«Қазіргі Қазақстан Тарихы»



бет8/9
Дата07.03.2022
өлшемі40,47 Kb.
#27165
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Тұрар Рысқұлов атап өткендей: «қазақтардың бұл ұлттык-либерал зиялылары… кадеттер сиякты, сол кезде өмір сүрген құрылыс пен патша өкіметінің жергілікті жерлердегі әкімшілігіне қарсы болды… Патшалык жер саясатына қарсы болды, бірақ Ресейдің буржуазиялық-демократиялык партияларымен ынтымақтаса жұмыс істеді. Бұл зиялылар қазақтардың көтерілісін мезгілінен бұрын жасалған керексіз көтеріліс деп сипаттап, барлық келіспеушіліктерді бейбіт жолмен жөнге келтіруге болар еді деп көрсетті».
Сонымен бірге ұлтгтык, қазақ зиялыларының жетекшілері қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды кейінге қалдыру жөнінде, шақырылғандардың құқықтарын қорғау және олардың майдан өңірі аудандарындағы тұруы мен жұмыс істеуі үшін кажетті жағдайлар туғызу жөнінде нақты қадамдар жаса-ды. Мұны Ә.Бөкейхановтың бастамасымен 1916жылғы 7 тамызда Орынборда шақырылған бес облыс (Торғай, Орал, Ақмола, Семей және Жетісу) өкілдері жеке кеңесінің құжаттары дәлелдейді. Олар кеңесті шақыруға бастамашылар (Ә.Бөкейханов пен оның серіктері) жалпы алғанда тыл жұмыстарына шақы-рылғандарды қорғау мақсатын көздегенін, шақырушылардың тізімдерін жа-сау кезіндегі заңсыздык көріністерін және жергілікті өкімет орындарының ауыл тұрғындары мен казак әскерлерінің жазалау отрядтары арасында жан-жалды жағдайлар ұйымдастыру жөніндегі арандатушылықтарын әшкереле-генін көрсетеді. Осы кеңес хаттамасының қорытындысында былай деп атап көрсетіледі: «25 маусымдағы аса жоғары жарлық қазақтарға, сол жарлыктың өзі жарияланбаған кезде жергілікті өкімет орындарының хабарландыру ны-санында мәлім болды.
Бұл халыққа ашық аспаннан жай түскендей әсер етті. Жергілікті өкімет орны аса жоғары жарлықты асығыс түрде орындауға кірісе бастады… Тізімге қазақтардың жасын ауылнайлар ез бетімен енгізеді… кейбір жазбаларды өкі-мет орындары біле тұра дұрыс жасамады: бай қазақтар өз балаларының жа-сын әдейі ересек етіп жазғызды… кейбір болыс басқарушылары өз жаулары-на мейлінше сенімді соққы жасағысы келіп, оларды адам алуға қарсыласты деп айыптап, бастықтарға жеткізді.
Жоғарыда аталған қиянат жасаушылықтар арқасында… өкімет орындарының қазіргі буыны казактардың отрядтарымен алғаш рет танысты… Дала өңірінде казак отрядтарының пайда болуы орасан үлкен ауданның бейбіт халқына қорқыныш ұялатты… Осы кезге дейін болғандардың бәрі аса жоғары жарлыкты орындауға өте асығыс кіріскендікпен түсіндіріледі. Халықты тыныштандыру үшін дереу шаралар қолдану қажет».Кеңеске қатысушылар осы шаралар ретінде өкімет орындарына 17 тармақтан тұратын қарар ұсынды. Олардың ең бастылары мыналар болып табылады:
«1) …Солтүстік уездер үшін адам алу 1917 жылғы 1 қаңтарға дейін, ал оңтүстік уездер үшін — 1917 жылғы 15 наурызға дейін кейінге қалдырылсын.
2) Бірінші кезекте 19-31 жастағылардың үштен бірі шақырылсын, шақы-ру жасы кішіден басталсын, өйткені бұл жастағылардың дені әлі шаңырак құрып үлгірмеген.
… 5) Алынғандар мүмкін болғанынша жергілікті жерлердегі мемлекет қорғау жөніндегі жұмыстарға қалдырылсын.
… 9) Қалалардағы мұсылман медреселерінің шөкірттері шақырудан босатылсын.
10) Бұрынғы асығыс жасалып, дұрыс берілмеген тізімдер… қайтарылсын; құрамына әрбір он шаңырақтан бір адам, қатысатын комитет сайланып, ауыл жиынының қатысуымен жаңа тізім жасау осы комитетке тапсырылсын.
… 14) Ауырып қалған жұмысшылар жараланғандармен бірдей медицина-лық күтімді пайдаланады.
15) Жұмысшы қазақтар қалалық және земстволық одақтар мекемелерінің қарауында болуға тиіс. Жұмысшы қазақтарды басқаратын мекемелердің құкықтары мен міндеттері туралы нұскау шығарылуға тиіс.
… 17) Қазақ жұмысшылары дәлелді себептер бойынша, қажет болуына қарай демалыс алатын болсын…»
Патшалық өкімет орындарына табыс етілген бұл құжатқа Қазақстанның бес облысы өкілдері кеңесінің төрағасы Ә.Бөкейханов және оның хатшыла-ры О.Алмасов пен М.Дулатов қол қойған. Егер бұл құжатты мұқият оқып шықсақ, оның бірінші кезекте ұлттық-демократияшыл зиялылардың же-текшілері («Алаш» партиясының болашақтағы ұйымдастырушылары) өздерінің қолдан келген амалдарымен казақ халқының мүдделерін корғаға-нын, XX ғасырдың 30—80-жылдарында ресми тарихнамада үнемі айтылып келгеніндей, «ұлт мүдделеріне сатқындық жасаушылар» болмағанын бірінші кезекте дәлелдейтінін аңғару киын емес.
Оның көрнекті өкілдерінің бірі Міржақып Дулатов 1929 жылғы 7 қаңтарда ОГП У тергеушісіне берген жауабында былай деп мәлімдеді: «1916 жыл келді. 19—43 жасқа дейінгі қазақ халқын тыл жұмыстарына реквизициялау туралы 25 маусымдағы патша жарлығы кенеттен жарияланды. Қазақ халқы толқыды… Далаға зеңбіректері мен пулеметтері бар жазалау отрядтары ағылды. Губернаторлар жер-жерге барды, түрмелер батыл адамдарға лык толды. Ақтөбеге келген Торғай вице-губернаторы… тура былай деді: «Бірде-бір қазақ тірі қалмаса да патша жарлығы орындалады».
Осының бәрін, ал ең бастысы — қазақ халқының дәрменсіздігін, қорғансыздығын көрген біз халыққа өкімет орындарына қарсыласпауға кеңес бермекші болып ұйғардық өйткені шайқастың тең болмайтынына, қазақ даласы қанға бөгетініне, қазақ халқы орны толмас қасіретке ұшырайтынына сенген едік, кейбір жолдастар қазір ұлттық қазақ зиялылары сол кезде көтеріліске басшылық ете алмады деп жүрді, бірлесе әрекет етіп, патша өкіметінің ізіне еріп кетті және т.б. деседі. Менің ойымша, сол кездегі мән-жаймен, шын жағдаймен жақсы таныс болған адам мұны айтпас еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет