Түбегейлі феминисттік көзқарастың бейнесі ретінде әйелдерді зерттеу (women studies);
Гендерлік зерттеулер ғылыми бағыт ретінде, феминисттік қозғалыстар және әлеуметтік- конструктивті бағыттардың дамуына байланысты институттандыру
Әйелдер қозғалысы жыныс мәселелерін және әйелдермен еркектер қарым-қатынасын психологиялық зерттеуде үлкен әсер етті. Сол себепті батыс психологиясында гендерлік зерттеулер атап өтілген бағыттар бойынша және жалпы гендерлік мәселелердің ғылыми зерттеулердегі даму тенденциясына байланысты қалыптасты.
Әйелдер қозғалысы жыныс мәселелерін және әйелдермен еркектер қарым-қатынасын психологиялық зерттеуде үлкен әсер етті. Сол себепті батыс психологиясында гендерлік зерттеулер атап өтілген бағыттар бойынша және жалпы гендерлік мәселелердің ғылыми зерттеулердегі даму тенденциясына байланысты қалыптасты.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында батыс және Ресей ғалымдарының зерттеулерінде (атап айтқанда, П.Ф. Каптерев, О. Вейнингер, Г. Гейманс) психологияда әйел зерттеуші және зерттеу объектісі ретінде болмағандығын көрсетті, бұл жағдай гендерлік психологиялық зерттеулердің жүргізілуін қиындаттты.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптасқан жағдайлар өзгере бастады: алғашқы психолог-әйелдердің есімі пайда болды, ал зертеулерде жыныстар арасындағы іргелі психологиялық айырмашылықтар және әйелдердің кемшілігі жайлы жалған пікірлер жоққа шығарылды. Басқа да танымал ғалымдардың (М. Мид, Э. Эриксон, А. Адлер, К. Хорни) жұмыстарында әйелдер мен еркектердің психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуында әлеуметтік- мәдени факторлардың маңыздылығын атап көрсетеді. М. Мидтің антропологиялық зерттеулері жыныстық-рөлдік ерекшеліктері әр-түрлі мәдениетте айтарлықтай өзгеруі мүмкін. А. Адлер басқа жынысқа құрметпен қарауды баланың ерте жасынан тәрбиелеу қажеттігін атап көрсетті.
Ресей психологиясында Л.С. Выготскийдің 1920-1930 жылдары жарық көрген «мәдени-тарихи» концепциясын атап өту қажет. Л.С Выготский: «Жоғары психикалық функциялардың даму фактілеріне біржақты және қате дәстүрлі көзқарастартар, ең алдымен бұл фактілерді тарихи даму фактісі ретінде қарастыра алмауда, табиғи және мәдени, жаратылыс және тарих, биологиялық және әлеуметтік фактілердің баланың психикалық дамуында шатастыру және ажырата алмау, яғни зерттеліп отырған құбылыстың табиғи ұстанымдарын қате түсінуде» деп атап өтті. Осы себепті, тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік-мәдени шарттардың маңыздылығы туралы пікірлер, гендер ұғымынан бұрын пайда болған.