Қазіргі кездегі қазақ тілінде жастардың сойлеу мәнері


Қарым-қатынас түрлері. Интернет қарым-қатынас жүйесіндегі сөйлеу тілінің орны



бет2/6
Дата07.01.2022
өлшемі35,84 Kb.
#20068
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазіргі кездегі қазақ тілінде жастардың сойлеу мәнері

Қарым-қатынас түрлері. Интернет қарым-қатынас жүйесіндегі сөйлеу тілінің орны

Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің ара қатынасы ұғымдық деңгейде күрделі бір сипатқа ие. Ол деңгей адамзат пен қоғам арасындағы байланысты көрсетеді. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің анықтамасы қарым-қатынас категориясы тұрғысынан сипатталады. Қарым-қатынас категориясын қоғамдағы субъектілердің (кластар, топтар және тұлғалар) іс-әрекетімен байланысының мықтап орын алыуымен түсіндіруге болады, қоғамдағы субъектілердің қызметінің, тәжірибесінің, қабілетінің, ақпараттың, білімділігінің және іс-әрекеттің нәтижесінің алмаса қолданылуы; тұлғаның және дамуы мен қалыптасуы тікелей жалпы қоғамдағы керекті жағдаяттарға байланысты. Ауызша және жазба категориялары болмаса қарым-қатынас жүйесі толық іске аспайды. Осыған байланысты қарым-қатынас жүйесін екіге бөліп қарастыруға болады. Бірінші қарым-қатынас типі – контактілі, екіншісі – дистантілі. Бұл қарым-қатынас түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар. Айталық, контактілі қатынаста сөйлеушілер тікелей уақыт режімінде байланысады, сөйлеуші мен тыңдаушы өзара ым, ираша, интонацияарқылы да түсінесе береді. Ал дистантілі қатынаста сөйлеушілер қатар тұрмайды, олардың арасында белгілі бір кеңістік болуы мүмкін. Мәселен,телефон арқылы байланыста адамдар бір уақытта сөйлескенімен, аралары алыс болуымен ерекшеленеді. Сол сияқты хат, түрлі мәтіндер арқылы байланысу да дистантілі қатынасқа жатады. Радиода, теледидарда, интернетте бұл қатынас жүйелері алмасып қолданылады. Яғни контактілі және дистантілі қарым-қатынас өзара бірге, жымдаса өмір сүретінін көреміз. Түсінікті болу үшін жоғарыдағы контактілі және дистантілі қатынас жүйелерін жеке-жеке саралауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет