Тапсырмалар: 1.1916 жылғы көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарастары туралы сыни талдау жасау. Қазақ қоғамында патшаның жарлығы мен көтеріліске көзқарас бір мәнде болған жоқ: байлардың үстем топтарының белгілі бір бөлігі, сондай-ақ «бұратаналық әкімшілік» дейтіннің шенеуніктері «реквизиция туралы» пат-ша жарлығын сөзсіз қолдады және оны басты жүзеге асырушылар болды; қазақ зиялыларының батыл өкілдері (мысалы, Тоқаш Бокин, Жаңабай Ни-язбеков, Әубәкір Жүнісов, Тұрар Рысқұлов, Әліби Жангелдин, Сейітқали Мендешев, Бәймен Алманов және басқалар) патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыкка шакырды, ал «Қазақ» газетінің төңірегіне біріккен либерал-демократияшыл зиялылардың жетекшілері (А.Байтұрсынов, Ә.Бекейханов, М.Дулатов және басқалар) патша әкімшілігін адам алуға асыкпауға, қайта әуелі дайындық шараларын жүргізуге көзін жеткізуге талай рет әрекет жасады. Сонымен бірге олар қарусыз халық патша өкіметінің аяусыз жазалау шараларының кұрбанына айналады деп орынды санап, жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды. «…Патшаның жарлығы – Акиқат және оған қарсы пікірлер болмауы керек, — делінген «Қазак» газетінің 1916 жылғы 6 шілдедегі бас мақаласында, — …жалтару жеңіл ойлылық болады, өйткені бұл халық үшін күйзеліс әкеледі. Қазір — соғыс уакыты, тәртіп катал; жасырынғандарды іздеуге отряд жіберіледі, ол шаруашылықтың күйзелуіне әкеп соғып, отбасына бақытсыздық әкеледі…» .Нақ осы газет 1916 жылғы 11 тамыздағы нөмірінде А.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың атынан алаш арасында бұйрықты ешқандай қарсылықсыз іске асыруды жақтады. Сонымен бірге олар аңғалдықпен, егер қазақтар тыл жұмыстарына қатысса, соғыста жеңгеннен кейін олар өз жағдайын жеңілдетуге және автономия алуға үміт ете алады деп санады.
Бұл орайда зиялылардың жоғары топтары (Ә.Бекейханов бас болып) мұндай екі ұдай жағдайда, балға мен төстің арасында қалғанын есте ұстау ке-рек.
1916 жылғы көтеріліс ерекшеліктерінің бірі күреске төменгі топтардың көтерілуі болғаны мәлім. Ауыл мен қыстақтың жоғары үстем топтары айлакерлік жасады, өйткені олар ішінара болыс, старшын, жергілікті аппа-раттың қызметкерлері жөне т.б. ретінде басқару жүйесіне тартылған бола-тын, екінші жағынан — ұлттық зиялылар, ең алдымен оның Ә.Бөкейханов және оның «Казақ» газеті редакциясындағы серіктері бастаған ең білімді бөлігі ол кезде күш пен ресурстарды Германиямен соғысқа жұмылдыруды жақтаған Ресей конституциялык-демократиялық партиясының (кадеттер) саяси бағытымен байланысты болатын. Осыны негізге алып және өзін жалпы ресейлік зиялылардың бір бөлігі деп сезінген Ә.Бөкейханов пен оның жақтастары майданға көмек керсетуге тырысты. Олар соғыс жағдайында көтеріліске қатысуды патша үкіметі, орыс жұртшылығы барлық туындайтын зардаптарымен коса алғанда орыс әскерлерінің ту сыртынан соққы беру деп бағалайтынын түсінді.
Ұлттық-демократияшыл зиялылар тарапынан тағдырдың жазғанына көнуге, Қазақстан бір бөлігі болған соғысып жатқан державаға көмектесуге шақыруы осыдан. Бұл шақыруды халық бұкарасының көпшілігі түсінбеді және қабылдамады. Бұқараның іс-қимылын басқаруға, олардың саяси тәлімгерлері болуға қазақ зиялыларының батыл топтарының қолына шоғырлану себептері нақ осында болатын.