Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері №1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


Уәждеме. Тіл біліміндегі уәждеме теориясы



бет47/50
Дата21.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#141967
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы-emirsaba.org

Уәждеме. Тіл біліміндегі уәждеме теориясы.
1.Тіл біліміндегі уәждеме теориясы.
2.Тілдік аталымның уәждеме негізі.
3.Туынды сөздің семантикасындағы уәжділік қызметі.
4.Күрделі атаулардың уәжденуі.
5. Уәждеме нәтижесі — аталым бірліктері.
Сөз байлығының толығу арнасы – тілдің сөзжасамы. Алайда, сөзжасамның әлі де қадау-қадау зерттейтін қырлары баршылық. Соның бірі – күрделі атаулар. Жалпы қағида бойынша қай тілде болмасын зат пен құбылысқа ат беру – бірінші орында болатыны ақиқат. Тілдің лексикалық қабатын қамтитын заттың күрделі атаулары – атау ретінде, ұғымды таңбалауда, мағынаны белгілеуде, тиімді тәсілдің бірі десек, сол құбылысқа ат беріп, айдар тағарда кез келген сөзбен таңбалай салмайды. Сол реалийлердің өзіндік ішкі, сыртқы белгілерін, ерекшеліктерін, қасиеттерін адам баласы таңдап, талғап, ой елегінен, санасынан өткізеді. Соның ерекше біреуі – таңдалым болып саналады да, атауға себепші негіз болады. Сөйтіп, атау беруде реалийлердің бүкіл ерекшелігі, қасиеті, табиғаты ескеріледі, сараланады.
Зат пен құбылыстың атауы – тек сыртқы тұрпат тұрғысынан таңбалау емес, ол танымның да көрінісі. Себебі, аталым үрдісінде бір атауды екінші атаудан ажырататындай өзіндік ерекшелігі болуы қажет. Кез келген екі сөзді тіркестіріп, біріктіргеннен атау тумаса керек. Демек, аталым мен реалийлердің арасындағы байланысты, себепті шешіп алмай, оның шығу тегін анықтау мүмкін емес. Зат пен құбылыстың негізі белгілерін айқындау аталым теориясының негізгі міндеті болмақ. Аталым шарты бойынша атау мен аталатын нысанның арасындағы түрлі уәжденуші белгілер арқылы қалыптасатыны айқындалады. Атаулардың қалыптасуындағы қоршаған ортаның(табиғат,қоғам,адамзат) түрлі қасиеттері, ерекшеліктері негіз, атау жасайтын құрал бола алады. Мысалы: аяққап пен қолғап,шашқап пен уыққап, көрпеқап,кесеқап;аяқбау, шашбау, уықбау, желбау, атамекен мен атажұрт,атақоныс, атакәсіп пен атамұра осылардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Сол сияқты ойтүрткі, пікірсайыс,текетірес,ізбасар, тұсаукесер, елтаңба, Елорда, атсайыс, атбегі, төраға, төрайым, жанбағыс, күнкөріс т.б. күрделі жасалымдар жаңа мазмұн алған лексемалар соның көрінісі.
Жалпы туынды сөз қазақ тілінің бір үлкен саласына айналуы сөзсіз. Туынды сөздің жүгі ауыр, әсіресе оған батыл барып,назар аударатын мәселелер – аталым, уәждеме салалары. Аталым ұғымы реалийлерге ат беруге байланысты қолданылады. Аталым атауды жасау үрдісі ретінде сөзжасамға енген. Күрделі аталым - әр түрлі сөзжасамдық тәсілдердің негізінде жасалынып, реалийлердің танымдық ұғымы мен белгісін айқындайтын таңбаның мағынасын бейнелейтін жаңа атау. Екіншілік мағына сөзжасамдық үрдістер нәтижесінде жасалатын жаңа аталым болатын туынды сөздің жаңа мағынасы.
Тіл білімінде уәждеме теориясы жаңа бағыттағы ілім болғандықтан, оның аталым үрдісі табиғатын ашудағы маңызына соңғы кезеңдерде баса назар аударылуда. Сөздің сыртқы тұрпаты мен мағынасының арақатынасы мәселесі тілдің әр саласындағы тіл мамандарын ойландырып келеді. Әсіресе, әлемдік лингвистикада уәжділік теориясы терең зерттеліп, тілді негізгі саласының бірі сөзжасамның синтетикалық тәсілінде жан-жақты қарастырылып келеді.Ал уәжділіктің сөзқосымда маңызды қызмет атқаратынына тілшілер тарапынан назар аударыла бастағаны байқалады.
