Қазіргі дидактиканың 10-15 мәселесін тұжырымдаңыз және негіздеңіз пмнок 221дк Бекмагамбетова Куаныш


ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР



бет3/3
Дата03.12.2023
өлшемі125,5 Kb.
#133618
1   2   3
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР.
Оқытудың түрлері

Догматикалық
оқыту



Оқыту түрлері

Түсіндіру суреттеу арқылы оқыту

Дистанциялық оқыту

Дамыта оқыту

Материалдық жұмыс

Технологиялық карта

Дидактикалық жүйелер уақыт талабына сай өзгеріп отырады. Мысалы, И.Гербарттың (1776-1841) дидактикасы кейін дәстүрлі оқыту түріне айналды. Онда Я.А.Коменский (1592-1670) дидактикасының, сол сияқты ертедегі догматикалық және схоластикалық жүйелердің элементтері болды. Д.Дьюй (1859-1952) дидактикасы дәстүрлі дидактика негізінде пайда болды. Сол сияқты қазіргі бағдарламалық немесе компьютерлік оқытулар да бұрынғы жүйелер жасаған негізге сүйенеді.
Тәжірибеде оқытудың көптеген түрлері қолданылуда. Мұғалімдер барлық пайдалы оқыту түрлерінен бас тартпай, жақсыларын жаңа жүйеге пайдалануда.
Догматикалық оқыту. Еуропада көп ғасырлар бойы өмір сүрді, оқушылар болмыс факті, құбылыстарын және олардың арасындағы байланыстарды дайын күйінде жаттады. Оқушылар бұд материалды есте сақтап, сөзбе сөз еске түсіруі керек болды. Олардан білімді тәжірибеде қолдану талап етілген жоқ. Оқытудың бұл түрі механикалық естің дамуына көмектеседі, бірақ жеке тұлғаның ақыл-ойының өсуіне жағдай жасамайды. Қазірігі мектепте көп қолданылатын оқыту түрлері: түсіндіру – суреттеу, проблемалық, т.б.
Түсіндіру – суреттеу арқылы оқыту. Оның мәні атынан көрінеді. Түсіндіру және көрнекілік – мұндай оқытудың негізгі әдісі, тыңдау және есте сақтау – оқушы іс-әрекетінің жетекші түрлері, оқылғанды қатесіз жаңғырту – негізгі талап және тиімділіктің негізгі өлшемі. Бұл оқытудың кең тараған түрі. Оны ғылыми негізделген және сипаттаған неміс ғалымы И.Гербарт. Осы дидактикалық процесте оқытушы мен мұғалімнің іс-әрекетінің кезеңдері мынадай болады:
Түсіндіру – суреттеу арқылы оқытудың жақсы жақтары: уақыт үнемдейді, мұғалім мен оқушылардың күшін сақтайды, оқушылардың күрделі білімдерді түсінуін жеңілдетеді, процесті тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оның ірі кемшіліктері бар. «Дайын» білімдер оқушыларды өз бетімен ойлауға үйретпейді, тек оқушылармен жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, оның ақыл-ой қабілетін және оқушының іскерлігін нашар дамытады. Сондықтан дидактикада, әсіресе ХХ ғасырда, өнімді (репродуктивтіктен өзге) ойлауға, шығармашылық ой дағдыларына үйрететін модельдерді іздестіру жүрді. Осылайша проблемалық оқыту пайда болады.
Проблемалық оқыту процесі мынадай:
- Проблемалық жағдай жасау және мәселе қою.
- Мәселені шешу жолдарын – гипотезаларды ұсыну.
- Таңдап алған гипотиезаның дұрыстығын жаратылыс-математика бағытындағы пәндерде тәжірибе арқылы гуманитарлық пәндердегі ережелердің дұрыстығын түпдеректер арқылы тексеру.
- Нәтижелерді қорыту: жаңа білім, іскеліктерді оқушылардың бұрынғы іскерліктеріне білім қосу, оларды теория мен тәжірибе арқылы бекіту.
Мұғалім әр кезеңде басшы, оқуды ұйымдастырушы. Оқушылардың белсенділігі материалдың күрделілігіне, оқушылардың дайындықтары мен деңгейлеріне, жабдықтарға байланысты.
Мәселелі оқыту, меңгеру үшін мұғалім мәселелік жағдаят, мәселе, мәселелік міндет (тапсырма), гипотеза сияқты ұғымдарды жақсы білу керек. Мәселелік оқытудың маңызды кезеңі мәселелік жағдаят. Мәселелік
жағдаятқа еңгізілетін оқу проблемалары қиын да, бірақ оқушылар шеше алатындай болу керек.
Мәселелік міндет ұғымының педагогикалық әдебиетте екі түрлі мәні бар. Біріншісі – оқушыдан танымдық іс-әрекетті талап ететін кез келген тапсырма, екіншісі – кез келген міндет емес, оқушыларды өздері үшін білімдер алуға ықпал жасайтын міндеттер.
Гипотеза жорамалы - ғылыми қиял формаларының бірі. Кез келген жорамал емес, әдетте дәлелденген жорамал ғана гипотеза болып санала алады. Гипотеза – проблеманы шешу тәсілі.
Дидактикада мәселелік оқытудың көптеген түрлері жасалды: іскерлік ойындар, процестерді моделдеу (компьютер арқылы модельдеу) нақты жағдайларды талдау әдісі, ой майданы, эвристикалық әңгіме және т.б.
Мәселелік оқытудың жақсы жақтары: өзіндік шығармашылық іс-әрекет арқылы өз бетімен білім алу оқу еңбегіне деген қызығушылықтың жоғарылығы, өнімді ойдың дамуы, оқытудың берік және пәрменді нәтижелері.
Кемшіліктері: оқушылардың танымдық іс-әрекетінің әлсіз басқарылуы, жобаланған мақсатқа жету үшін өте көп уақыттың кетуі. Сондықтан оны дидактикалық мақсаттарға сәйкес, басқа оқыту түрлерімен ұштастыра қолдану керек.
Бағдарламалық оқыту:
Бағдарламалық оқыту - тақырыпты оқу бағдарламасы бойынша арнайы құралдар (оқулық, ЭЕМ) көмегімен оқушының өз бетімен меңгеруі.
Бағдарламалық оқытудың негізгі ұғымы оқытатын бағдарлама. Бағдарлама үш бөлімнен тұрады: оқу ақпараттарының үзінділері, онымен жұмыс істеу операциялары – тапсырма, меңгеру үшін істелетін жұмыстар, бақылау тапсырмалары (кері байланыс), жаттығуларды қайталау немесе келесі бөлікке өту туралы нұсқаулар.
Б.Скиннер (1904 жылы туған) жасаған линиялық бағдарламада оқу материалдары шағын бөліктерге бөлінеді. Материалды меңгеру үшін берілген тапсырмадағы ақпаратты оқып, оқушы оның бос жерлерін бір немесе бірнеше сөздермен толтырады. Содан кейін жауабын бұған дейін жабық тұрған жауаппен тексереді, дұрыс жауап берсе ақпараттың келесі бөлігін оқиды, ал оқушы дұрыс жауап бермесе, онда ол ақпаратпен қайта жұмыс істейді.
Линиялық бағдарламаны сынау тармақты бағдарламаны жасауға әкелді. Оны жасаушы Н.А.Краудер оқу материалының бөліктері үлкен болу керек, өйткені, кішкене бөліктерді меңгеру жеткіліксіз, сондықтан тақырыптың мазмұнын терең және жан-жақты талдау керек деген.
Тармақты бағдарламада оқушы жауаптарды таңдайды, оған берілетін тапсырманың ішінде оның дұрыс, толық емес және дұрыс емес жауаптары болады. Одан оқушы дұрыс жауапты таңдайды. Егер оқушы дұрыс жауапты таңдаса, онда ақпараттың келесі бөлігіне өтеді. Егер жауабы дұрыс болмаса, онда оқушының не себепті қателескені түсіндіріледі де, оған басқа бағдарламамен жұмыс істеу тапсырылады.
Сонымен тармақты бағдарлама оқушылардың жауаптары және қателеріне қарай түрлі жолдармен материалды меңгертеді. Бірақ оның да кемшіліктері бар, оқушы көп жауаптың ішінен дұрысын аңғарып, қате жауапты таңдамауы мүмкін. Сыншылдардың пікірінше тармақты бағдарламаның өзі оқушыға материалды толық және жүйелі меңгертпейді.
