«Қазіргі Қазақстан Тарихы»



бет3/9
Дата07.03.2022
өлшемі40,47 Kb.
#27165
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Кадеттер

КадеттерКоституциялық-демократиялық партия (КДП) мүшелері. Партия «Азаттық одаққа» мүше либералды зиялы қауым өкілдерінің тобынан бастау алады. Бұл «Азаттық одаққа» 1902 жылы патшалық билікке қарсы конституциялық жүйе енгізу мақсатында құрылған және көбіне земство қызметкерлерінен тұратын. 1904 – 1905 жылдары қозғалыс земстволық және қалалық қызметкерлер съездерінде кеңейтіліп, 1905 жылы 12 – 18 қазан күндері құрылтай съезде партия болып құрылды. Кадеттер 1917 жылы Ақпан төңкерісінде монархияны сақтап қалуға күш салса, көп ұзамай сол жылы болған Қазан төңкерісі кезінде республикалық жүйені жақтады. 1917 жылы жазда кадеттер әскери диктатураны қолдап, Л.Г. Корниловтың әскери төңкерісін ұйымдастыруға көмектескен еді. Төңкеріс сәтсіздікпен аяқталғаннан кейін олар Уақытша үкімет құрамынан шығарылды. Қазан төңкерісінен соң Кеңестер билігіне қарсы күрес бастаған, сол үшін Кеңестер билігі оларды «халық жауы» деп жариялап, қуғанға ұшыратты. Ресейде кадеттер ақтар үкіметінің негізін құрады. Партия XX ғасырдың 20-жылдарында эмиграцияда жүріп басты рөлді атқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет