Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім. Білім - ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы . Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағанына биыл 28 жыл толып отыр . Осы уақыт ішінде елімізде оң өзгерістер , табыстар мен көптеген ғылыми жаңалықтар өмірге келді . Жаңа ғасырдың жаңаша ойлайтын білімді де білікті жастарының арқасында жаңа технологиялар өндіріске енгізіліп , қай салада болмасын әлемдік озық тәжірибе өмірімізге еніп келеді .
Білім беру мен ғылымды дамыту мәселелерін Елбасы әрдайым өзінің басты назарында ұстайды . Бүгінде барлық салалар жоғары қарқынмен даму үстінде . Ал күн сайын өзгеріп отырған технология , нанотехнология , молекулярлық биология , космосты игеру сынды ғылым салаларына ілесіп отыру үшін біздің мамандарға үлкен ізденіс керек . Педагогикадағы жаңалықтарды жасаушыларды ерекше атап өту қажет . Себебі, инновациялық дамудың негізгі түсініктерін ашу жаңалықтарды іске асырушы адамдарсыз мәнсіз болып табылады .

Педагог - новатор нақты жаңалықты жүзеге асырушы, сонымен бірге жаңалыкты жасаушы немесе үлгісін керсетуші , Инновациялық педагогикалық іс - әрекет белгілі оқытудың тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама - қайшы , ол белгілі межеден шығып , жеке шығармашыл өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады .
Педагогикалық жаңалық- жаңа идеялар , әдістер , технологиялар ғана емес , педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.
Қазіргі заманғы білім берудің негізгі тенденциялары (А.А.Вербицкий бойынша)
Бірінші тенденция – білім берудің әрбір кезеңін үздіксіз халықтық білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ұғыну (мектеп пен жоғары оқу орны; ЖОО мен студенттердің болашақ өндірістік қызметі);
Екінші тенденция – «оқытуды индустрияландыру», яғни қазіргі заманғы қоғамның интеллектуалдық әрекетін іс жүзінде күшейтуге мүмкіндік беретін оқытуды компьютерлендіру және оны технологияландыру.
Үшінші тенденция - басым мәлеметтік формалардан проблемалық элементтер, ғылыми ізденістер, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қорын кеңінен қолданулары қамтылған оқытудың белсенді әдістері мен формаларына көшу.
Төртінші тенденция – оқу-тәрбие процесін қатаң тәртіппен ұйымдастыру мен алгоритмделген әдістерден осы процесті дамытушы, белсендіруші, жылдамдатушы, ойын және т.б. әдістеріне ауысудың психологиялық-дидактикалық шарттарын қарастыру.
Бесінші және алтыншы тенденция - оқушы мен оқытушының өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға қатысты және оқытуды ұжымды, оқушылардың бірлескен әрекеті ретінде ұйымдастыру қажеттілігін атап өтеді, бұл жерде басты назар «оқытушының оқыту әрекетінен оқушының танымдық әрекетіне ауысады».