Аралас бағдарламада ақпараттың түрлі дозалары, проблемалық оқыту, оқушылардың жауаптары олардың жеке ерешеліктеріне икемделген. Оқушылардың жауап беру тәсілдері әртүрлі: әріп, сөздерден жауап құрастыру, жауаптарды шартты белгілермен белгілеу, берілген жауаптардан дұрысын таңдау.
Бағдарламалық оқытуға байланысты дидактикаға алгоритм ұғымы енді. Алгоритм дегеніміз – оқу материалымен жүйелі жұмыс істеу үшін оқушыға берілетін нұсқау.
Оқытуда алгоритмдерді қолдану оқушылардың іс-әрекетін қатаң басқаруға, жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.
Бағдарламалау идеясының дамуы нәтижесінде блоктық, содан кейін модульдық оқыту пайда болады.
Модульдық оқыту – баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, оны өз жұмысын жоспарлай, талдай, бақылай білуге үйретеді.
Технологиялық картаны мұғалім жасайды. Ол әдеттегі сабақ жоспарына ұқсайды. Онда тақырып, оған бөлінген сағат, оқыту мақсаты, жұмыстың түрі, оқу материалын, оқу жұмысы тәсілдерін меңгеру формалары көрсетіледі. Негізгі білімдер, тақырыпты оқу арқылы қалыптасатын жалпы оқу және арнайы іскерлік, дағдылар бөлінеді. Тақырыпты оқу нәтижесінде нені меңгеру керектігі көрсетіледі.Мұндай карта жеке сабақтарға, бөлімдерге жасалады.
Модуль дегеніміз – мұғалім жасайтын оқушының оқу іс-әрекетінің жоспары.Оны баспа әрпімен теріп сыныптың әр оқушысына береді. Бұл әдістемелік құралда оқушының әр сабақтағы оқу іс-әрекетінің мақсаты, оқу тапсырмалары, оларды орындау әдістері көрсетілген.Модульдер арқылы мұғалім әрбір оқушымен жұмыс істейді.
Модульдің сабақтан айырмашылығы жұмыс оқушының іс-әрекетінің мақсатын анықтаудан басталады. Мұғалім оқушы «Нені үйрену керек?» - деген сұраққа жауап береді.Келесі кезеңде оқушыны тақырыптың мазмұнын және оқу іс-әрекетін меңгеруге талаптандырады. Ол үшін графикалық диктант, шағын тест, интеллектуалдық сергітулер өткізіледі. Содан кейін ақпараттық блок: (мұғалім әңгімелеуі, дәріс, фильм, диафильм, оқушылардың хабарламалары, оқулықтар оқу) беріледі.
Материалмен жұмыс: зертханалық жұмыс, есептер шығару, проблемаларды шешу, сұрақтарға жауап, тапсырмалар орындау, т.б. Модульдық сабақ мұғалімнің бақылауымен аяқталады, білім, дағдылар оқушының қатысуымен түзетіледі.
Модульдық оқыту түрінің міндетті элементі рефлексия (өзін, өзінің іс-әрекетін бағалау). Әрбір сабақ соңында оқушылар сабақ мақсатына қаншалықты деңгейде жеткенін, өз жұмысын бағалайды. Модульдық оқытуда оқушылардың білім іскерліктерінің бастапқы деңгейі анықталады, содан соң өткелі отырған тақырып бойынша ақпарат алады, материалдармен жұмыс істейді, білім, іскерлік бақыланады, түзетулер жүреді.
Дәстүрлі сыныптық-сабақтық жүйеде мұғалім барлық жұмысты істейді. Оқушылар негізінен тыңдайды және жауап береді. Модульдық оқытуда мұғалім оқытуды ұйымдастырушы. Ол оқыту процесін басқарады. Мұғалім кеңесші, оқушының көмекшісі, өз жұмысының кейбіреулерін оқушыларға береді. Мысалы, мұғалім алдын ала бағалау өлшемін әзірлейді, сол бойынша оқушылар өздерін және жолдастарын бағалайды. Мысалы, тақырып бойынша 24-26 ұпай алған оқушы «5», 21-23 ұпай алған «4», 17-20 ұпай алған «3», 17-ден төмен «2» деп бағаланады.
Баспа әрпімен терілген модульмен жұмыс істеу үшін балалар жақсы жүргізіп оқи білу керек. Сондықтан модульдық оқытуды бастауыш сыныпта қолданудың керегі жоқ деген пікірлер де бар. Модульдық оқытуда сабақтың ұзақтығы 2 сағат, сабақтар жарты жылға жоспарланады.

