Педагогикада «технология» ұғымының қолданылатын салалар.
Бүгінгі педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда.
• Қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді.
• Нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В. В. Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиясы т. Б.)
• Қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс – тәсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.
Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық енгізбейді. Екінші анықтамада бір сөздің орнына екінші сөзді қойған. Бұрын В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, Л, В. Занков т. Б. әдістемесі десе, қазір технологиясы дейді.
Екінші анықтамада «технология» ұғымы өндіріс саласынан педагогикаға алғаш енген кездегі мағынасын жоғалтады.
Екінші анықтамада «технология» ұғымы өндіріс саласынан педагогикаға алғаш енген кездегі мағынасын жоғалтады.
Сондықтан үшінші анықтама дұрыс, себебі ол өндірістік технология ұғымына жақын. Технология дегеніміз өндірістік процесті және оның тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технолгияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? Білім – оқыту мен тәрбие деген анықтамаға сүйенсек, онда болмайды. Оқыту мақсаты – оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс – әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге болады. Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін.