№ 1 дәріске семинар сабағының тақырыбы: Педагогикалық технологияларды жіктеу.Педагогикалық технология кестесін және технологиялық картасының сызбасын түсіру Мақсаты: Педагогикалық технологиялардың қалыптасу негізімен танысу.
Негізгі сұрақтар: Педагогикалық технологияларды жіктеу.
Қазіргі таңдағы белгілі технологиялар түрлері.
Педагоикалық технологияның түрлері.
Тапсырма түрлері: «Оқыту технологиясы» категориясының ұғымдық аппаратының дамуының негізгі кезеңдерін көрсетіп конспект жасау, ғалымдардың осы процеске қосқан үлесін келтіріңіз. Берілген тақырыптың конспектісін құру, онда келесі сұрақтарды қамту:
Педагогикалық технологияны жасау әдістері (баптары);
«Оқыту әдістері», «оқыту әдістемесі» ұғымдарының салыстырмалы талдауы.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақ түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.
Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
Міндетті түрде тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.
Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.