Сөздегі уәждеме табиғатын алғаш сөз еткен – В.Гумбольдт. Ғалым тіл біліміндегі лингвистикалық концепцияларының бірі таңба теориясының негізін қалаушы болып саналады.Ғалымның еңбектерінде тіл бір мезгілде әрі бейне,әрі таңба десе, ал сөз жеке ұғымның таңбасы деген түйін жасайды. Тілдің негізгі қызметі қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды сөздермен таңбалаудан, белгілеуден басталады. Сөз шын мәніндегі сөз болу үшін екіжақты бірлікте болу қажет: ол – дыбыс пен ұғым. Сөздің сыртқы жамылғышы заттың толық қасиетін анықтай алмайды, сондықтан оның атау болып қалыптасуына не себеп, негіз, уәж болатын белгілері, ерекшеліктері жинақталып, ескеріледі. Тіл тәжірибесінде мұндай белгілер көптеп кездеседі. Ғалым: «..слова Как элемент языка мотивирована тем характерным признакам предмета, который лег его найменования и был закреплен языковой практикой»-деген тұжырымдама жасаған/2;47/. Осы пікірден сөздің мағынасы мен жамылғышы арасындағы байланыс заңдылықтарын толық ашудың мүмкіндігі әр кез бола бермейтіндігі байқалады.
Сөздің уәжділігі мен уәжсіздігі туралы ұғымды ғылыми айналымға енгізген – Ф.де Соссюр. Ғалымның пайымдауынша, сөзді «таңба» деп алсақ, оның екі жағы болады, бір – бейне таңбалаушы, екіншісі – дыбыстық бейне таңбаланушы, яғни сөздің мазмұндық мәнін, оның дыбысталуынан бөліп қарауға болмайтынын атайды. Осы ойдың жалғасы ретінде : « В слове важен не звук сам по себе, а те звукавые различия которые позваляют отличать это слово от всех прочих, так Как они-то и является носителем значения»,- дейді тілтанушы/3;150/. Ғалымның пікіріне сүйенсек, сөз мағынасы оны өзге атаулардан ерекшелейтін дыбыстық жамылғышының астарында жатыр. Жеке сөздердің жасалуында, қалыптасуында тек құрылымдық жағының дұрыс қалыптасуымен қатар, шешушісі олардың мазмұндық құрылымында және атайтын заттың мазмұнын дәл, нақтылы беретіндей болуы керек, сонымен бірге ол мағыналар бір-бірімен байланысып жатуы қажет. Сонда ғана атау тіл иесінің сұранысын, қажетін өтейді.
Уәждеме лексеманың қалыптасуында реалийлердің арасындағы байланысты, яғни, атауға қандай белгінің, ерекшеліктің, қасиеттің негіз, өзек, себеп болғаның қамтамасыз етеді. Сонымен, зат пен құбылысқа ат қоюда өмір шындығы, болмыс тіл деректеріне , атауға айналады. Күрделі жасалымда жаңа мағына мен жаңа мазмұн пайда болған уақытта, сол кезеңде барып жаңа сөз қалыптасады. Дәуір өткен сайын атаудың қалыптасуындағы о бастағы негіз-уәж белгілер ұмтыла бастайды. Егер тілдегі атаудың түп-негізіндегі мағынасы ұмтылса немесе көмескіленсе яғни неғұрлым ішкі құрылым өзінің негізгі лексикалық мағынасынан алшақтаған сайын, жасалымдағы дерексіз мағынаның қалыптасуына,мағынаның дамуына, ауыс мағынаның пайда болуына әкеледі. Мысалы: аласапыран, алақырғын, алашапқын, алабалта(қару) атауларындағы ала сыңарының мағынасы түспен еш қатысы жоқ және осы құрамда мағыналары бұрынғы мағыналарынан алшақтап, көмескіленген, түп-негіз мағынасы – бір кездерде талау деген мәнді білдірген. Кейіннен талау – мағыналық дамуға түскен: тонау, шабу, ұрыс, соғыс деген мәнде жұмсалған. Мысалы, алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді(Мақал). Осындағы ала сөзінің мағынасы түсті білдіріп тұрған жоқ, ынтымақсыз дегенді білдіреді. Алакүшік(ұлттық ойын),алашапқын(апыр-топыр,жанталас)т.б. Ала сөзінің мағыналық өрісі: талау,тонау,шабу, ұрыс,соғыс, апыр-топыр,жанталас, ауызбірлігі жоқ, ынтымақсыз деген синонимдік қатар түзеді. Қолданыста оның бұрынғы түп-негізін іздеп жатпайды, ол жаңа үрдіс ретінде қабылданып, тіл дамуында болатын аталымдағы күрделі мағынаның туындауы, қалыптасуы, дерексіз мағынаның дамуына әкелетін заңды құбылыс деп қарастырылады.
Тіл білімінде сөзқосымға көбірек назар аударылды. Осы кезеңдерден бастау алып, күрделі сөздерге мән беріліп, қарастырыла бастады. Дегенмен,күрделі сөздің ішінде, заттың күрделі атаулары орыс тіл біліміне де, әсіресе, соңғы уақытта заман талабына сай, жалпы сипаттамадан гөрі, жекеленген мәселелеріне баса назар аударылып, олардың мағыналық құрылымына, мағыналық топтарына,қалыптасудағы теориялық заңдылықтарына , ерекшеліктеріне, аспектілеріне мән берілуде. Ал осы тұрғыдан алғанда түркітануда күрделі сөздің мағыналық құрылымын терең зерделеу, оны уәждеме заңдылықтарымен сәйкестендіру негізінде аталым тұрғысынан зерделенуі, құрастырушы сыңарлардың қаншалықты дәрежеде уәжділіктің немесе уәжсіздіктің қатысы бар деген мәселелер сөз болып көтеріліп, арнайы тақырып болып, табиғаты белгілі дәрежеде айқындалған, зерттелген емес. Сондықтан, күрделі атаулардың осы тұрғыдан саралануы, айқындалуы тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын көрсетеді.
Жалпы күрделі атаулардың мағыналық құрылымы көп жайттардың себебін, мәнін ашуға мүмкіндік береді. Демек, ішкі мағыналық құрылым – оның ұғымдық құрылымын анықтайтын өзек. Сондықтан күрделі атаулардың жалпы мазмұндық белгісі – аталымның дербес мағыналы лексема ретіндегі ұстанымы.Күрделі атаулар сыңарларының арасындағы мән-мағыналық байланыс түрлері олардың уәжділік дәрежелерін көрсететін болса, солардың негізінде екіншілік аталымның жасалуы, дәлірек айтқанда, уәж түбір және құрылымға, сол сияқты мағынаға тәуелді келеді.
Уәждеме заңдылығы күрделі атаулардың қалыптасуын айқындауда, сыңарлардың уәждеуші қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді. Күрделі атаулардан жасалған атаулар тіршіліктің сан қырлы саласын қамтиды. Осымен байланысты жаңадан жасалған лексемалардың астарына үңіліп, уәждік негізін айқындау, сол арқылы атаудың қалыптасу түпнегізін тауып, өзіндік ерекшеліктерін ажырату арқылы атаудың мәні мен мазмұнын ашу. Осы тұрғыдан алғанда тілдегі уәждеме теориясы түрлі қырынан алып қарастырылып жүр. Лексикалық уәжденудің сипаты – күрделі де көпқырлы, ол жаңа сөздің жасалуын тілдік және тілден тыс факторлармен байланыстыратын құбылыс. Сол себепті де лингвистикада лексикалық бірліктердің уәждеме мен уәждену мәселесіне тіл мамандарының назары бөлінуде.Тіл білімінде көбінесе уәжді (мотивированное) және уәждеуші(мотивирующий) сөздердің арақатынасы және туынды сөздің уәжділік дәрежелерін анықтау мәселесіне баса көңіл бөлінді, негізінен синтетикалық сөзжасамға бағытталды(О.И.Блинова, Н.Д.Голев, Е.С.Кубрякова, И.С.Улуханов).
Туынды сөздің (күрделі сөздің) уәждемесін зерттеу үш тұрғыда қарастырылды:
Біріншіден, шындық болмыстың бейнесі: таңба – шындық болмыс – семиотика, бұл жайында мына тұжырым негізге алынады: аталым әрекеті – шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарды тілдік таңба арқылы белгілеу. Сол таңба негізінде белгілі бір ұғым пайда болады.
Екіншіден, мағына – тұрпат – лексикалық уәждену қалыптасады: көртышқан, сарымай, қарамай, тасбақа, айбалта, асқазан.
Үшіншіден, таңба – таңба – сөзжасамдық уәждену, яғни оны тілдік құрылымға келтіру яғни шындық болмысты ұғым, түсінікпен сәйкестендіріп үлгілеу арқылы атау беру жүзеге асады.
Уәждену үрдісінде ат беретін нысанға мән беріліп, сол туралы уәждеуші пайымды қалыптастыру және тілдік құралдарды таңдау, соның негізінде атауды жасау, ал атаудың мазмұнында бұрынғы пайым жатады.Аталатын нысанның белгісі таңдалынып, ол белгі жаңа нысанды ерекшелейтін сипат алады және жаңа атауды жасауда көзге түсетін таңбаланушыға жаңа мән беріліп, жаңа мазмұнға көшеді, сонда ғана жаңа лексема қалыптасады.
Белгіні таңдау – аталымның әдіс-амалы, жаңа лексеманы жасаудың тәсілі. Атаудың негізі болған аталым белгісін таңдау аталым үрдісі кезінде мәні зор, атауды қалыптастырудың тәсілі. Алайда, ол сөздің әрі қарай семантикалық дамуына, мазмұнына өзгеріс кіруіне әсер етпейді. Қалыптасқан лексема тілдің табиғи заңдылығымен дамып, түрлі дәрежеде өзгеріске еніп отырады, ол ішкі мағыналық құрылымның өзгеруімен байланысты жүреді, сондықтан оны семантикалық өзгерістің негізгі себептерінің бірі деп санауға болады. Сөздің ішкі құрылымы сөздің алғашқы мағынасын білдіреді, әрі қарай сөздің мағынасы кеңейеді және дамиды. Қазіргі лингвистикада уәждеменің бірнеше түрі көрсетіледі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет