Қазіргі кезде шикізатты кешенді түрде өндеу мәселесі өндеу өндірісінде маңызды мәселелердің бірі болып табылады



бет2/9
Дата16.06.2022
өлшемі414,4 Kb.
#36946
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Бекблат Диплом

I НЕГІЗГІ БӨЛІМ


1.1Технологиялық процесс туралыжалпы мәлімет
Күкірт қышқылын өндіруге арналған шикізат ретінде электрлік пештерден (SO2 концентрациясымен 3%-ке дейін және 50 мың м3 газ шығынмен) және3 конверторлардан (SO2 концентрациясымен 10%-ке дейін және 60-70 мың м газ шығынмен) шығатын шаң ұстау бөліктерде шаңдардан тазартылған газдар, сондай-ақ, күкірт жағушы құрылғыларда қарапайым күкіртті жаққанда алынатын газдарды айтады.


Шығарылатын газдардан күкіртқышқылын өндіру технологиясы:Күкірт қышқылы цехы жуу бөлігінен құрғату-абсорбциялық, контактілі-компрессорлы бөлімінен және дайын өнімдер қоймасынан тұрады. Контактілік әдісімен H2SO4 алу процесі келесідей негізгі амалдардан тұрады:
- тазартушы күкірт қышқылы мұнараларында шаңдарды, мышьяк, фтор қоспаларын ұстау арқылы газдарды жуу және оларды дымқыл электро сүзгілерде H2SO4 тұмандарынан тазарту;
- насадкамен толтырылған мұнараларда концентрацияланған күкірт қышқылы влагасынан газдарды құрғату;
- контактілік аппаратында ванадий катализаторында күкірт диоксидін триоксидке тотықтыру;
- моногидратты сорғышта SO3-ді жұту (абсорбция).


Жуу бөлімі:Құрғақ электросүзгілерде тазартылған 200-350оС температурадағы газ кіріс бойынша жуу бөлігіне түседі.
Жуу бөлімінде күкірт қышқылы қалдық шаңдарды, зиянды қоспалардың (As, F, H2O булары) бөлінуін жою және құнды сыңарларды алу үшін тазаланатын газға қарағанда температурасы анағұрлым төмен күкірт қышқылы арқылы өңделеді.Газды ерекше тазарту - мышьяк және фтор қоспалары үшін қажет. Олар каталитикалық у бола отырып, катализатор белсенділігін және шығарылатын қышқылдың сапасын төмендетеді.
Жуу мұнараларында газды жуу жағдайларында температураның төмендеу кезінде шығарылатын газдардың құрамында мышьяк үштотығы буы (As2O3) түрінде кездесетін мышьяктың бір бөлігі конденсацияланып, негіз қышқылында ериді, қалған бөлігі күкірт қышқылы тұманына айналады да, дымқыл электросүзгілерде бөлінетін газ ағынымен кетеді. Газ құрамында фторлы сутек және төртфторлы кремний (HF, SiF4) түрінде кездесетін фтордың пассивтенуі Рашиг сақиналары есебінен болады. Фтор белсенділігі аз (SiF6)-2 ионына өтеді. Газ құрамында тотық түрінде кездесетін ренийді (Re) экстрактылық жолмен алу үшін сирек кездесетін металл бөліміне түсетін формұнараның жуу қоспасына өтеді.
Жуу бөлімінде газды тазарту жеке аппаратурада тізбектей келесі ұстаным бойынша жүзеге асырылады.
Қалдық шаңның негізгі бөлігі 1-ші формұнарада жойылады. Осы мұнарада газдан жылудың негізгі бөлігі алынады (газ 200-350оС-ден 50-80оС температураға дейін төмендейді). Температураның күрт төмендеуі нәтижесінде күкірт қышқылы, рений тотығынан және зиянды қоспалардан (F өте аз көлемде) тұратын тұманның негізгі бөлігі түзіледі. Фтор қоспаларын толығымен жою үшін газ формұнарадан керамикалық Рашиг сақиналарымен толтырылған реакторға түседі. Рашиг сақиналары - сіңіру және түзету процестері кезінде химия өнеркәсібінде қолданылатын қаптаманың бір түрі. Неміс химигі Фриц Рашиг ұсынған




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет