Қазіргі білім беру мазмұны. Білім беру мазмұнының мәні



бет4/5
Дата25.04.2023
өлшемі0,88 Mb.
#86923
түріОқулық
1   2   3   4   5

Оқу жоспары


Оқу жоспары– оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемелекеттік құжат.
Оқу жоспары қоғамның мектеп алдында қойған мақсатымен тығыз байланысты. Оқу жоспарында жеке пәндер педагогикалық заңдылықтарға, бірізділік және жүйелілік принциптеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне, санитарлық – гигиеналық талаптарға сай орналасады.

Оқулық


Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап.
Оқулыққа қойылатын негізгі талаптар:
- оқу бағдарламасына сәйкес болу;
- оқушылар үшін ұғымды, қысқа және қызықты болу;
- көрнекіліктермен жақсы жабдықталу;
- тілі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;
- тексеру, өзін–өзі тексеру және оқу нәтижелерін түзетуге арналған сұрақтар мен жаттығулардың болуы.
Оқулық оқушылардың оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамассыз етуі керек.
Оқу бағдарламасы оқушыларға оқу әдебиеті арқылы жетеді. Оқу әдебиетіне оқулықтар, анықтамалар, қосымша кітаптар, есептер мен жаттығулар жинақтары, атластар, карталар, жұмыс дәптерлері жатады. Солардың ішінде басты назар оқулыққа арналады. Жақсы оқулық оқушыны нәтижелі оқуға жетелейді.
Оқулыққа қойылатын талаптар күрделі болғандықтан соңғы кезде әрбір пәннен бірнеше нұсқада оқулықтар, оқу құралдары жарыққа шығуда. Дәстүрлі кітаптармен қатар аудио – видеокассеталар және компактдисктерге жазылған оқулықтар пайдаланып жүр.

Қорытынды:


Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.
Жаңа формация мұғалімі - рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет