Тақрыбы «Теңге- тәуелсіздік келбеті» Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен таныстыру,төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру. .
Көрнекілігі: презентация, сөзжұмбақ, теңгелер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Түні нұрлы, ақ таңы,
Жері гүлдей бақтағы
Ел ырысы- тайқазан,
Төл теңгеміз қақпағы.
Қазанымыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
«Ел тірегі - төл теңге!»
Деп құрметтер оны жұрт.
ІІ. Оқушыларды 3 топқа бөлу (теңге, доллор, евро)
ІІІ. Сөзжұмбақ шешуарқылы сабақтың тақырыбын ашу, мақсатымен таныстыру.
Т
и
м
у
р
О
н
б
е
с
Е
л
т
а
ң
б
а
А
н
г
л
и
я
т
о
қ
с
а
н
б
е
с
Сұрақтары: 1. Теңгені жасаушы дизайнердің есімі?
2. Ұлттық валюта күні?
3. Тиында не бейнеленген?
4. Теңгенің алғашқы нұсқасы қай елде шықты?
5. ҚР- ның Конституциясы қабылданған жыл?
ІV. Оқушыларға бейне- баян көрсетіледі. (Теңгенің шығу тарихы бойынша)
Теңгенің айналымға келу тарихымен танысайық. Олай болса, келесі «бейне-баянға» назар аударыңыздар.
V. Әр топ постер құрап, топтан бір адам ортаға шығып қорғайды.
1- топ: Теңге дегеніміз не?
2- топ: Ұлттық валютаның қызметі?
3- топ: Теңге не үшін қажет?***
VІ. Джигсо әдісібойынша оқушыларға теңге туралы қысқа- қысқа мәтіндер беріледі.
Оқушылардың әрекеті: оқиды, талдайды, талқылайды, бір- біріне сұрақтар қояды, өз ойларын айтады.
Мәтіндер: VІ. Джигсо әдісі бойынша оқушыларға теңге туралы қысқа- қысқа мәтіндер беріледі.
Оқушылардың әрекеті: оқиды, талдайды, талқылайды, бір- біріне сұрақтар қояды, өз ойларын айтады.
1. топ: «Теңге» Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі - ұлттық валюта.Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына , халық байлығы.
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасалған.
Теңге өмңірге оңайлықпен келген жоқ. Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды. Қазақстан аймағында ерте кезеңде қандай ақша болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздестірілді. Ұлттық валютамыз теңгені жасап шығаруға байланысты жұмыстар жүргізілді. Бірнеше эскиздер жасалып , ішіндегі « мықтылары »Елбасының таңдауына берілді. Елбасының берген тапсырмасына сәйкес ұлттық валюта 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізіліп , елдің қолына тиіп , ел мәре – сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.
Биыл теңгеміздің айналымға шыққанына 29 жыл болды. Қазақ теңгесі Англияда басылды. Теңгенің 16 – ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар.Ұлттық валютамыздың дизайның жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды. Төл теңгеміз тек өз еліміздің экономикасын ғана емес, көрші жатқан елдің экономикасына да үлесін қосты. Одан түскен пайда елге оралып экономикамыздың дамуына , халықтың тұрмысын жақсартуға жұмсалуда. Теңге - біздің дербес ел болғанымыздың белгісі . Басқаның валютасына тәуелді болу - барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігіміздің қамтамасыз етеді