Қазіргі оқыту технологияларының негіздері



Pdf көрінісі
бет2/20
Дата30.04.2022
өлшемі0,7 Mb.
#32956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
азіргі о ыту технологияларыны негіздері

беру  технологиясы-  білім  беру  стандартында  және  мемлекеттік 

бағдарламаларда  ұсынылған  білім  беру  әрекетін  жүйелі  ұйымдастырудың  тәсілін, 

оның  жалпы  мақсаттық  және  мазмұндық  бағыттарын,  ұйымдастыру  құрылымы  мен 

формасын  түсіндіреді,  ортақ  білім  беру  кеңістігіндегі  дамудың  жалпы  стратегиясы. 

Білім  беру  технологиясының  мақсаты-педагогикалық  жүйені  жетілдіру  болып 

табылады. 



      Оқыту технологиясы- педагогикалық технология түсінігіне жақын, яғни ол белгілі 

бір пән шеңберінде педагогикалық технология сұрақтарын, тақырыптарын, нақты оқу 

материалын меңгеру жолын бейнелейді. Сонымен қатар оқыту технологиясы қойылған 

мақсатты  қамтамасыз  етуде  оқыту  әдістерін,  құралдарын,  формалар  жүйесін 

қарастырады. Оқыту технологиялары аумағын зерттеп, оның нәтижелерін талдай келе 

педагогика  ғылымдарының  докторы  В.В.Гузеев  негізгі  тӛрт  идеяны  белгіледі: 

дидактикалық  бірліктерін  бекіту;  оқыту  қорытындысын  жоспарлау  және  білімді 

саралау; білім беру процесінің психологиясы; компьютерлендіру. 

      Педагогикалық  технология-  білім  беру  технологиясын  жүзеге  асырумен 

түсіндіріледі, оған нақты пәнге байланысты емес,оқу-тәрбие процесін жүзеге асыратын 

заңдылықтар  тән.  Педагогикалық  технология  ғылым  мен  практиканың  басқа  да 

салаларында  кеңінен  таралған,    әр  түрлі  арнайы  технологияларды,  жаңа  ақпараттық 

технологиялар,  электрондық  және  т.б.  біріктіреді.  Педагогикалық  технология 

педагогтар жеке басының шығармашылық күш-қуатын ӛрістетуді қамтамасыз етудегі, 

адамаралық  және  іс-әрекеттегі  қарым-қатынасты  рухани  жоғарлатудағы,  кәсіби 

еңбекте адамгершілік жүйе болып табылады. 



   Оқытудың жаңа технологиялары ғылымға және тәжірибеге негізделген әр түрлі білім 

саласын  кең    түрде  игеруде,  оларды  іс  жүзінде  пайдаланғанда  аумағы  кең,  жаңа 

мәліметтер мен күнделікті іс әрекеттегі ұсыныстарды іске асыруда аса пайдалы.  

    Жаңа  білім  беру  технологиясын  іске  асырудың  қажетті  шарты  ретінде  мынадай 

әдіснамалық принциптерге міндетті түрде баса кӛңіл аудару аса маңызды: 

 



Мұғалімнің педагогикалық кәсіби қабілетіне сену принципі; 


 

Оқытудың  кез-келген  уақыт  аралығында  берілген  пәннен  студенттің  кепілді 



дайындығының болу принципі; 

 



Оқу процесінің модульдік жобалау принципі; 

 



Ұйымдастыру  және  оқыту  технологияларын  қолдану  мен  қалыптастырудағы 

мәліметтердің дұрыстығы, шындыққа сәйкестілік принципі

 

Жаңа  технологияны  жобалаудағы  мазмұндық,  бірізділік,  мотивациялық 



жақтарының бірлігі принципі. 

 

  



 

 

 



      Бақылау сұрақтары: 

1.  Оқытудың  жаңа  технологияларын  зерттеген  қандай  қазақстандық  ғалымдарды 

білесіңдер? 

2.  Қазіргі  оқыту  технологияларының  мақсаты  және  олардың  дәстүрлі  оқыту 

жүйесінен айырмашылығы неде? 

3.  Оқытуды технологияландыру бағыттары мен негізгі белгілері қандай? 

4.  Педагогикалық технологияларды оқып-білуде оқушылар неге үйренеді? 

5.  Жаңа  білім  беру  технологияларын  іске  асыруда  қандай  принциптерге  назар 

аударылады? 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



                         Технология мен оқыту әдістемесінің ӛзара байланысы. 

 

1.Педагогикалық  процесс  түрінде  белгілі  бір  қағидалар  жүйесіне  негізделген 



педагогикалық  технология  іс-әрекеттің  ішкі  және  сыртқы  байланысын  кӛрсететін,  осы 

принциптің  негізінде  қарым-қатынасы,  педагогтың  жеке  дара  ӛзіндік  ерекшелігінің 

біртұтас  бірлігі  ретінде  қарастырылады.  Осыған  байланысты  педагогикалық  технология 

мен  тәрбие  жұмысының,  сабақ  беру  әдістемесінің  арасындағы  ерекшеліктерді  кӛрсетуге 

болады.Оқу  процесіндегі    әдістемелік  және  технологиялық    әдіс-тәсілдер  арасында 

айырмашылық  жоқ  сияқты  болып  кӛрінеді.  Бірақ  екеуі  екі  бӛлек  ұғым  және  «әдістеме» 

технологияға қарағанда мағынасы әлде қайда кең ұғым болып саналады.  

      Әдістеме-  әдістер  кешені  мен  педагогтың  жеке  даралық  қабілеті  негізінде 

қарастырылады.  Әдістеменің  пәні  –  білім  берудің  мақсатын,  мазмұнын,  оқу  процесінің 

ұйымдастыру әдістерін, түрлерін, құралдары мен тәсілдерін қамтитын әдістемелік жүйе. 

  Басқаша айтқанда, әдістеме негізгі үш сұраққа жауап беруді қарастырады, не үшін, неге 

және  қалай  оқыту  керек?    Ал  технология  мақсатқа  жетудің  нақты  іс-әрекетін,  оның 

жолдарын  қарастырады,  сондықтан  да  «технология»  ұғымы  жоғарыда  берілген  үшінші 

сұраққа ғана жауап береді. 

   Мұны ғалым К.Ӛстеміров «Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары» 

атты еңбегінде тӛмендегі суреттегідей қарастырады. 

                                             

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

    Педагогикалық  технологияның  әдістемеден  ерекшелігі  мазмұны  мен  қызмет 



жолдарына,  әрі  педагогикалық  процеске  қатысатын  тәрбиеленушілерге  де  байланысты. 

Педагогикалық  процестің  сапасы-  оқушының  жеке  ерекшелігіне,  дамуына  бағытталған 

ықпалдарының тұтастығын қамтиды. 

 

 



 

   2. Технология мен оқыту әдістемесі арасындағы айырмашылық. 

Педагогикалық  технология  мен  оқыту  әдістемесінің  арасындағы  ерекшеліктерді 

салыстыра  отырып,  бірқатар  авторлар  технология  мен  әдістемелер  арасындағы 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет