Информатикада еңбек құралы ретінде есептегіш техниканың ақпараттық және бағдарламалық құралдары қолданылады,ал шикізат ретінде – ақпарат тасымалдағыштар мен деректердің құрылымдары пайдаланылады.
Ақпараттық технология – ақпараттық процесс,оның нәтижесінде ақпараттық өнім жасалады.Коммуникациялық технологиялар да – ақпараттық процесс, мұның нәтижесінде ақпаратты тасымалдау мен алмасу жүзеге асады.Мысалы,электрондық құжат айналымы, деректер қоры технологиялары,коммуникациялық технологиялар,бағдарламалау технологиялары,компьютерлік графика технологиялары және т.б.