- оқудың, мектеп өмірінің мәнін болашақ еңбек қызметіне дайындық ретінде түсінуі;
- қоршаған ортаның шынайылығына деген көзқарастар мен сенімділік жүйесі ретінде біртұтас дүниетанымының болуы;
- өзінің және басқа да халықтардың мәдени құндылықтарын білуі;
- түрлі жастағы биресми ұжымдар мен жастарға тән қосалқы мәдениет нормаларына бағынатын топтардағы қарым-қатынасқа дайын болуы;
- өзінің даралығын сезінуі және өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі іске асыруға, өмірлік жоспарларды қалыптастыруға дайын болуы;
- өзін әлем азаматы екенін сезінуі, көпмәдениетті тұлғаның сапаларын игеруі;
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметке, сондай-ақ акцияларға, жиындарға және қоғамдық-саяси сипаттағы қозғалыстарға қатыса білуі;
- салауатты өмір салтына дайын болуы тиіс және беделді қажеттіліктердің болуы;
- өзін белгілі бір жыныстың өкілі, болашақ отбасы иесі ретінде сезінуі тиіс.
Жалпы орта білім беретін мектеп жағдайында оқушыны табысты әлеуметтендіруге жалпы орта білім берудің әрбір сатысында оқушының кезең-кезеңімен игеретін негізгі құзыреттерді олармен бірлікте, өзара байланыста және дамуда игеруге ықпал етеді.