Білім беру жүйесінің басты міндеттері — ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады. Оқу-ағарту жұмысы Қазақстанда ерте заманнан басталған. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi.
Педагогикалық қызмет - педагогикалық процесте тәрбиеленуші тұлғасын тәрбиелеудің, дамытудың, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға және өзін еркін және шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кәсіби қызмет. Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі, сонымен қатар оның қызметінің мұғалім мен оқушының арасында өзара қарым-қатынастарының барысында жүзеге асырылатындығы болып табылады. Мұндай өзара əрекеттестіктің сипатын, ең алдымен, мұғалімнің өзі анықтайды, мұндай өзара əрекеттестіктің ең оңтайлы түрі — ынтымақтастық, педагогикалық процесс субъектілерінің бірлескен шығармашылығы болып табылады.

Педагогикалық мамандықтың тағы бір ерекшелігі: мұғалім дегеніміз — мəңгі жастықтың кəсібі. Өзінің жасы нешеде болса да мұғалім жеткіншек ұрпақтың мүдделерімен өмір сүреді, олармен араласу мұғалімнің өмір бойы өзін рухани тұрғыдан жас болып сезінуіне мүмкіндік береді.
Педагогикалық мамандықтың көптеген түрлерінің пайда болуына қарамастан, мектеп мұғалімі ең көп таралған мамандықтардың қатарында саналып келеді. Соңғы онжылдықтар белсенді түрде педагогикалық білім саласын XXI ғасыр талаптарына сай қайта ұйымдастыру жолдарын іздестіру үрдісімен сипатталып отыр. Педагогикалық мамандық — қазіргі уақыттағы ең белгілі мамандықтардың бірі, тіпті осы мамандық басқа да мамандықтарды анықтайды деп айтуға болады, өйткені еңбектің басқа түрлері арнайы ұйымдастырылған мақсатты педагогикалық қызметтің барысында меңгеріледі.
Ғылыми-техникалық революцияның қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерінің бірі — қоғам өмірінің барлық салаларында жүргізіліп жатқан компьютерлендіру үрдісі болып табылады, бұның өзі кəсіби, оның ішінде педагогикалық мамандықта да түбегейлі өзгерістерге ұласады.
Білім беру саласын ақпараттандыру, білім беру жүйесінің барлық буындарында ақпараттық технологияларды пайдалануды көздей отырып, аса маңызды қажеттілікке айналып отыр. Ғалымдардың (В.А.Сластенин, В.М.Нестеренко) пікірі бойынша, «ақпараттық икемділіктер бірте- бірте дəстүрлі «еңбек дағдыларын» артқа қарай тықсыра түсуде, мұның өзі болашақ мұғалімнің жоғары оқу орнында оқи бастағанынан-ақ оның жаңа ақпараттық ортада бағдар таба білуге ұмтыла білуін талап етеді»