Оқыту процесінің негізгі құрамдық бөліктері.


Дидактика тарихында оқытудың мақсаты туралы екі көзқарас болды. Біріншісі: мақсат – жеке тұлғаның ақыл-ойын, есін және басқа қабілеттерін дамыту деген тұжырым. Екіншісі: мақсат – ғылым негіздерін меңгерту, өмірге қажет нақты білімдер беру.
Қазіргі оқытудың мақсаты білім туралы құжаттарда белгіленген. Ол мұғалімнің сабақ жоспарында нақтыланады.
Оқу материалын меңгертудің әрбір кезеңінде мұғалім өзінің алдына төрт түрлі дидактикалық мақсат қояды. Олар:
- оқушыны оқу материалдарымен таныстыру және оны бірінші рет бекіту;
- оқығанды еске түсірту, іс жүзінде репродуктивтік және продуктивтік деңгейде қолдандыру;
- білім және іскерлікті қолдану арқылы жүйелеу;
- білім, іскерлікті бақылау және есепке алу.
Оқыту мазмұны - оқыту процесінде оқушы меңгеретін ғылыми білімдер, тәжірибелік іскерлік, дағды, іс-әрекет және ойлау тәсілдері, оқыту мазмұны пән бойынша жасалған мемлекеттік оқу жоспарында, мемлекеттік оқу бағдарламаларында, оқулықтарда жазылған.
Оқыту процесінде бастапқы кезеңінде мұғалім оқушыларды оқу
материалдарымен және оны қолдану әдістерімен таныстырады.Оқу материалдарының жаңа бөлігін меңгеру және бекіту қатар жүреді. Оқытудың мақсаты - оқу материалдарының негізгі ойын және тәжірибелік маңызын оқушыға меңгерту.
Екінші кезеңде оқу материалы қайталанады және оқушылар алған білімдерін қолданады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – алған білімді нақтылау, кеңейту, кең түрде жаңғырту, тәжірибелік қолдану.
Үшінші кезеңде мұғалім оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастырады, сол арқылы ұғымдарын жүйеге келтіреді. Оқушы алған білімін мұғалімнің көмегімен де және өз бетімен де қолданады, меңгерген білімдерін бір-бірімен салыстырады. Бұл кезеңдегі оқыту нәтижесінің көрсеткіші:
- оқушылардың мәселелерді өз бетімен шешуі;
- білімді түрлі жағдайларда қолдана білуі.
Оқыту процесін кезеңдерге бөлу, талдау оның ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Бірінші ерешелік. Оқыту мен оқудың бірлігі. Олардың біреуін өзгерту екіншісінің өзгеруіне де ықпал етеді. Оқыту барысында осы бөліктер арасында үйлесімді дидактикалық өзара әрекет болу керек.
Іс-әрекет субъектілерінің жақсы қарым-қатынасы оқытудың нәтижелерін көтерудің негізгі жолдарының бірі.
Оқыту процесінің екінші ерекшелігі: оқыту мен оқудың өзара байланысы арқылы білім мазмұны оқушының іс-әрекетіне негіз болады.
Бір циклден екіншісіне жоспарлы түрде өту – оқытуды басқаруға қойылатын келесі талаптардың бірі.
Үшінші ерекшелік оқу ақпараттарын оқушылардың қалай қабылдағанын, оны меңгеру нәтижесінде қандай ішкі процестер өтетінін, қандай жағдайлардың оқытуға ықпал ететінін бірден бағалауға болмайтындығында. Оқу процесінде жоспардан ауытқулар болуы мүмкін, оның алдын алу үшін мұғалім ең басты ұғымдарға назар аударады.
Оқытушы іс-әрекеті. Оқыту – оқыту процесінің негізгі бөліктерінің бірі. Оқытушының іс-әрекеті оқушымен тікелей де, жанама да байланыста жүзеге асырылады. Оқыту процесі оқу процесінің белсенділігін талап етеді. Бұл талапты орындау оқушылардың іс-әрекетін мұғалімнің ұйымдастыруына, бақылауына, өздігінен білім алуды жолға қоюына, өз мақсаты мен оқушы мақсатын сәйкестендіруіне байланысты. Оқытушы:
- оқу ақпараттарын іріктейді, жүйелейді, бөліктерге бөледі және оқушыларға ұсынады.
