Қазіргі мектептегі білім беру мазмұны


Оқу бағдарламасы өзіне қамтиды



бет5/5
Дата01.04.2022
өлшемі155,74 Kb.
#29525
1   2   3   4   5
Оқу бағдарламасы өзіне қамтиды:

  • белгілі пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білімдеріне, іскерліктері мен дағдаларына қойылатын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын, оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын түсінік хат;

  • пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар;

  • негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі;

  • әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері;

  • пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар;

  • әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі;

  • ұсынылған әдебиет.

Ол пән мазмұнын ашатын тараулар, тақырыптар мен оларды меңгеруге бөлінген сағат саны, осы пән туралы және оны меңгеру туралы түсінік хат пен оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларына қойылатын талаптардан тұрады.

Оқу бағдарламасының құрылымы: түсінік хат, негізгі және әдістемелік аппарат.




Оқу әдебиеті

Оқу әдебиетіне оқулықтар, анықтамалар, қосымша кітаптар, есептер мен джаттығулар жинақтары, атластар, карталар, жұмыс дәптерлері жатады.



Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап.

Оқулық оқушылар оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамасыз етуі керек.

Оқулыққа қойылатын талаптар күрделі болғандықтан, соңғы кезде әрбір пәннен бірнеше нұсқада оқулықтар, оқу құралдары шығуда. Дәстүрлі кітаптармен қатар аудио-, видеокассеталар және компактдискілерге жазылған, сонымен бірге электрондық оқулықтар пайдаланып жүр.


4. Жалпы білім - оқушылардың ғылым негіздерін игеру процесі және нәтижесі. Жалпы білім мазмұнына оқытатын пәндердің негізгі үш циклі кіреді: ғылыми-жаратылыс, гуманитарлық, еңбек және дене дайындығы.

Ғылыми-жаратылыстану пәндері (физика, математика, химия, биология, география) табиғат заңдылықтары жайында оқушыларға терең білім беру, олардың ойлау қабілеттіліктерін дамытудың негізгі құралы болады.

Гуманитарлық пәндер (тарих, әдебиет, қоғамтану, түрлі тілдер, экономикалық география) оқушыларды қоғамның даму заңдылықтарымен таныстырады. Әр түрлі тілдер қоршаған шындықты танудың, ойлауды дамытудың, қарым-қатынас жасадың құралы болып табылады. Сондай-ақ гуманитарлық пәндер (әдебиет, тарих, бейнелеу өнері, музыка) оқушылардың эстетикалық талғамын, адамгершілік сезімін қалыптастырады.

Еңбек және дене шынықтыру пәндері оқушылардың денсаулығын нығайтады, түрлі іс-әрекеттерде олар іскерліктер, дағдыларды қалыптастырады. Еңбек сабақтары кәсіптік бағдар беру ісіне үлкен әсер етеді.

Жалпы білім – политехникалық және кәсіби білімнің негізі және олармен тығыз байланысты.

Политехникалық білім берудің мәні - өндірістің барлық процестерінің негізгі принциптерімен таныстыру.

В.И.Ленин 1920ж. политехникалық білім берудің нақты бағдарламасын белгіледі. Онда оқыту үрдісінде электрлі механикалық және химиялық өнеркәсіпке пайдалы, агрохимия негіздерін, электр станцияларын, заводтарды пайдалану жағдайларындағы негізгі ұғымдарды оқушыларға түсіндірудің қажет екені көрсетіледі.

Қазіргі уақытта да оқушыларға политехникалық білім беру радиотехникалық, кибернетикалық, атомдық энергетиканың, генетиканың т.б. ғылым мен техниканың салаларының соңғы жетістіктеріне байланысты оқытылады.

Политехникалық білім оқытудың әр түрлі мектеп сатысында қарастырылады:


  • Бастауыш сыныптарда:

а) түрлі материалдарды пайдаланып, қолмен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдерін меңгеру;

ә) ауылшаруашылық өсімдіктерін мектеп жанындағы тәжірибе учаскесінде өсіру;

б) түрлі оқу көрнекі құралдарын жөндеу, жаңарту, толықтыру;

в) балаларға кейбір мамандықтар жайында кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізу.

- Орта сыныптарда:

а) ағаш және металлды өңдеуді үйрену;

ә) электрониканың, графикалық жұмыстың негіздерімен танысады;

б) халық щаруашылығының басты салалары туралы түсінік алады;

в) кәсіптік бағдар беру жұмысына ерекше көңіл бөлінеді№

- Жоғары сыныптарда:

а) теориялық және лабораториялық сабақтарда ғылым мазмұнының политехникалық деңгейін көтеру;

ә) осы заманғы электрлік есептеу техникасын, оқыту және бақылау машиналарын, компьютерді оқыту процесінде кеңінен қолдану;



б) әр түрлі мамандықтар бойынша еңбекке баулу.

Еліміздегі кәсіптік білім берудің екі сатысы бар: 1. Орта білімді мамандар даярлайтын арнайы оқу орындары (түрлі техникумдар, училищелер, колледждер); 2. Жоғары білімді мамандар даярлайтын оқу оырндары (институттар, университеттер, академиялар, жоғары кәсіптік-техникалық училищелер).

Арнайы және жоғары оқу орындарында кәсіптік білім берудің мазмұны өзара байланысқан үш бағытта құрастырылады:


  • Мамандыққа байланысты теориялықбілім беретін арнайы пәндер;

  • Практикалық білім – кәсіптік шеберлікті меңгеру;

  • Жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық ғылымдардың негіздерін меңгеру.

Кәсіптік білім берудің негізі – жалпы және политехникалық білім. Оқу орнын бітіргеннен кейін әрбір маман курстарда, біліктілікті жоғарлату инститтарында оқып, өз біліктілігін жетілдіреді.
Бекіту сұрақтары:

1. Білім беру мазмұны дегеніміз не?

2.    Білім беру мазмұнының компоненттерін атаңыз.

3.    Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптерін атаңыз.

4.    Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы қашан қабылданды?

5.    Мемлекеттік білім беру стандарты қандай функцияларды атқарады?

6.    Оқу жоспары дегеніміз не?

7.    Оқу бағдарламасы қандай бөлімдерден тұрады?



8.    Оқулыққа қойылатын талаптарды атаңыз.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 13, 26.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет