Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті
Орындағандар:
Қосыбай Аяулым
Султанова Аяжан
Идришева Балжан
Қазақ мәдениеті – қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалар мәдениетінің заңды жалғасы, өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқы мәдениетінің бай екені сөзсіз. Қазіргі Қазақстан мәдениеті – бұл көшпелі өткеннің рухымен қаныққан өнердің, дәстүр мен тұрмыстың алуан түрлерінің орасан зор қабаты.
Қазақстандағы қазіргі мәдени процестер көпқырлы және әр алуан. Оның астында қазіргі таңда дамып жатқан өнердің түрлері мен жанрын қоса алғанда, өзгерістердің, инновациялардың, білім берудің, ғылымның және мәдениеттің әртүрлі салалары мен аясын қамтитын түбегейлі қайта құрылудың кең көлемдегі спектрін түсінуге болады. Рухани жаңғырудың жолында жүріп жатқан бірнеше жоба бар. Соның бірі әрі бірегейі, елбасының « Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет » жобасы турасында. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев « Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру » атты мақаласында жаһандану дәуіріндегі қазақстандық мәдениеттің бүгіні мен болашағына үлкен мән береді : « Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, « Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет » жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек ». Расында да, қоғам дамуының басты көрсеткіші болып әрдайым оның мәдени жетістері танылды. Сол себептен, бұл жетістіктерді әлемдік деңгейде таныту қажет. « Жаһандық өмірдегі заманауи Қазақстан мәдениеті » арнайы жобасының арқасында отандық мәдениеттің заманауи жетістігімен барша халықтың танысу мүмкіндігі туады.
Халықаралық бiрлiкте ұлттық мәдени орталықтары маңызды рөл атқарады. Олар Қазақстандағы барлық халықтарының мәдениетi мен дәстүрлерiнiң қайта жаңғыруына қызмет етедi. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы өткiзiлдi. Кеште болса, қазақ халқының ағартушы қайраткерлерi А.Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М.Дулатов, Ш. Құдайбердиев, Ә.Бөкейханов сияқты қайраткер, ақын - жазушылардың атымен мектептер мен елдi мекендер, көшелер, алаңдар атала бастады. Хан Абылай, Исатай мен Махамбеттiң мүшел тойлары салтанатты жағдайда атап өтiлуде. Халықтық салт-дәстүрлер, мерекелер қайта жаңғырды. Халық, туған жері жөнiнде құнды мағлұматтар беретiн ел, жер атаулары қайта оралды. 1992 жылы маусымда Республикалардың жаңа Мемлекеттiк Туы мен Елтаңбасы қабылданды. Республика Әнұранының жаңа мәтінi қабылданды. Тудың авторы – Ш. Ниязбеков, Елтаңба авторлары – Ш.Уәлиханов пен Ш.Мәлiбеков. Бүгiнгi күнi Қазақстан мәдениетiндегi негiзгi мәселелер өмiр идеяларының жалпы тәжiрибесiне жақын
Қазiргi қазақ мәдениетiндегi мәселелердi мына негiзгi мәдени-әлеуметтiк типтері
1.Архаикалық тип. Архаизм – мәдениеттiң өтiп кеткен сатыларын қайтадан қалпына келтiруге бағытталған. Адам туғанынан құндылықтар жүйесiн, әдетте, сол күйiнде қабылдайды. (отбасылық, топтық, этностық, мемлекеттiк т.б.). бұл әрине этностың түптамырларын құрметтеуге шақырады.
2. Мәңгүрттiк тип. Мәңгүрт дегенiмiз ұлттық салт дәстүрден жұрдай, күнделiктi өмiрде ұлттық мәдени жүйенiң құндылықтарын қолданбайтын яғни рухани тамырларынан айырылған адам.
3. Демографиялық және тiлдiк факторлардың этномәдениетке тигiзетiн әсерi мол. ХХ ғ. бойында қазақ халқының мәдени жүйесiнде үш түрлi мәдениет: дәстүрлi мәдениет, отаршыл мәдениет, батыстық әсер еттi