Қазіргі білім беру парадигмалары



бет1/31
Дата31.12.2021
өлшемі4,58 Mb.
#21233
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Қазіргі білім

беру парадигмалары

Дайындаған: Әтіш Назерке

Әлі Нұрбану

Білім беру парадигмасы дегеніміз не?

Биология оқу пәні және ғылым

Дайындаған: Әтіш Назерке

Әлі Нұрбану

Оқушылардың дүниетанымын ғылыми негізде қалыптастыруда мектептегі биологиялық білімнің маңызы зор.

Табиғаттың біртұтастығы, оның дамуының үздіксіздігі, өзара байланыстарының күрделілігі, табиғи құбылыстардың үздіксіз байланыстары дүниетанымын калыптастыратын түсініктерге жатады.

Биологиялық білімнің тәрбиелік құндылығы оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуінде. Жеке тұлғаның жан-жакты қалыптасуына тірі табиғат туралы білімдер үлкен үлес қосады.


  • Жалпы методика лекция түрінде беріледі, бұл жаратылыстану пәнінің шығу тарихын, алғашқы шыққан оқулықтар, методиканың даму тарихын, түрлі тәрбиелер, оқыту әдістерін, сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы екендігін, биологияға арналған сыныптан тыс жұмыстарды (үйірме жұмыстары және көпшілік-қоғам жұмыстары т.б.), биология кабинетін жабдықтау, тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру, жабдықтау, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе алаңын жоспарлауды қарастырады.
  • Жеке пәндердің методикасы – зертханалық сабақтар түрінде жүргізіледі және олар: оқытудың әдісін анықтау, оқу материалының мазмұнын толық меңгеріп, оған қажетті көрнекі құралдарды іріктеп алу және қосымша материалдарды  пайдалану, тәжірибесін қою, жасау, тақтаны пайдалану т.б.

Биологияны оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстарымен дамуын оқытады.

Биология пәнінің мазмұны және оның өзіндік ерекшеліктері, оқыту әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді оның тәрбиелік мүмкіндіктерін де анықтайды.

Биологиядан сабақ беру барысында тірі ағзалардың нақты фактілерін, табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын тірі табиғаттың даму эвалюциясының заңдылықтарын оқып білу оқушылардың ғылыми, диалектикалық материалистік көзқарастарын қалыптастырады.

Биологиялық білім қоршаған табиғи ортаның маңызын, табиғатты қорғау қажеттілігімен қалпына келтіру шараларын қоғамдық және жеке еңбектің гигиенасының маңызын түсінуге, оқушыларды өмірге бейімдеп, политехникалық білім алуға мүмкіншілік туғызады.

Атақты педагог К.Д. Ушинский айтқандай «Оқушылардың ақыл –ойын логикасын дамыту үшін жаратылыстану тарихын оқыту тиімді-деп есептейміз. »

Себебі тірі табиғаттың объектілерін бір-бірімен салыстыру, анықтау эксперименттер қою, щқушылардың ойлау қабілетін дамуын қамтамасыз етеді.


  • Биологияның мақсаты – биологиялық заңдылықтарды, тіршілік әлемінің көптүрлілігін, тірі материяның құрылым деңгейлерін зерттейтін пән.
  • Биологияның міндеті - тірі ағзалардың қасиеттерін зерттеу және олардың сан алуандығын, құрылыстарынын өзара байланыстары мен қоршаған орта жағдайларын түсіндіре білу. Бактерия-лардың кұрылысы мен тіршілік әрекеттерінін қасиеттерін микробио­логия окытып үйретеді; ботаника барлык, өсімдіктердің құрылысы ж/е физиологиялық қасиеттерін зерттейді; жануарлар дүниесін -зоология, саңырауқұлақтар дүниесін микология зерттеп үйретеді.

Биология - ғылым

Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Тірі организмдерді және олардың қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін ғылым. Биология жанды нәрселерде тіршіліктің барлық көріністерімен айналысады. Биология ғылымы тірі организмдердің құрылысын, функциясын, өсіп-жетілуін, шығу-тегін, эволюциясы мен Жер бетінде таралуын қарастырады. Бұл ғылым организмдердің классификациясын жасап оларды суреттейді, олардың функцияларына үңіледі, түрлердің қалай пайда болатынын сипаттаумен қатар организмдердің бір-бірімен қатынасын және табиғи ортасымен арақатынасын зерттейді.

Биология ғылымының салалары.


  • Биология- тірі табиғатты зерттейді.
  • Ботаника- өсімдіктерді зерттейді.
  • Микология- саңырауқұлақтарды.
  • Алкалогия- балдырларды.
  • Бриология- мүктерді.
  • Лихенология- қыналарды.
  • Зоология- жануарларды.
  • Ихтиология- балықтарды.
  • Герпетология- жорғалаушыларды.
  • Арахнология- өрмекшілерді.
  • Энтомология- бунақденелілерді.
  • Маммология немесе Териология- сүтқоректілеррді.
  • Гельминтология- құрттарды.
  • Орнитология- құстарды.
  • Анатомия- ағзаның ішкі құрылысын.
  • Хронобиология- биологиялық ырғақты.
  • Цитология- жасушаны.
  • Гистология- ұлпаларды.
  • Вирусология-вирустарды.
  • Микробиология- бактерияларды.
  • Физиология- мүшелердің қызметін, қоректенуін т.б.
  • Гигиена- денсаулықты сақтау , алдын ала сақтануды зерттейді.
  • Эмбриология- ұрықтың дамуы.
  • Экология- ағза мен сыртқы орта байланысын.
  • Аутэкология- жеке ағзалар мен популяциялардың сыртқы ортамен байланысын.
  • Этология- мінез құлықты.
  • Демэкология- популяция, қоршаған ортаны.
  • Синэкология- сыртқы ортамен бірлестік.
  • Эндокринология- бездерді.
  • Генетика- тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік.
  • Гериатрия- ұзақ өмір сүретін жасушалардың ауруларын және емлеуін.
  • Морфология- ағза пішіні мен сыртқы құрылысын.
  • Селекция- жануарлардың қол тұқымын, өсімдіктердің іріктемесін, бактериялардың штамдарын.
  • Биотехнология- тіршіліктің сан алуан қиысын.
  • Эволюция ілімі- тірі ағзалардың сыртқы ортамен байланысын.
  • Антропология- адамның шығу тегін.
  • Биометрия- математикалық әдістерді.
  • Биохимия- ағзаның химиялық зат құрамын, таралуын, өзгеруін.
  • Биогеография- өсімдіктер мен жануарлардың жер бетінде таралу заңдылықтарын.
  • Палентология- ескі органикалық қалдықтардың өмір сүрген дәуірін.
  • Биосфера- барлық табиғат өзгерісін , даму заңдылықтарын.
  • Систематика- түрлердің алуан түрлілігін.
  • Бионика- тірі организм әрекетіне ұқсас машиналар мен техникалық құралдар жасау мүмкіндігін.
  • Әлеуметтік экология- адам қвуымдастығы мен табиғат арасындағы байланыс.
  • Геногеография- материктерді мекендеген халықтарды.
  • Геоэкология- жер қабығының даму заңдылықтарын.
  • Биоэкология- тірі ағзалардың табиғат ортасындағы өзгерістердің адамның іс әрекетімен байланысын зерттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет