Интернеттегі графика мәселесі Интернеттегі графика дәстүрлі түрдегіден айрықша болады. Вербалды графикалық веб-құрылымда латын және кирил әріптері қатар қолданылатын тұстары мол. Вербалды таңбалардан басқа интернетте акценттік, интонациялық, маркерлі навигациялар (әріп астын сызу, гиперсылкалар т.б.) жиі қолданылады. Мысалы, КЕШІКПЕ!!!!!!!!!! т.б. Интернетте латын және кирил әріптерінің қатар көрінуі бірнеше сатылардан тұрады.
Бірінші – қазақ сөздері латын әліпбиімен безендірілуі: Senimen soilespegeli min jil boldi goi.
Екінші – қазақ мәтінін беру үшін латын және кирил әріптерін қатар қолдану. Бұған басқа тілдердегі фрагмент мәтіндерді және латын транслитерациясы арқылы берілетін қазақ мәтіндерін жатқызуға болады. Мысалы, кирил және латын фрагменттері арқылы жасалған мынадай сөздер жиі қолданылады: SOOган бердің бе? Неге? ОйлаN? т.б.
Үшінші – кирил әліпбиімен безендірілуі, яғни қазақтың төл әріптерінің орнына орыс тіліндегі әріптерді қойып қолдану: Сен кимге барасын, олай истедин, мен магазинге сагат уште шыгам. Сен ше? Қазақ тіліндегі і, ғ, ү тәрізді төл графемалар түрленіп, орыс графикасындағы бар таңбалармен алмастырылған (і → и, ғ → г, ү → у).
Төртінші – қазақ тілі нормаларына сай өрнектелуі. Бұған арнайы тіркелген файлдарды жатқызуға болады. Интернетте әсіресе жарнама мәтіндерде, компьютер ойындарына берілетін нұсқаулықтарда, музыкалық каталогторда, яғни МР3-де латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі қызмет етеді. Фирмалардың, бағдарламалардың аттары латын графикасымен безендіріледі. Желідегі мәтіндері көптеген графикалық, орфографиялық қателердің болуы негізінен олардың спонтанды түрде жүзеге асатындығынан деп түсіндіріледі. Бұл бір жағынан алғанда, ал егер екінші қырынан алатын болсақ, қазақ әріптерінің веб-коммуникацияда үнемі дұрыс қолданылмайтындығын айтуға болады. Яғни интернетте қазақ әріптері орыс графикасында бар таңбалармен немесе қазақ сөзі латын графикасымен жазылады. Ал қазақтың қ, ғ, ң, ә, і, ү, ұ тәрізді төл графемалары кейде тіпті қолданылмай жататын тұстары бар. Бұлай қолдану жүйесі әрине қазақ тілінің айтылым жүйесіне, жазылым принциптеріне қайшы келетіндігі белгілі. Бірақ интернет-коммуникант мұны қалыпты норма ретінде санайды.
Дереккөздер
↑ Гаспаров Б.М. Устная речь как семантический объект// Семантика номинации и семантика устной речи. 1978. С.103
↑ Буева Л.П. Общение // Философский энциклопедический словарь/ Под. Ред. Л.Ф.Ильичева, П.Н.Федосеева, С.М.Ковалева, В.Г.Панова. М., 1983. С.447
↑ Земская Е.А. Писменная речь// Русский язык: Энциклопедия/Под. Ред. Ф.П.Филина. М., 1979. С.205
↑ Арциховский А.В.Борковский В.И. Новгородские грамоты на бересте. М., 1958. С.71(4)
↑ Медведев А. Диалог// Русский язык. М., 1967. С. 974.
↑ Медведев А. Диалог// Русский язык. М., 1967. С. 9746
↑ Рогинский О. Устная публичная речь// Русский язык. М., 1994. С.362
↑ Галяшина Е.И. Проблемы дифференциации спонтанной и подготовленной речи
«http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Қазақ_интернет_тілінің_мәдениеті&oldid=1906451» бетінен алынған
Санат:
Тіл-қоғамдық құбылыс.Сондықтан оның тарихы және дамуы қоғамның тарихы мен дамуына байланысты болады. Осыдан тілді және оның даму заңдарын сол тілді иеленушілердің тарихымен тығыз байланысты қарастыруға мәндерті келіп туады.
Достарыңызбен бөлісу: |