алып анықтама бере береміз. Шындығында сөздердің құрамында аты аталынған екі мағынаның екеуі де жеке-жеке өмір сүрмейді, бірімен екіншісі астасып, біте қайнасып жатады. Грамматикалық мағынаның лексикалық мағынаның жетегінде болатындығы, тек лексикалық мағынаның негізінде анықталатындығы да талас емес. Сондықтан да грамматикалық мағына тиянақсыз, өздігінен өмір сүрмейтін мағына деп, сөздегі лексикалық мағынаны нақтылай түсіп, оны саралап анықтайтын немесе сөздердің лексикалық мағыналарының бір-біріне өзара қатынасын білдіретін мағыналары граммати- калық мағына деп аталып, соған жуық анықтамалар да беріліп жүр (Аханов 65, 401—402) *. А. А. Шахматов болса грамматика- лык мағыналарды лексикалық мағыналармен салыстыра отырып, грамматикалық мағынаның лексикалық мағынаға ілесіп жүретін (сопутствующие значение) мағына деп айтады (Шахматов 41, 432) *. Бұл типтес анықтамалар соңғы кездерде жарық көрген окулыктар мен ғылыми еңбектерде де кездесіп қалып жүр. Демек, грамматикалық мағынаның лексикалық мағынаға сүйеніп қанә өмір сүретіндігін көпшілік тілші-ғалымдарымыз мойындайды.
Біз де В. В. Виноградовтың «Сөзге лексикалық негізде анық- тама берудің өзі оның грамматикалық жағын мойындау»,— деген тезисін (Виноградов 72, 18) * толық қабылдай отырып, бұл екі категорияның бірін екіншісінен ажыратып түратын белгілердің бар екендігін де мойындаймыз. Бұл айырмашылықта (лексикалық мағына мен грамматикалық мағына арасындағы) ғалымдар түр- ліше талдап, түрліше топтастырып жүр. Бізге белгілі болған пі- кірлерді жинақтай келетін болсақ, оларды былай топтастырып көрсетуге болады:1. Лексикалық мағына нақтылы болады да грамматикалық мағына абстрактты болады. Дәлел ретінде айтсақ, лексикалық мағына объектив дүниедегі заттардың, іс-процестердің не ұғым- дардың атауы ретінде қолданылады да, грамматикалық мағына- ларда ондай нақтылылық болмайды. (Ахманова 66; Розенталь 76: Насыров 79; Хожиев 85) *. Соңғы кезде жарық көрген ғылыми грамматикаларда да грамматикалық мағыналарға осы типтес анықтама берілген. Салыстырыңыз: «Грамматикалық мағына — үлкен сөздердің тобын біріктіретін жалпыланған, тіпті абстрак- цияланған мағына және олар белгілі бір көрсеткіштер арқылы беріледі» (Иванова 81, 12) *. «Грамматикалық категориялардың грамматикалық мағынасы — белгілі бір амал-тәсілдер арқылы берілетін белгілі бір топ сөздерге не сөйлемдерге тән жалпылан- ған мағына» (Гак 86, 88) *. Тіпті кей ғалымдар грамматикалық мағына — сөйлем не сөз тіркесі құрамындағы сөздердің ара қа- тынасын сөйлеушінің өзінің сөйлемде айтылған ойға көзқарасын білдіретін мағынасы деп те есептейді (Гужва 67, 17) *. Сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарын жалпылық пен нақтылық дәрежелеріне қарай ажырату барлық кезде де дәлелді бола бермейді. Мысалы, кейбір дерексіз зат есімдердің лексикалық мағыналары кез келген грамматикалық форманың білдіретін мағынасынан әлде қайда дерексіз ұғымды білдіретіндігі анық. Сондықтан да соңғы кездерде жарық көрген еңбектерде абстракция, бостандыц, үғым сияқты сөздердің мағы- насы өте дерексіз екендігін көрсетіп лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның екеуінде де абстракция бар екендігін, 61- рак бұл абстракцияның екеуінде екі түрлі қасиетке ие екендігін көрсетіп те жүр.
Қорытатын болсақ, бірінші ден, кез келген сөздің әрі лексикалық, әрі грамматикалық мағы- насы болады; екіншіден, лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да объектив дүниемен байланысты болады, оны сәулелендіреді; үшіншіден лексикалық мағынаның объектив дүниені сәу- лелендіруі мен грамматикалық мағынаның объектив дүниені сәулелендіруі тең емес; төртіншіден, лексикалық мағына грамма- тикалық мағынаға қарағанда дербес, сондықтан да олар грамма- тикалық мағынаны өз жетегінде алып қолданылады; бесіншіден, лексикалық мағына жеке сөздерге тән болса, грамматикалық ма- ғына белгілі бір сөз табына енетін сөздердің тобына тиісті болады; алтыншыдан, лексикалық мағына түбір морфемалар ар- қылы берілсе, грамматикалық мағыналар грамматикалық форма лар арқылы беріледі. Сонымен грамматикалық мағына дегеніміз сөздердің лексикалық мағынасына жарыса қолданылып объектив дүниені бейнелейтін, жалпыланған белгілі бір сөздердің тобына тән болып саналатын сөздердің грамматикалық формасы арқылы берілетін мағынасы.