- осы ақпараттарды үйретеді, меңгертеді, олармен істелетін жұмыс әдістерін белгілейді.
- әрбір оқушының білімдер жүйесін меңгеруін және оларды оқу-өндірістік жұмыстарда қолдануын ұйымдастырады.
- оқушылардың оқу – танымдық іс-әрекетіне басшылық етеді.
- оқытушы оқушылардың белсенділігін және саналылығын ынталандырады, білімнің және оқу іс-әрекетінің сапасын бақылайды, оқыту нәтижелерін талдайды, оқушының жеке тұлғасын одан әрі дамытуды жоспарлайды.
Оқушының оқу – танымдық іс-әрекеті. Оқу мазмұны және мәнін зерттеген бихевиоризм, гештальпсихология, когнитивизм, іс-әрекет теориясы, гуманистік психология.
Оқу - оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Оқушының оқыту процесіндегі
іс-әрекеті бір нәтижеге жетуге бағытталған.
Осы іс-әрекеттің маңызды белгілері: өзін-өзі сынау және өз бетімен жұмыс істей білу, қызығушылық, қажеттілік, танымдық белсенділік, табандылық, жігерлілік, өзінің алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсіну, керекті іс-қимылдарды таңдау.
Оқу іс-әрекетінің өнімдері - білімдерде, іс-әрекетте, рухани өмірде,
қоғамдық қатынастарда, бағаларда бейнеленген. Оқу іс-әрекетінде тұлғаның барлық сапалары көрінеді және қалыптасады.
Оқу іс-әрекеті мазмұн, жеке іс-қимылдар, мотивтер сияқты бөліктерден тұрады. Оқу іс-әрекеті арқылы оқу міндеттері шешілсе, оның құрамында мынадай бөліктер болады: міндеттерді талдау; міндеттерді орындау туралы шешімге келу; оларды шешуге керекті білімдерді еске түсіру; міндеттерді шешу жоспарын жасау; жүзеге асыру, шешілетін міндетті бақылау және бағалау; оқу міндеттерін шешу процесіндегі іс-әрекет тәсілдерін түсіну.
Оқыту нәтижелері, оны бағалау. Оқыту қол жеткен нәтижелерді талдаумен аяқталады. Бірінші сабақтағы ең басты назар оқушыға жаңа білім, іскерліктерді меңгеруге көмектесуге аударылып, келесі сабақтарда бақылау және талдау күшейтіледі.
Оқушылар жаттығуларды, үй тапсырмаларын жеткілікті деңгейде орындағаннан кейін меңгерілген оқу материалын қолдануға назар аударылады. Мұғалім оқушының фактілерді, анықтамаларды түсінгендігін тәжірибелік жұмыста білімді дұрыс қолдануынан көріп, оқыту мақсатына жеткендігі, білімнің меңгерілгендігі туралы қорытынды жасайды.
Қорытындыларды шығаруға оқушылардың өздері де қатыстырылады. Сөйтіп, оқытудың соңғы кезеңінде білімдегі, іскерліктегі кемшіліктер анықталып, меңгерілген тақырыптармен және бөлімдермен одан әрі жұмыс істеу жолдары белгіленеді.
Мотив –оқу қызметінің маңызды бөлігі.
Оқу іс-әрекеті, мазмұны оқушыны оқуға итермелейді. Оқу-танымдық мотивтері (Д.Б.Эльконин) бар оқушы ақпараттармен шектелмей, әр пәндегі іс-әрекет тәсілдерін үйренуге тырысады.
Оқу танымын алға бастыратын жағымды себептерболып табылады.
Танымға оқушының ықыласы болу керек. Оған қалай қол жеткізуге болады? Педагогика ғылымы бұл сұраққа толық жауап берген жоқ. Іс - әрекеттің негізгі себептері – қажеттілік, қызығушылық.
Мұғалімнің жеке тұлғасы, іс-әрекеті, оқу материалы мазмұны, оны меңгерту әдістері оқушының оқуға деген ықыласын оятып, жақсы сезім, қызықты сабақтар, жаңа көрнекіліктер, техникалық құралдар оқушыларды сабаққа қызықтырады. Болашақты ойлап пәндерге қызығу, түрлі пәндерге қабілет, белсенділік, ата-аналарының алдындағы парыз баланың білім алуына себепші болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет