Оқу – коммуникативті білік дегеніміз- оқу жұмысы кезінде адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас процессінде өзіне көмектеседі, оны мазмұнды, қызықты етіп, мақсатқа бағыттай түседі. Ол біліктер:
v Ең негізгісі – тыңдай білу білігі. Оқу кезінде тыңдай білу- ойды бір жерге жинақтауды, біршама ұзақ мерзімге біркелкі зейін қоя білуді талап етеді. Сондықтан арнайы жұмысты қажет ететін жүйке жүйесі мен психиканың тұрақтылығына байланысты болып келетін қиын біліктің бірі.
Біршама қиын біліктер қатары: v Мұғалімді тыңдай отырып, сол мезгілде оның айтқанының мазмұнын жаза білу.
v Мәтінді оқи отырып мұғалімнің нұсқауын тыңдай білу;
v Өз ойын әдеби тілмен жеткізе білу, оқу пәнінің негізін құрайтын ғылым сөздерін пайдалану;
v Аудитория алдына шығып сөйлеу;
v Шығып сөйлейтін сөзінің жоспарын жасау;
v Тезисті айта білу;
v Нақтылайтын сұрақ қоя білу;
v Нақты дәлел келтіріп, тыңдаушының көзін жеткізе білу.
Жоғарыдағы аталған біліктер адмға жаңа білімді игеруге ғана көмектесіп қоймайды, сонымен бірге ол нағыз білімділіктің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
4. Қорытынды. Жаңа технологияларды еңгізу барысында мұғалімнің даярлығы мен жаңаға оқыту мазмұны жайында білгені жөн:
Мұғалім нені білу керек?
Мұғалім не істей алуы керек?
Мұғалім қандай іс-әрекеттреді дұрыс ұйымдастыру керек?
1. Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді;
2. Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді;
3. Жаңа технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін;
4. Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді;
5. Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдәсән;
1. Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру: