Қазіргі отбасының психологиялық МӘселелері жорабекова Д. А. ғылыми жетекшісі пс.ғ. к. Айтышева А. М



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі211,88 Kb.
#242

http://www.enu.kz

 

ҚАЗІРГІ ОТБАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 



 

Жорабекова Д.А.  

ғылыми жетекшісі пс.ғ.к. Айтышева А.М. 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 1курс магистранты 

http://www.enu.kz

 

 

Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас 

болып    ұштасатын  кешенді  әлеуметтік  құбылыс  болып  табылады.  Сондықтан  да 

әлеуметтік құбылыс бола отырып, ол адамзат өмір сүру жағдайына қарай құрылып, оның 

дәстүрлері  мен  әдеттері  ғасыр  өткен  сайын  жаңа  сипатта  көрініс  береді.  Отбасын 

әлеуметтану  ғылымында  былай  деп  көрсетеді  «отбасы  дегеніміз  –  тарихи  өзгеріп 

отыратын  әлеуметтік  топ,  оның  жалпы  белгілері  –  бөтен  адаммен  жыныстық  байланыс 

орнату,  туысқандық  қатынастар  жүйесі,  адамның  жеке-дара  адамгершілік  сапаларын 

қалыптастырып  дамыту,  белгілі  бір  экономикалық  қызметті  іске  асыру»[1,24б].  Яғни, 

адамзат  отбасын  құра  отырып,  сол  шағын  мемлекетке  әлеуметтенеді,  отбасылық 

құндылықтар  қалыптастырады  және  әдет-ғұрып  дәстүрлерін  дамытады.  Отбасының 

жоғарыда  келтірілген  анықтамасы  бойынша,  ол  -  отбасындағы  қатынастар,  отбасының 

құрылымы  мен  формасы  тарихи  өзгеріп  отыратын  әлеуметтік  топ.  Жазушы-педагог  Ж. 

Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, 

бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не 

жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек», - дейді [2]. 

Қысқаша социология сөздігінде “халық денсаулығы”  терминінің түсінігі: 

1.Адамның толық өмір сүре алуының көріністері; 

2.Физиологиялық  кемшіліктердің  болмауы  немесе  аурудың  жоқтығы  ғана  емес, 

физиологиялық, рухани және әлеуметтік күйлердің тең болуы; 

3.Организмның табиғи күйі, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасы[3]. 

Психологиялық  денсаулық  термині  дүние  жүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымымен 

енгізілген.Психоәлеуметтік  жағдайдың  қалыпты  дамуы  ата-ананың  қатысуымен  тікелей 

байланысты.  Баланың  эмоционалдық  қажеттіліқтеріне  назар  аударып,  әнгімелесіп  және 

ойнап,    тәртіпті  сақтатып,  қажетті  бақылауды  жүзеге  асырып  және  жанұяға  қажеттi 

материалдық  қаржылармен  қамтамасыз  етедi.  Сонымен  қатар,  балаға  тәуелсіздік  және 

дербестік  беру  керек,  үйден  бөлек  жерлерде  басқа  балдар  мен  үлкендермен  араласуға 

жағдай жасау қажет 

Отбасы  психологиясының  өзекті  мәселелерінің  бірі  отбасындағы  жанжал  мен 

дағдарыстар  болып  табылады.Отбасылық  жанжалдардың  ықпалы  -  көп  жағдайда 

негативтік  деструктивтік  сипатқа  ие.  Позитивтік  конструктивтік  ықпалы  өте  сирек 

кездеседі.  Тұлға  мен  отбасының  психикалық  денсаулығына  тұлғааралық  және 

отбасыаралық 

қарым-қатынастар 

әсер 

етеді. 


Соның 

ішінде, 


ерлі-

зайыптылардыңайналыстын  кәсіби  іс-әрекеті,  балаларының  оқуының  тиімділігі,  балалар 

мен ата-аналардың тұлғалық өсуі, балаларды тәрбиелеу, тұтастай отбасылық өмір отбасы 

мүшелерінің психикалық денсаулығына тікелей ықпал етеді. 

Осыған байланысты, психологиялық себептеркелесідей компоненттерден тұрады: 

  1.Негізгі  тұлғалық  факторлар:  жұбайлардың  психологиялық  кемелденбеуі, 

эгоцентризм,  психосексуалдық  дамудың  ертеректегі  шағына  оралу,  адекватсыз 

сәйкестілік,  тұлғаның  негативтік  эмоционалдық  қасиеттері  (сенімсіздік  білдіру, 

көреалмаушылық,  кінә  сезімі,  қызғаншақтық,  алаңдаушылық  және  т.б.),сенімсіздік,  өзін-

өзі  төмен  бағалау,  агрессивтілік,  күшті  тұлғаның  ішкі  қақтығысы,  ерте  балалықтағы 

травмалар, талаптану деңгейінің шектен тыс жоғары болуы және т.с.с. 

2.Тұлғааралық  факторлар:  отбасылық  қиындықтардың  туындау  себебі  серігінің 

шынайы жүріс-тұрысының ол туралы күткен нәтижелерге сәйкессіздігі, билік үшін күрес, 

өзара ауыстырулар, мінездердің ұқсамауы, үйлеспеуі, қалаулардың, қызығушылықтардың, 



http://www.enu.kz

 

талғамдардың  әртүрлілігі,  ата-ана  отбасындағы  тұрақсыз  қарама-қайшы  тәрбиелеу 



стильдері,серігін  жартылай  немесе  толық  қабылдамау,  өз  баласын  қабылдамау, 

отбасындағы  қатынастардағы  қарқынды  қақтығыстар,  алшақтық,  қарым-қатынастағы 

қиындықтар,  отбасының  рөлдік  құрылымының  өзгеруі,  неке  отбасылық  өмір  туралы 

хабардар 

болушылық 

деңгейітөмендігі,ата-аналық 

қамқоршылықтың 

жетіспеуі, 

депривация,  тұлғалық  даму  мен  топтық  даму  арасындағы,  отбасылық  нормалар 

арасындағы қарама-қайшылықтар,отбасына, жұмысқа көзқарасындағы айырмашылықтар, 

қиын және отбасылық жағдайларды шешудегі әртүрлі келіспеушіліктер. 

3.Обьективтік  ситуативтік  іс-әрекеттік  факторлар:  іс-әрекеттің  шиеленіскен 

сипаты,  қатаң  тәртіп,  туғандарымен  мәжбүрлікпен  айырылысуға  тура  келу  факторы, 

әйелінің  жұмысы,  балаларының  оқуының  ауысуының  факторлары,  отбасының 

материалдық-тұмыстық жағдайларының нашар қамсыздануы. 

4.Субьективтік-ситуативтік  іс-әрекет  факторлары:  ұжымдардың  гомогендік 

сипатының  факторлары,  бағынушылық  пен  үстемділік  қатынастар  факторы,  жұмыстағы 

агрессивтік сезімдерді гиперкомпенсациялау факторы т.с.с. 

Психологтардың  пайымдауынша,  некенің  табысты  болуы  жастардың  болашақ 

отбасы мүшесі ретінде өздерінің отбасындағы рөлдерін қалай елестететініне, бұл елестің 

қаншалықты  сәйкес,  нақты  екеніне  байланысты  болады.  Отбасындағы  рөл  адамның 

қоғамдағы әлеуметтік рөлдерінің бірі. Отбасындағы рөлдер индивидтің отбасы тобындағы 

орны  мен  функциясымен  анықталады  және  ең  алдымен  жұбайлық,  ата  аналық,  балалық, 

ұрпақаралық,  ұрпақішілік  рөлдерге  бөлінеді.Неке  және  отбасылықмәліметтердің  өзіндік 

ерекшеліктері  бар,  сондықтан  адамдардың  бұл  туралы  мәліметтері  сәйкес 

келмейді.Бірінші ерекшелік әрбір адамның отбасы және неке туралы мәліметі уақыт өткен 

сайыннақтырақ,  толығырақ  бола  түседі,  себебі  қазіргі  отбасы  ғасырлар  бойына 

қалыптасқан  ролдік  схемаға  сай  келмейді.Екінші  ерекшелік  -  неке  және  отбасылық 

мәліметтер  адамның  қиялындағы  елестен  мүлдем  басқаша,  көбінесе  олар  отбасылық 

өмірдің қандай да бір жағымен ғана шектеледі,  шаруашылық тұрмыстық, не сексуалдық 

жағынан  басымырақ  болады.  Үшінші  ерекшелік  -  жас  жұбайлардың  пікірлерінің 

келіспеушілігі  бір  бірінің  пікірлерін  жөнді  білмеуіне  байланысты  шиеленісіп,  тереңдеп 

кетуінде.  Мұның  себебі,  біріншіден,  неке  алдындағы  көңіл  білдіру  кезінде  отбасы 

қатынастарының тақырыбы талданбайды, екіншіден, некеге дейінгі көңіл білдірудің қысқа 

мерзімінде  бір-бірінің  неке  және  отбасы  туралы  пікірлерін  анықтауға  мүмкіндік 

болмайды. 

Отбасылық тәрбиесіз баланың үйлесімді дамуы мүмкін емес, бұл тәрбие қоғамдық 

тәрбиемен  бірлесіп,  нығая  түсуі  керек.  Отбасы  мен  қоғам  бір  жүйенің  кіші  және  үлкен 

үлгілері.  В.Сатир  жазғандай:  «Отбасы  қоғамдағы  біріктіретін  күш  болуы  керек,  оның 

алатын кеңістігі мен мүшелерінің санының шағындығы соншалықты, олар бір бірі туралы 

бәрін білетін, тіпті бір бөлмеге-ақ сыйып кететін қоғамның санаулы одақтарының бірі»[4].  

Отбасының  алғашқы  өмір  сабақтары  балаға  әрекет  жасаудың  нұсқауы  ретінде 

әлеуметтік  ақпаратты  таңдап  қабылдауға,  өңдеуге  меңгеруге,  не  қабылдамауына  негіз 

болады. Балаға отбасы тарапынан әсер ету үдемелігі мен нәтижелілігі бойынша теңдессіз. 

Себебі, ол үздіксіз, бір мезгілде жүзеге асады, қалыптасып келе жатқан тұлғаға жан жақты 

әсер етеді, көп жылдар бойына жалғасады. 

Отбасылық тәрбие айрықша, сондықтан өзінің келесідей ерекшеліктері бар: 

 



Үздіксіздік; 

 



Тәрбиелік әсер етудің көп фаторлылығы мен қайшылығы; 

 



Тәрбиелеуші микроортаның салыстырмалы тұйықтылығы; 

 



Тікелей әсер ету; 

 



Қарым қатынастың жекелігі; 

 



Өзара қарым қатынастың табиғилығы және көпқырлылығы.  

http://www.enu.kz

 

Отбасылық  тәрбие  дегеніміз  ата-ананың  баласының  рухани  және  дене  бітімінің 



қасиеттерін  саналы  түрде  қалыптастыру  үрдісі[5].  Ұстаным  деген  қандай  да  бір 

теорияның, ілімнің, дүниетанымның теориялық бағдарламаның түпкі қағидасы.  

Отбасылық тәрбиенің келесідей ұстанымдары бар: 

 



Мақсат белгілеу; 

 



Тәрбиенің әлеуметтік бағдары; 

 



Тәрбиенің өмңрмен байланысы; 

 



Тәрбиелік үрдісті жобалау мен болжау; 

 



Отбасылық және қоғамдық тәрбие бірлігі

 



Тәрбиелеу үрдісінің өзгергіштігі және басымдылығы; 

 



Жағымды эмоционалды ая; 

 



Бала тұлғасының даму ерекшеліктерін ескеру; 

 



Тәрбие тұрғысындағы талаптардың бірлігі

 



Тәрбиеленушінің қызметке араласуы. 

Ата-ананың  нұсқаулары,  не  көзқарасы  бұл  ата-ана-  бала  қарым-қатынасының 

едәуір зерттелген аспектілерінің бірі. Ата-ананың нұсқаулары дегеніміз ата-ананың балаға 

деген эмоционалдық қатынасының жүйесі, не жиынтығы, ата ананың баланы қабылдауы 

және  онымен  қарым-қатынас  тәсілдері.  Ата-ана  нұсқауының  синонимі  ата  ананың  стилі 

болып табылады. 

А.Болдуин  ата-аналық  тәрбие  практикасының  екі  стилін  бөліп  көрсетеді: 

демократиялық  және  қадағалаушы  [6].  Демократиялық  келесі  көрсеткіштермен 

анықталады:қарым қатынастың жоғары деңгейі, бірлесіп мәселені талқылау, балаға көмек 

беруге  әр  кез  даярлықтың  болуы.  Қадағалаушы  стилде  ата  аналары  бала  әрекеттерін 

едәуір шектеп отырады.  

Тәрбиелеудің  демократиялық  стилі  қолданылатын  отбасындағы  балалар  лидерлік 

қабілетінің болуымен басқа балаларды қадағалауға ұмтылуларымен ерекшеленеді, оларға 

альтруизм,  эмпатия  тән  емес.  Ал  тәрбиелеудің  қадағалаушы  стилін  қолданған  отбасы 

балалары көнбіс, қорқақ болып келеді.   

Сонымен  қорытындылай  келе,  психикалық  денсаулығы  толыққанды  тұлғаны 

тәрбиелеу  үшін  отбасымен  ұйымдастырылатын  жұмыстарды  жүргізуде  психологкелесі 

мәселелерге ерекше мән бергені жөн деп санаймыз: 

 

Ата-аналардың психологиялық сауаттылығын көтеру; 



 

Жас ата-аналарды тәрбиені жоспарлы, әрі жүйелі ұйымдастыруға үйрету; 



 

Балалармен  қарым-қатынастағы  ата-аналардың  тұлғалық  мәселелері  мен 



ерекшеліктері. 

Аталған  мәселелерді  шешу  үшін  мектептерде,  балалар  ұйымдары  мен  білім  беру 

мекемелерінде арнайы тренингтер мен семинарлар, ата-аналарға арналған психологиялық 

оқулар ұйымдастырып отырған дұрыс.  

 

Әдебиет 

1.Шибутани Т.Социальная психология. -Ростов –на Дону, 1998.- С. 538. 

2.Жарықбаев Қ. ЖүсіпбекАймауытұлыныңпсихологиялықкөзқарастары.- Алматы, 2000. 

3.Доклад Комитета экспертов Всемирной организации здравоохранения (ВОЗ) 1979 года: 

Психическое здоровье и психосоциальное развитие детей. 

4.Лидерс А.Г. Психологическое обследование семьи – М., 2006. 

5.Эйдемиллер Э.Г., Юстицкий В.В. Семейная психотерапия, СПб,Питер,2000. 

6.Болдуин А. Психическое развитие ребенка.-М. , 2000.



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет