Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары



бет8/13
Дата19.10.2023
өлшемі166 Kb.
#119492
түріПрограмма
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
бастауыш

Дамыта оқытудың ЕРЕКШЕЛІГІ:
— оқушыларды еріксіз және қыстамай оқыту;
— оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын дамыту үшін тақырыптарды жаңа бір қырынан қайталауды ұсынып отыру;
— білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар
үшін міндеттілігі;
— оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру;
— оқушыларға берілетін білімнің саралануы;
— оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

/Дамыта оқыту/ деген термин психологиялық ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л.В. Выготский, А.Н. Леонтьева, С.Л. Рубенштейн) және басқа да психиканың функциясы зерттелген (Б.Г. Ананьев, Г.С. Костюк, А.А. Люблинская, Н.А. Менчинская) және т.б. іс –әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н. Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды.
Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, ал екіншісін Л.В. Занков басқарды.
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
Педагогикалық Мазмұнындағы басымдылылық
процесінің Дәстүрлі иллюстрациялық Дамыта оқыту
компоненттері түсіндерме әдісі
Мақсат Оқушыларға білім, білік, дағды Байқампаздығын,
қалыптастыру ойлауын , практи-
калық іс әрекетін дамыту
Бастапқы мазмұн Факторлар, мысалдар, тақырыптар, Заңдылықтарды,
дәлелдер теорияларды, ұғым- дарды, ережелерді
қорыту
Оқытудың формалары Жеке, топтық, фронтальді Бірлескен ұжымдық
іс-әрекет
Оқыту әдістері Ауызша түсіндіру, көрнекілік, Проблемалық
практикалық баяндау, ізденушілік
зерттеушілік, ойлау
Бақылау, бағалау Оқытудың нәтижесін мұғалімнің Өзін-өзі бақылау,
бақылауы, бағалауы өзін-өзі бағалау,
рефлексия.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының - тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайда түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта- ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыруы
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл - үшеуі дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин -В.В. Давыдов жасаған жүйенің негігі компоненттері.
Оқушы алдында оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асыралады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тындалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенімен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесім ен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден- дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден- дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып,, өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дамуына қол жеткізе алады. (Жақсы оқушы, жаман оқушы) ұғымның болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым – қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүедегі әміршілдік стиь бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы» объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйекткей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көз қарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы субъект.
Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
3. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркінігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтар типологиясы:
1. Педагогикадағы түсіндірмелі-иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланыста.
2. Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігін сәйкестендіреді.
3. Бала іс-әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
4. Бала қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.
5. Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
6. Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.
Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде оқушылар сабақтың мақсат, міндеттерін өздері анықтайды, проблеманы шешу жолдарын іздестіреді, жаңаны өздері табады, оқушыларға кеңеседі.
Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары.
1. Әдістемелік іс-әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі. Сабақтың мазмұны. Оқу жағдайларын ескеру. Әдістемелік тәсілдерді қолдану.
2. Келесі сабақтың моделін жоспарлау.
Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау. Сабақтың әр этапында оқушының негізгі іс-әрекеттерін анықтау. Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін таңдау.
3. Сабақты жүргізу.
Әр сабақтағы баланың іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқушымен жанама қарым-қатынас. Жұмыс барысын бақылау жұмысы.
4. Рефлексия.
Сабақтың қорытынды бағасы. Мақсатқа жету. Тақырып бойынша өзгерістер еңгізу. Оқыту нәтижесін талдау.
Дамыта оқытудағы мұғалімнің басты міндеті:
-оқу материалдарын оқушыға дайын күйде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс- тіжірибесінде қолдануды үйрету.
Қорыта келгенде дамыта оқыту технологиясы оқушы құзіреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет