Қазіргі мектептегі білім беру мазмұны


Білім беру мазмұнын іріктеу критерийлері



бет3/5
Дата01.04.2022
өлшемі155,74 Kb.
#29525
1   2   3   4   5
Байланысты:
1025330199411 Лек.11

Білім беру мазмұнын іріктеу критерийлері:

  • Оқушыларды біліммен қаруландыруда табиғатты қорғау, еңбек, өмірге жауапкершілікті қатынасты тәрбиелеу қажеттілігі;

  • Білім беру мазмұны негізінде ұлттық, мәдени, тарихи байлықты жалпыадамзаттық мәдени мұрасымен ұштастыру;

  • Білім беру мазмұнында әлеуметтік-экономикалық жағдайларын ескерудің маңыздылығы;

  • Пәнаралық және пәнішілік байланыстарды ғылыми-әдістемелікнегізде жүзеге асыру;

  • Білімнің ғылыми және практикалық маңыздылығы;

  • Оқу пәндерінің мазмұны оқушылардың жас мүмкіншіліктеріне сай болуы;

  • Оқу пәнінің көлемі оны меңгеруге бөлінген мерзімге сай болуы;

  • Білім беру мазмұнының халықаралық тәжірибеге сай болуы;

  • Білім беру мазмұнының мектептің оқу-әдістемелік және материалдық базасына сай болуы.

Жалпы алғанда мектептегі білім берудің мазмұнын анықтау мына мәселелерді қамтамасыз етуі тиіс:

  • табиғат, техника, мәдениет, адам жайындағы білім ді қалыптастыру;

  • диалектикалық-материалистік көзқарасты қалыптастыру;

  • адамды жан-жақты дамыту міндеттерін тиянақты шешу;

  • жастарды өмірге, еңбекке, мамандық таңдауға даярлау.

Сонымен, білім беру мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде, қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді.

2. Білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізгі теориялары XVIII ғ. аяғы – XIX ғ. басында пайда болды. Ол материалдық және формалдық теориялар.



Материалдық теорияны дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы деп те атайды.Оның ұстанушылары, білім берудің мақсаты – оқушыларға ғылымның әр саласынан неғұрлым көп мөлшерде білім беру деп есептеді. Бұл көзқарасты сонау ХVІІ ғасырда Я.А.Коменский де ұстанған болатын. Өз өмірінің біршама уақытын ол, оқушыларға қажетті барлық білімді қамтитын оқулықтарды құрастыруға арнады.

Білім беру мазмұнын қалыптастырудың материалдық теориясын ұстанушылар – ХІХ ғасырдың көптеген әйгілі педагогтары еді. Бұл тұжырымдаманың ұстанушылары бүгінгі күні әлі баршылық. Оған дәлел, кейбір оқу бағдарламалары мен оқулықтарды талдайтын болсақ, олар оқушылар меңгеруі мүмкін емес білім көлемін қамтиды.



Формалдық теория немесе дидактикалық формализм теориясы, оқытуды оқушылардың қабілеттіліктері мен таным қызығушылықтарын дамытудың құралы ретінде қарастырды. Оқу пәндерін іріктеуде басымдық, дамытушылық құндылығы бар пәндерге, яғни математика мен классикалық тілдерге берілді.

Дидактикалық формализмнің ұстанушылары ежелгі заманда да болды. Оның біреуі Гераклит еді, оның пікірінше «көп білім ақылды қалыптастырмайды». Осы көзқарасты Цицерон да ұстанған болатын. Дидактикалық формализм теориясының жаңа замандағы ірі өкілі - Песталоцци болды. Оның айтуынша, оқытудың басты мақсаты – «оқушылардың ойлауының дұрыстығын» қамтамасыз ету. Германияда бұл теорияның ірі өкілі – А.Дистервег болды.

Формалдық теория ұстанушыларының маңызды жетістігі - олардың оқушылар қабілеттіліктері мен танымдық қызығушылықтарын, есте сақтауын, ойлауын дамыту қажеттілігін көрсетіп беруінде. Бұл тұжырымдаманың кемшілігі, онда тек инструменталдық пәндер (тілдер, математика) ғана көрініс тапты.

Фактілерді (заттарды, құбылыстарды, оқиғалар мен процестерді) тану ойлауды қалыптастыратын болса, сол сияқты ойлаудың дамуы оқушылардың фактологиялық білімдерді меңгеруі қамтамасыз етеді. Бұл екі жақты диалектикалық байланысты материализнің де, формализмнің де ұстанушылары ескермеді.



Бұл екі теорияны ХІХ ғасырдың соңында К.Д.Ушинский теріске шығарды. Оның пікірінше, мектеп, адамды біліммен байыту керек және сонымен бірге осы білімді қолдануды үйрету қажет, сөйтіп ол білім берудің мазмұнын іріктеуде материалдық және формалдық теориялардың бірлігін қамтамасыз ету идеясын ұсынды.
3. Білім беру мазмұны арнайы түрде, білім беру министрлігінде бекітілген, төмендегідей құжаттарда нақтыланады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет