«Қазіргі Қазақстан Тарихы»



бет6/9
Дата07.03.2022
өлшемі40,47 Kb.
#27165
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
тарих Арайлым

«Шуро-и-Улема»

Ғұламалар кеңесі – қоғамдық-саяси ұйым. 1917 жылы 10 шілдеде Ташкентте көрнекті қазақ қайраткері Серәлі Мұңайтпасұлы Лапиннің жетекшілік етуімен құрылған.
Шуро-и-Улема” ұйымы Түркістан өлкесінің жергілікті халқының мүддесін қорғау ислам діні қағидаларымен ұштастырылғанда ғана жүзеге асады деп санады. Соған орай Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінен мұндай ұстанымның жүзеге асуын талап етті. Түркістан өлкесіне Ресей Федерациясы құрамында аумақтық автономия берілуін жақтай отырып, олар ұлттық-діни ой-пікірлерді мерзімді баспасөз арқылы насихаттау күнделікті өмірде талас тудыратын мәселелерді Шариғат арқылы шешу керектігін өз ұйымдарының жарғысына негіз етіп алды. Жарғыға сәйкес ұйым мүшелері үш топқа бөлінді:
1)Жылына 6 сом төлегендер қарапайым мүшелер,

2)ұйымға айрықша қызмет сіңіргендер құрметті мүшелер,



3)ұйымның есепшотына 100 сом көлемінде қаржы салғандар тұрақты мүше саналатын болды.

Жергілікті зиялы қауым өкілдерінің біраз бөлігі “Шуро-и-Улема” ұйымының бой көтеріп, қоғамдық өмірге араласуын Уақытша үкімет жағдайында өлкедегі түркі-мұсылман халықтарының талап-тілектерін жүзеге асыруда кедергі келтіреді, осы мақсат жолында ұлттық саяси күштердің бірлесе әрекет етуге деген талпынысының тежелуіне, олардың ара-жігінің ажырай түсуіне әкеліп соқтырады деп санады. Мұндай пікір “Шуро-и-Улема” ұйымының Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесінің шешімдеріне мойынұсынбауына және “Шуро-и-исламия” ұйымымен қатынасының шиеленісуіне байланысты туындады. Ташкент қаласының думасы сайлауы кезінде “Шуро-и-Улема” “Шуро-и-Исламия” ұйымының басты бәсекелесіне айналып, жеңіп шықты. Ташкент қаладумасына ұсынылған “Шуро-и-Улема” тізімінде Самарқанд облысының бұрынғы әскери губернаторы Лыкошин секілді өкілдер де бар еді. Қалалық думаға ескі билік шенеуніктерінің ұсынылуы ұлттық демокругі күштердің ғана емес, өлкедегі еуропалық тұрғындар арасында кең қанат жайған либералды және солшыл радикалды топтардың да наразылық білдіруіне алып келді. Эсерлер мен социал-демократтар “Шуро-и-Улема” ұйымы біздің үстімізден реакциялық күштердің билік жүргізуіне жол беруде деп мәлімдеді. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайлау кезінде депутаттыққа кандидаттар ұсынуда Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесінің ұлттық ұйымдар атынан бір тізім жасалсын деген ұсынысын “Шуро-и-Улема” ұйымы қолдамады. Олар 1917 жылы 2 қазанда Түркістан қаласында съезд өткізіп, онда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына өз алдына бөлек депутаттыққа кандидаттар тізімін жасады. 14 адамнан тұратын бұл кандидаттар тізімі қатарында Лапин, С.Мақмұдқожа, С.Алдабергенов, С.Нұрмұхамедов, Садыққожа ишан, Х.Ибрагимов, Т.Ғалым, О.Мерейов, М.Мабирхан, Ә.Топчибашев, І.Бұралқиев, С.Юсупов, С.Наргелов, Ғ.Махдум болды. 1917 жылы күзде Ташкенттегі жұмысшы-солдат депутаттары кеңесі революциялық комитеттер құруға кірісіп, бар билікті өз қолдарына алуға ұмтылғанда оған “Шуро-и-Улема” ұйымы табанды қарсылық көрсетті. Олар Түркістан өлкесі мұсылмандарын бірлік танытуға шақырып, кезекті өлкелік мұсылмандар съезін ұйымдастырды (қалаТүркістан өлкесі мұсылмандарының үшінші съезі). “Шуро-и-Улема” 1917 жылы 25 қарашада құрылған Түркістан автономиясына да қолдау таныта қоймады. Керісінше кеңес өкіметімен ымыраға келу мақсатында 1918 жылы 17 қаңтарда өлкелік халық комиссарлар кеңесіне “Орыс социалистеріне” атты мәлімдеме жолдады. Онда жұмысшы-солдат депутаттары кеңесінің бар билікті қолына алуы сөзсіз мұсылмандардың қарулы қарсылығына ұшырататындығы ескертілді және өлкедегі билікті ұйымдастырудың өзге жолы ұсынылды. Бұл мәлімдемеде қантөгіске жол бермеу үшін өлкеде мұсылмандық автономияның орнығуы тиістігі, өлкедегі еур. нәсілдегі тұрғындарды басқару ғана ХКК қолында қалу керектігі және мұсылмандық автономия үкіметінің исламдық социализм принциптері бойынша құрылуы тиістігі аталып көрсетілді.“Шуро-и-Улема” ұйымының мұндай ұсынысына кеңес өкіметі құлақ аспайтындығын 1918 жылы ақпанда Түркістан автономиясын қару күшімен талқандау арқылы көрсетіп берді. Мұның артынша “Шуро-и-Улема” ұйымын тарату туралы шешім қабылданды. “Шуро-и-Улема” ұйымының сол тұста жасаған соңғы қадамы өлкедегі большевиктер үкіметіне қарсы күресу үшін Германиядан көмек сұрауы болды. 1918 жылы қыркүйекте “Шуро-и-Улема” ұйымының жетекшісі Лапин тарапынан білдірілген ондай өтінішке бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған Германияның көңіл бөлуге мұршасы келмеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет