«Қазіргі оқу-тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиялары» Орындаған: Нұржігіт Мақсат



бет3/5
Дата01.11.2023
өлшемі325,98 Kb.
#121353
1   2   3   4   5
Байланысты:
Н. Мақсат

Тәрбиеде жағдай басқаша. Бұл салада технологиялық жоба арқылы керекті қасиеттерді алу мүмкін емес деген пікірлер бар. Себебі адамға неше түрлі жағдайлар әсер етеді. Сонымен тәрбие процесінде бір сапаны қалыптастыруды мақсат етіп, оның технологиясын жасау мүмкін емес. Ол технологияны тексеретін нақты құралдар жоқ.

Педагогикалық технология – практикада іске асатын, нақтылы педагогикалық жүйе, жоба деп анықтама береді Б.А.Беспалько. Педагогикалық жүйені, тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін, арнайы ұйымдастырылған мақсатты, бір-бірімен өзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады. Оқытудың технологиялары –дидакттиканың құрамдас процессуалды бөлігі.

Педагогикалық технология – практикада іске асатын, нақтылы педагогикалық жүйе, жоба деп анықтама береді Б.А.Беспалько. Педагогикалық жүйені, тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін, арнайы ұйымдастырылған мақсатты, бір-бірімен өзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады. Оқытудың технологиялары –дидакттиканың құрамдас процессуалды бөлігі.

Тәрбие әрқашанда барлық халықтар үшін қоғамның рухани өмірінің құбылысы. Тәрбиенің гуманистік парадигмасының мәні баланы адам өмірінің ең жоғары құндылығы ретінде қарастыру. Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды және көкейкесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып,

белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеяалық және құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды.

Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.

Қазіргі қоғам жастарын тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық санасы дамыған, көп мәдени тұлғаны қалыптастыру болып саналады. Тәрбиенің барлық түрлері мектептің тұтас педагогикалық процессінде ғылым негіздерін үйренуде, сонымен қатар отбасында да жүзеге асады. Оқушылар мектептегі білім мен тәрбие алған барлық жылдары бойы адамзат еңбегімен құрастырылған өмір мен мәдениет құңдылықтарымен танысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет