Радар деңгейінің дисплейі:
Радар деңгейінің өлшегіштері:
Импульстік радиолокатор сенсоры:
1.3 Автоматтандырылған технологиялық процестердің функциональдық схемасы
Бақылау және басқару жүйесінің негізгі датчиктері газ шығыны, концентрация, температура, қысым датчиктері болып табылады.
Автоматтандыру схемасы мыналарды қарастырады:
Қысымдауыштың қысымын өлшеу. Қысымның таңдалған құрылғысынан сигналдар дифманометрге түсіп, түрлендіргіш арқылы машинаға енгізіледі.
Қысымдауыштың электрқозғалтқышы тоғының күшін анықтау. Сигнал амперметрмен өлшеніп,айнымалы токтың өлшеуіш түрлендіргішімен беріледі және оның шығысында тұрақты ток сигналы пайда болып, сонан соң бірегей сигналдар машинаға енгізілетін топтық түрлендіргішке өтеді.
Көрсеткіштер диафрагмма көмегімен өлшенеді де метран дифманометр шығын өлшегіш арқылы машинаға енгізетін топтық түрлендіргішке беріледі.
Контактілік аппаратының қабаттары бойындағы аз қысымын бақылау. Тарылту құрылғысының қысымының таңдалған құрылғысынан дифманометр метран арқылы өлшеніп, түрлендірілу үшін сигналдық модуль құрылғысына беріледі де, бірегей сигнал машинаға беріледі.
Қысымдауышқа дейінгі және кейінгі газ температурасын бақылау. Өлшеу сигналдық модуль көмегімен сигналды машинаға енгізетін термопара арқылы жүзеге асырылады.
Контактілік аппаратының қабаттары бойындағы газ температурасын бақылау, сәйкесінше жүргізілетін
SO2 концентрациясын бақылау.Газ қоршаушы құрылғыдан сигнал газ талдауышына түседі, сонан соң жеке түрлендіргішке өтіп, ол жерде сигналдар топтық түрлендіргіш арқылы машинаға енгізіледі.
Қысымдауыш дроссельдерін бақылау. Сигнал потенциометрден басқару блогы басқару блогы арқылы топтық түрлендіргішке түседі де, машинаға өтеді. Басқару блогы арқылы машинаға бағыттық сигнал да түседі.
Дроссельдер жағдайын басқару. Басқарушы сигнал магнитті жүктеуіш арқылы дроссельдер жағдайын басқаратын орындаушы механизмге өтеді. Басқаруды таңдау үшін ауыстырғышы қарастырылған. Қолдан басқару ПКЕ-112-243 батырмалы басқару бекетінен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |