Қазіргі дидактиканың 10-15 мәселесін тұжырымдаңыз және негіздеңіз пмнок 221дк Бекмагамбетова Куаныш



бет1/3
Дата03.12.2023
өлшемі125,5 Kb.
#133618
  1   2   3
Байланысты:
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ш.Уалиханов Университеті
Қазіргі дидактиканың 10-15 мәселесін тұжырымдаңыз және негіздеңіз


ПМНОК 221дк
Бекмагамбетова Куаныш
Қазіргі дидактиканың 10-15 мәселесін тұжырымдаңыз және негіздеңіз:
а) ең өзекті мәселелерді жазыңыз;
б) мәселелердің қайсысы оқыту теориясын айтарлықтай дамыта алатының әзірлеңіз;
в) сіз ұсынған мәселелерді шешу оқу сапасына қаншалықты ықпал ететінін бағалаңыз?
ДИДАКТИКА ТУРАЛЫ ҰҒЫМ.
«Дидактика» - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko – оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру.
Оқыту – мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі – мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті.Көбіне оқыту деп мұғалім мен оқушының бірлескен, мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамып, білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады – оқыту және білім алу. Оқыту – оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне назар аударылмайды.
«Оқыту – үйрету және білім алу» деген парадигманың ұзақ тарихы бар. Ол әлі сақталуда. Себебі, мұғалім ұзақ уақыт оқушыға ақпарат беретін негізгі тұлға болып келді. Осы кезге дейін «білім беру», «оқыту» терминдері жиі қолданылады.Білім, іскерлік, дағды оқушыға бере салатын зат болмағандықтан оқыту мәнін нақты ашпай, көптеген сұрақтарға жауап бере алмаймыз. «Қандай іс-әрекет?», «Өзара іс-әрекет барысында білім қалай меңгеріледі, даму, тәрбие қалай жүреді?» - деген көптеген сұрақтарға жауап берілмеген.Әрине мұғалім мен оқушы оқыту процесінде өзара әрекет жасайды, оның негізі, оқыту мәні – мұғалім ұйымдастырған таным іс - әрекетін оқушылардың атқаруы нәтижесінде мәліметтерді меңгеруі, дамуы, тәрбиеленуі.Демек, оқыту дегеніміз – оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және ынталандыру іс-әрекеті.
Оқыту процесі – екі жақты процес болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.
Оқытудың маңызды міндеттері:Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу – танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру. Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау.Білім беру деп – табиғат және қоғам жайында ғылымда жиналған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті – білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.Дидактика «Нені оқыту керек?» «Қалай оқыту керек?» деген үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа да сұрақтар туындайды: «Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?», «Кімдерді оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?» және «Қайда оқыту керек?».Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік педагогикалық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің тәжірибесіне енгізумен айналысады.Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептің алдында тұрған ірі тәжірибелік міндеттерді теориялық білімсіз шешу мүмкін емес
Дидактиканың пайда болып дамуы. Оқыту теориясының негізін қалаушылар: Я.А.Коменский, И.Г.Песталоций, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, В.Сухомлинский, А.С.Макаренко, т.б. қосқан үлесі.Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592 - 1670). Оның 1632 жылы шыққан «Ұлы Дидактика» кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат – адамшылық, оған жету жолы – білім беру және оқыту деп санады. «Көп емес, өмірге керекті білімдерді» беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Я.А.Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді. «Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау;оқушыларды сыныпқа бөлу;әр сыныпқа бөлме беру;күніне 4 сабақ өткізу;әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;қоңыраудың соғылуы;тәртіп;бір сабақтың ұзақтығы бір сағаттан аспау керек;сабақты күзде бастау.Мұғалім оқушыларға жаңабілімдерді түсіндіреді, жаттығулар орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Я.А.Коменский тақырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соңы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді.
Я.А.Коменский «Мұғалім – сабақты жаратушы, оның жүрегі», - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ.Я.А.Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.
Иоганн Генрих Песталоций (1746-1827) «Гертруда өз балаларын қалай оқытады?» (1801ж.) деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негіздерін қалады. Қоршаған дүниені сезім арқылы қабылдау – білім негізі. Одан әрі нәтиже – дерексіздік. Білімді қажетсіну ынтаны туғызады. Сөз, сан, шама – ақыл жемісі, оның негізі, оқытудың қарапайым құралдары.Жаратушы балаға күш береді. Ол баланы дамуға итермелейді. «Көз көргісі келеді, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, қол ұстағысы, жүрек сенгісі, жақсы көргісі, ми ойланғысы келеді»-деген. Осы тұжырымдарға сай
И.Г.Песталоций буынға бөліп оқыту, алдымен сурет салуға үйрету, содан кейін жазуға үйрету тәсілдерін қолданған. Бақылау әдісін, баланың бақылаудан алған әсерлерін талқылатуды қолданған. Оның пікірінше «заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы оянып, сөйлегісі келеді».Адамның дүние туралы түсінігі алғашқыда анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл-ой жұмысын туғызады. Бірақ білімді бере беру жеткіліксіз, ақылдың қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлату, сұрақ-жауап тәсілдері қолданылған.Пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екендігін дәлелдеген.
Ұлы педагог көрнекілік әдісін Я.А.Коменскийге қарағанда терең жазып, ақыл-ой жұмысына керектісі еңбек пен тәжірибе деген.Жан Жак Руссо (1712-1778жж.) «Эмиль немесе тәрбие туралы» (1762ж.) деген еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін көтеруді ұсынды. Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен көп сөйлегені үшін сынады. Руссо баланың қажеттілігін қанағаттандыратын оқыту теориясын ұсынды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес баланы өмірге бейімдеу керек деп, тәрбиешілерді оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге шақырады. Оның оқыту мен бала өмірінің байланысы, бала табиғатын зерттеу, шығармашылық күшін дамыту, еңбекке дайындау сияқты идеяларынң педагогиканың дамуы үшін маңызы зор болды.
Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870жж.) басқа тілде оқыту баланың табиғи күші мен қабілтін әлсіретеді, сондықтан оны ана тілінде оқыту керек деді. Ушинский бастауыш мектеп жұмысының негізгі бағыттарын, жеке пәндердің мазмұнын анықтауға көп үлес қосты.Халық шығармашылығы – ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар білімділікке көмектеседі. Зейінді жаттықтыру, есте сақтауды жақсарту, қайталау, жүйелілік, сабақтастық, беріктік принциптері, оқытудың түрлі әдістері баланың берік білім алуын қамтамасыз етеді.
Надежда Константиновна Крупская (1869-1939жж.). Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру үшін оларға терең білім керектігін, әр пәнді басқа пәндермен және өмірмен байланыстыруды атап көрсетті. Мұғалім теория мен тәжірибенің бірлігі арқылы жекелеген пәндер арасында байланыс орнату керек деді. Крупская политехникалық оқуды қолдап, оқу жоспарына жалпы техникалық пәндерді енгізуді ұсынды. Ол оқуды өнімді еңбекпен байланыстыруа шақырды.
Антон Семенович Макаренко (1888-1939жж.). А.С.Макаренко оқу пәндерін жүйелі оқытуды құптады. Ол сол кезде қолданылған дальтон-жоспары, жобалау әдісі сияқты әдістеріне қарсы шықты.
Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970жж.) оқытуды ақыл-ой тәрбиесінің маңызды құралы деп қарады. Оқытудың табыстылығы мектептегі мұғалімдердің рухани өміріне, ой-өрістерінің кеңдігіне, мәдениеттілігіне байланысты деді. Сонымен қатар өнімді еңбек, зерттеу жұмыстары, эксперимент жүргізу, құбылыстарды, әдебиеттерді өз бетімен түсіну ой жұмысын шапшаңдатады.
Өткен ғасырдың 80-жылдарының аяқ кезінде ынтымақтастық педагогикасы одан әрі дамыды. Оның негізгі идеялары:
Сабақ үстінде оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болу. Маңызды міндет – баланың оқуға деген ықыласын ояту, оны өзінің табысына, ісінің алға басқанына, дамығанына қуанту.
Қысым жасамай оқыту. Ынтымақтастық педагогикасының бір принципі – оқушыларды қорқытпау, еркін ұстау, өз күшіне сендіру.
Қиын мақсат қою идеясы. Жаңашылдар сабақтарының дәстүрліден айырмашылығы – балалармен ынтымақ, оларды қиын мақсатқа жетуге жігерлендіру.
Тірек идеясы. Жаңашыл мұғалімдер пәндік, сөздік ақпараттарға алуан түрлі нұсқауларды (сызба, кестелер, т.б.) енгізді. Олар есті, қисынды, қиялды, ойдың алгоритмдік формаларын дамыту құралы.
Өз еркімен таңдау идеясы. Владимир Федорович Шаталов оқушыларға көп есептер береді, ал олар қалаған есебін шығарады.
Озу идеясы. Сабақта, алда өтетін тақырыптарға уақыт беріледі.
Ірі блоктар идеясы. Оқулықтың 3-4 тарауы бір сабақта оқылады.
Өзін-өзі талдау идеясы. Шалва Александрович Амонашвили балаларды өздерінің іс-әрекеттерін бағалауға және пікірлерін айтуға үйретеді. Оның оқушылары жолдастарының жұмыстарын тексереді және бағалайды.
Сыныптағы ақыл – ой жұмысы. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныпта білімге деген құштарлық, биік мақсатқа жетуге деген құлшыныс бар.
Жеке тұлғалық тұрғы. Жаңашыл мұғалімдердің сабағында әр оқушы өзін жеке тұлғамын деп сезінеді, мұғалімнің өзіне деген адал ниетін көреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет