әрекеттесу формасы, мұнда оқытушы сабақтың басты әрекет ететін тұлғасы болып
табылады, ал студенттер болса баяу тыңдаушылар ролінде болады. Сабақтардағы кері
байланыс сұрау, тесттер, ӛздік және бақылау жұмыстары және т.б. нәтижесінде жүзеге
асырылады. Студенттердің оқу материалын меңгеру кӛзқарасы бойынша баяу әдіс –
тиімді емес әдіс болып есептеледі. Бірақ оның артықшылығы да бар – ол басқа әдістерге
қарағанда сабаққа аса қатты дайындалуды қажет етпейді, шектеулі уақыт ішінде
салыстырмалы түрде оқу материалының кӛп мӛлшерін беру мүмкіншілігі бар. Осы
артықшылығын ескере отырып, кӛптеген оқытушылар аталған әдісті қолданғанын
қалайды. Алайда, шын мәнінде кейбір жағдайларда тәжірибелі педагог қолында бұл әдіс
табысты жұмыс істейді, әсіресе студенттер сабақтың нақты мақсатын біліп, пәннің негізін
оқуға бағытталса, ӛте табысты болады.
Педагог
Достарыңызбен бөлісу: