пәндер бойынша оқу жетiстiктерiнiң деңгейiн бағалау жүйесiн;
оқу пәндерi бойынша бiлiм беру процесiн ұйымдамтыру және iске асыру жағдайларына қойылатын талаптарды:
бiлiм беру технологияларын;
материалдық-техникалық жабдықталуын анықтауы тиiс
ҰЛТТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Жалпы ұлттық деңгейдегі жалпы орта білім берудің басты мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыреттi тұлғаның қалыптасуына ықпал ету.
Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттері әрбір оқушыға мынадай мүмкіндіктердің жасалуын көздейді:
жеке және қоғам өміріне қажетті әрi қарай кәсiби білім алуы мен жұмысқа орналасуының негізі ретінде сапалы білім алу;
өзінің білім алу қызметiн тиімді жоспарлау, ұйымдастыру, білімдерді меңгеруде өз іс-әрекеттерінің рефлексиясын жүзеге асыру және талдау;
түрлі өмірлік жағдаяттарда өз бетімен шешім қабылдау және әрекет жасау, өз тұжырымдарын дәйектеу және айналадағылармен өзара қарым-қатынас орнату, орын алып отырған әлеуметтік жағдайларға баға беру;
қазақтың және әлемдік мәдени мұралардың негіздерін білу, өзінің бірегей мәдениеттілігін дамыту;
Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен міндеттерін білу және сақтау, елдің мемлекеттік жүйесін түсіну және бағалау;
ұлтына, діни нанымына, мәртебесіне, жынысына және т.б. қарамастан, өзге мәдени түсінікке төзімділік таныту, олардың өзге көзқарастағы, ұстанымдағы өкілдерімен құндылықты-саналы ынтымақтастыққа дайын болу;
мәдени және шығармашылық істерге қатысу, және тұлға мен қоғамды қалыптастыратын мәдениеттiң маңызды тұстары мен аспектілерін түсіне және бағалай білу.