ҚАЗІРГІ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ВИРТУАЛДЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН МОТИВАЦИЯСЫ
Агатаева И.
«Психология» мамандығының 4 курс студенті
Урдабаева Л.Е. п.ғ.к, доцент
Ахмет Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік университеті. Қостанай қ.
Адам баласының табиғатында бір қасиет болса керек, басқа адамдармен сӛйлесуді,
танысуды, пікір алмасуды жақсы кӛреді. Демек, кез-келген мемлекеттің, ондағы
мемлекеттік басқару формаларына қарамастан, оның саяси жүйесінің барлық құрамдас
бӛліктерінде ақпараттың қалыптастырушы, үйлестіруші, байланыс факторы ретінде
алатын орны ерекше болмақ және ол дами бермек. Ӛйткені ақпараттық технологиялардың,
ақпарат таратудың жаңа әдістерінің, соның ішінде бүгінгі күні Қазақстанда ресми түрде
бұқаралық ақпарат құралдарына теңестірілген интернет желісінің дамуымен бірге саяси
жүйенің коммуникативтік қызметі де жандана түседі. [1]
Қазіргі жастар- қазіргі уақытта әлеуметтік байланысқа байланып қалған, ӛз
кӛзқарасының, мінез-құлқысы мен қоршаған ортаға деген кӛзқарасы жағынан тұрақталған
болып келеді. Бірақ адам қалыпты ӛмір сүру үшін, ӛзінің психикалық қасиеттерін дамыту
үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе
жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды және қазіргі кезде виртуалды қарым-
қатынасын жеңіл түрде орнатады. Баланың жастайынан айналасындағылармен қарым-
қатынас жасауы, ӛзінің кім екенін танып, ӛзін ӛзгелерден ажырата алудың, ӛзін
басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгерудің, балалардың
әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының дамуының негізгі тірегі деп қарастырсақ, онда
олардың қарым-қатынас жасауын жақсарту аса қажет болып табылады. [2]
Қазіргі кезде жастар үшін - интернет пен әлеуметтік желілер маңызды орын алады,
себебі қарым-қатынас құралы ретінде және бос уақытты ӛткізу ӛшін қолданады. Ӛзінің
кӛп уақыттын жұмасатйын жастардың шын мәнінде қарым-қатынастан алшақтайды. Осы
әлеуметтік желі арқылы кӛп уақыт жұпсап, қарым – қатынас жасауда жастардың-тілдік
кӛркемділігі, грамматикалық жағынан нашарлай береді.
Жалпы алғанда әлеуметтік желі -адамдардың бір-бірімен интернет арқылы қарым -
қатынас жасайтын құралы болып табылады. Кӛптеген жастар болсын,тіпті ересектер
болсын тікелей бетпе – бет қарым – қатынас жасаудың орнына, әлеуметтік желілер
арқылы қарым – қатынас жасауға жүгінеді. Ең басында ескі, таныс достарымен сӛйлесу
мақсатында қолданамын деп, соңында кӛптеген қиыншылықтарға тап болуы мүмкін.
Қазіргі таңда әлеуметтік желілерлің қазіргі жастарға әсері туралы кӛптеген ғалымдарды
ойлындырған. Себебі әлеуметтік желілердің қазіргі жастардың ӛміріне, психологиялық
ерекшеліктеріне әсері мол болғандықтан, кӛптеген жастар осыны түсінбей да жатыр. [3]
Адамдар ӛзінің «шын қарым-қатынас» дағдыларын тек шынайы ӛмірде жаттықтыра
алады, ал виртуалды қарым-қатынаста осы дағдылардың қажеттілігі сұраныста болмайды
және сол себептен әңгімелесушімен қарым-қатынас құрғанда, оның эмоционалдық күйін
білуге қиынға соқтырады. Сондықтан қарым-қатынасты орнататын адаммен жүріс –
тұрыстың дұрыс жолын табуға қиын болады, бірақ осындай жеңілдіктер жанжалды
жағдайларды шешу үшін білімдерді дамытпайды. [4].
Жастардың осы желіні не үшін қолданатын мен әлеуметтік желілердің
коммуникациялық жақтары индивидттің мінез-құлқына әсері мен ақпараттың қолдануы
туралы:
1. Белгіленген шекараларды шегеру. Әлеуметтік желілерде әр түрлі әлеуметтік статусы,
материалдық жағынан әр деңгейлігі, жастары, ұлттар қарым-қатынысты орната алады.
Сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы
жастардың арақашықтағын, уақытын, статусын да жеңе алады.
2. Қарым-қатынастың ӛзіндік мәдениеттің қалыптасуы. Әлеуметтік желілерде қарым-
қатынастың орнатуы қазірде коммуникацияның жанры ретінде саналады және де ол
ӛзінің мінез-құлқын, ережелерін қалыптастырған.
3. «Қалқып тұратын» статусы бар коммуникациялық қатысушылар. Мұндағы
қатысушылар бірде ӛздері коммуниканың кӛзі болып, кейде активті түрде қабылдайтын
кӛзі ретінде қарастырылады.
4. Мәтіндік және визуалдық контенттің арабайланыстың ерекшеліктері.
5. Психологиялық эффект. Әлеуметтік желіде кӛп отырған себебінен «байланып қою
эффектті» пайда болады, мұнда шынай ӛмірде қарым-қатынас орнатқанда қоғамнан кӛп
жағымды сӛздер оқып, жылы эмоционалды күйін сезеді. Мысалы: ӛз фотоның жаңа
«лайктарын», комментариялары мен ойлары аз мӛлшерде болса да, ол оның ӛзіндік
бағалауы кӛтеріледі. Виртуалды тұлғаны құрастыру жас ерекшеліктік сипатқа ие, ӛзіндік
анықталумен байланысты болуы мүмкін. Виртуалды тұлғаны жасау үшін тек қана ӛзін
түрлі рольдердің потенциалды орындаушысы ретінде ғана кӛру жеткіліксіз, сонымен
қатар осы рольдерді орындауға деген қалаудың да болу керектігі түсінікті
Интернет пен әлеуметтік желі - адамдар коммуникациясының үлкен зонасы болып
табылады. Компьютерлік желілерді қолдану адамның психикалық қызметіндегі
айтарлықтай құрылымдық және функционалдық ӛзгерістеріне әкеледі.
Бұл ӛзгерістер танымдық, коммуникативтік және жеке тұлғалық сфераларды қамтып
ӛтеді; іс-әрекеттің атқарушылық үзбесі субъект-субъект және субъект-ақпараттық
жүйелерінің ӛзара әрекеттестігінің кеңістіктік уақыттық мінездемесі, мақсатты-
болжамдық
процестер,
іс-әрекеттің
қажеттіліктік-мотивациялық
реттелуі
трансформацияда ӛтеді. [5]
Жалпы интернет арқылы қарым-қатынасты орнату, ол достардың кӛбейтуге қадам
жасайды, мұнда әр адамның бір-біріне ұқсамайтын ойларын кездестіріп, кӛптеген
адамдың кӛзқарастарын білу нәтижесінде,ӛз кӛзқарасын білдіре аласыз және біреулердің
сӛздері сіздерді ӛз ойын ӛзгертуге немесе ойлануға әкеледі, ӛзінің аргументациясын
ӛзгерте аласыз, ӛзінің тұрған мен ұстанған позициясын коррекциялауға мүмкіндік береді.
Немесе сіздің психикаларыныз жалпылай атқанда, "басқалардын" ойларына, сӛздеріне
қарап, ол сізді дамуыңызға да әкеледі. Тектен-тек мынау сӛздер айтылмаған : "шындық-
тек қарсылық білдіргенде шығады,-деп және де психика тек диалог жүзінде
қалыптасыды". [6]
Әлеуметтік желілерде кӛп отыратын адамдардың кӛп досы болуы мүмкін немесе
әлеуметтік желіге деген тәуелділігі де байқалуы да мүмкін деген сұрақтар зерттеленуде.
Кӛбінесе қазіргі жастардың кӛп пайызы –осы әлеуметтік желі арқылы қарым-қатынасты
жақсы орнатады. Мұндағы тек танитын достармен ғана емес, жаңа танысқан адамдармен
де қарым-қатынасты тез орнатуға мүмкіндігі пайда болады.
Сонымен қатар релды ӛмірде белгілі бір себептер бойынша фрустрацияға ұшыраған
эмоцияны бастан кешіру, рольдерді ойнау, жеке тұлға сапаларын жүзеге асыру
мүмкіндігінің болуы. Берілген мүмкіндік желі арқылы қарым-қатынас жасау
ерекшеліктері – анонимділік, тӛмен нормативтілік, адамды адам қабылдауының
ӛзгешелігімен шарттас болады.
Контактілер еркіндігі және қалаулылығы. Пайдаланушы байланысты ӛз еркімен
бастайды немесе тоқтатады, сондай-ақ оны кез-келген сәтте тоқтатуға ерікті.
Қарым-қатынастың эмоционалды компонентінің күрделілілігі, мәтінді эмоционалды
толтыруға тұрақты бағыттылығын айта аламыз. Ол ӛз кӛрінісін эмоцияны білдіретін
арнайы белгілерді ойлап табу немесе эмоцияны сӛзбен сипаттаудан кӛрінеді.
Нормативсіз, әдеттегіден тыс әрекет-қылыққа бағытталу. Кӛбіне тұтынушылар
ӛздерін реалды әлеуметтік нормадан тыс презентациялайды.
Әлеуметтік желілердің кең тарауына себепші психологиялық факторларды
тӛмендегідей жіктеуге болады:
1. Арманын виртуалды түрде шын сияқты кӛрсете алу. Яғни шын ӛмірде ӛзі жете алмаған
жетістіктерді, ӛзіне бұйырмаған дүниелерді виртуалды әлемде қолы жеткендей кӛрсете
алу. Мысалы, ӛз түр-келбетіне қанағаттанбайтындар ӛз суреттерін қалағанынша сәндеп
қояды немесе ӛзге біреудің суретін енгізеді, ӛзіне ұнайтын кӛлікті ӛзінде бардай кӛрсетеді,
т.б.
2. Қалаған адамыңмен тез араласып, тез араны үзе алу;
3. Ӛмірде айта алмайтын ойларыңды еркін жаза алу;
4. Жаңалыққа деген құштарлық. Жаңалық, ақпаратқа деген құштарлық адам баласында
болатын дүние. Ал әлеуметтік желідегі миллиондар арасында болатын мыңдаған ақпарат
оны қанағаттандыра алады;
5. Ӛзіңе керек сәттегі әңгіме; шын ӛмірде саған ойыңды бӛлісуге, ішіңдегіні ашып
әңгімелесуге қашанда ыңғай бола бермейді. Қол бос емес боп қалады, т.с.с. ал «агентте»
сӛйлесу қажеттілігін қашанда қанағаттандыруға болады.
Осындай мүмкіндіктермен қоса, «агенттің» кері әсерлері де жоқ емес:
1. Уақытты жоғалту. Ӛмірдегі ең құнды дүние - уақыт. Ол ешқашан кері оралмайды. Ал
«агенттің гүлдері» сол баға жетпес сәттерді бос әңгімеге жұмсауда;
2. Шын ӛмірден алшақтау;
3. Шындыққа жанаспайтын ақпараттардың тез тарауы, т.б.
Бұл тек бізге кӛрінетіндері ғана. Шын мәнінде, әлеуметтік желілердің «сырлы зияндары»
анағұрлым тереңірек.
Әлеуметтік желілер - адамдар туралы ақпарат жинау мақсатында ойлап табылған
дүние. Әлеуметтік желіге тіркелу барысында біз есімімізді, лақап атымызды,
фамилиямызды, туған жерімізді, мекен-жайымызды, қызығушылықтарымызды, тіпті
телефон нӛмірімізді енгіземіз. Ӛзіміз жайлы бастапқы толық ақпаратты осылай ӛзіміз
береміз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.
Белинская Е. П., Жичкина А. Е. Современные исследования виртуальной
коммуникации: проблемы, гипотезы, результаты // Образование и информационная
культура. М., 2000.
2.
Кон И.С. Молодежь: Большая советская энциклопедия. – М.: Советская энциклопедия
3.
Тесленко А.Н., Калетаев Д.А. Научные основы социализации казахстанской молодежи.
– Астана: МКИОС РК, 2002. – 179 с.
4.
Алиева Н. 3. Становление информационного общества и философия образования / Н. 3.
Алиева, Е. Б. Ивушкина, О. И. Лантратов. М. : Академия Естествознания, 2008. - 168 с
5.
Арестова О. Н., Бабаева Ю. Д., Войскунский А. Е. Коммуникация в компьютерных
сетях: психологические детерминанты и последствия // Вестник Московск. ун-та. Серия
14. Психология. № 4. С. 14-20.
Достарыңызбен бөлісу: |